Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет83/124
Дата12.10.2023
өлшемі0,75 Mb.
#184989
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   124
Байланысты:
Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологияс-emirsaba.org

Бақылау сұрақтары:
  1. Жүректiң құрылысы, жүрек қақпақшалары.


  2. Жүрек етiнiң құрылым ерекшелiктерi және физиологиялық қасиеттерiне сипаттама берiңiз.


  3. Жүрек биотогы, ЭКГ сипаттама.


  4. Жүрек циклi, кезеңдерiн атаңыз.


  5. Жүрек жұмысын реттейтiн механизмдердi атаңыз.




Лекция 20 тақырып. Жүрек, қан тамырлар жүйесі


Лекция жоспары:
1. Қанның ағу себептерi.
2. Қан қысымы және оған әсер ететiн факторлар.
3. Тамырлар арнасының реттелуі.
4. Лимфа сұйықтығы және оның маңызы


1. Тамырлар арқылы қанның ағу себептері.
Қанның қан тамырларымен ағуының себептерiн, заңдылықтарын және механизмiн зерттейтiн iлiмдi гемодинамика деп атайды.
Гемодинамика заңдылықтары бойынша тамырдан өтетiн қанның мөлшерi мен жылдамдығы екi себепке- тамырдың басы мен соңындағы қысым айырмасына және гидродинамикалық кедергiге, қан тамырлары арнасының мөлшерiне, қанның тұтқырлығына және ағу сипатына қарай өзгерiп отырады.
Q=P1-P2/R
Қан тамырлары атқаратын қызметiне қарай амортизациялық, кедергiлiк, сфинктерлiк алмасу, сиымдылық және шунттық болып бөлiнедi.
Амортизациялық тамырлар деп-қанның бiр қалыпты тоқтаусыз жылжуын қамтамасыз ететiн ең iрi магистралдiк артерияларды айтады.
Кедергiлiк (резистивтiк) тамырлар, прекапиллярлық және посткапиллярлық болып бөлiнедi. Осы пре- және посткапилярлық тамырлардағы тонустық мөлшерiне қарай капиллярлардағы гидростатикалық және фильтрациялық қысым деңгейi және тамыр ұлпа арасындағы алмасу қарқыны қалыптасады. Шеткi кедергiлер осы тамырларға байланысты.
Сфинктерлiк тамырлар- (қысқыш) тамырларға прекапилярлық артериолдардың соңғы бөлiмдерi жатады. Олардың жиырылуы не босаңсуы нәтижесiнде қызметке қосылатын капиллярлар саны, алмасу кеңiстiгiнiң мөлшерi өзгерiп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет