Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша


Қан арқылы газддардың тасымалдануы



бет91/124
Дата12.10.2023
өлшемі0,75 Mb.
#184989
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   124
Байланысты:
Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологияс-emirsaba.org

Қан арқылы газддардың тасымалдануы. Қанның газдық құрамы күрделі. Артерия қанында 18-20 көлем пайыз оттегі (100 мл қанда 18-20 мл оттегі), 40 көлем пайыз көмір қышқыл газы жане 1 қөлем пайыз азот болады. Вена қанында 12 қөлем пайыз оттегі, 50-56 көлем пайыз көмір қышқыл газы жане артерия қанындағы мөлшерде азот болады. Қалыпты жағдайда қанда оттегінің 0,3 көлем пайызы, ал көмір қышқыл газдың 2,7 көлем пайызы ғана еріген күйде тасымалданады. Бұл газдардың негізгі мөлшері химиялық қосылыстар түрінде тасымалданады деген сөз.
Оттегі қан арқылы гемоглобинмен қосылыс түрінде (оксигемоглобин – HвO2) тасымалданады. Қалыпты жағдайда 1 г гемоглобин 1,34 мл оттегіні қосып алады. Оттегімен қаныққан 100мл қандағы оттегі мөлшері қанның оттектік сыйымдылығы деп аталады. Қанның оттегімен қанығу деңгейі тек гемоглобин мөлшеріне ғана емес, оттегінің үлес қысымының деңгейіне байланысты да өзгереді. Оттегінің үлес қысымы төмен болса, оксигеомоглобин баяу әрі аз мөлшерде түзіледі. Қысым с.б. 10 мм-ге жеткенде гемоглобиннің 55 пайызы, 62 мм-ге жеткенде – 90 пайызы, ал 100-мм-ге жеткенде – 96 пайызы оксигемоглобинге айналады. Қалыпты жағдайда артертия қанындағы оттегінің үлес қысымы с.б. 95-100 мм тең, демек қандағы барлық гемоглобин оксигемоглобин түрінде болады. Жоғарыда келтірілген деректер оттегінің меншікті қысымының 60-100 мм аралығында ауытқуы түзілген оксигемоглобин мөлшерін онша көп өзгерте қоймайтынын байқады. Осының нәтижесінде атмосферада оттегінің мөлшері 10 пайызға төмендегеннің өзінде тыныс айтарлықтай бұзылмайды.
Тыныс алу үдерісіне қатысатын екінші газ – көмір қышқыл газының тек қана 2,7 көлем пайызы еріген күйде, 4-5 көлем пайызы гемоглобинмен қосылыс түрінде (HвCO2) тасымалданады да, негізгі бөлігі бикарбонаттарға айналады. Қанды еріген көмір қышқыл газы тыныс алу жане қан айналым үдерістерін реттеуде, капиллярлардағы зат алмасуда зор рөл атқарады.
Ұлпаларда түзілген көмір қышқыл газы ұлпалық сұйық арқылы қан плазмасына өтіп, одан кейін эритроциттердің ішіне енеді де, карбогидраза ферментінің ықпалымен суға қосылып көмір қышқылы (H2CO3) түзіледі. Бұл қосылыс қышқылдық қасиеттері жағынан қалпына келген гемоглобиннен(оттегінен ажыраған гемоглобиннен) басым, сондықтан ол сілтілік радикалды (K+) өзіне тартады. Бұл үдерісті төмендегіше бейнелеуге болады.
KвHO2 + H2CO3= HHв + O2 + KHCO3
Cонымен, көмір қышқыл газын эритроциттер калий бикарбонаты түрінде тасымалдайды. Эритроцит мембранасы көмір қышқыл газын жақсы өткізетін болғандықтан оның ішінде көмір қышқылының концентрациясы өсе түседі. Бұл қышқыл H+ және HCO-3 иондарына ажырайды да, HCO-3 иондарының артық мөлшері плазмаға шығады, олардың орнына плазмадан эритроциттерге Cl-ионы енеді. Осының нәтижесінде плазмада Na+иондары босап, олар HCO-3иондарымен қосылады да, натрий бикарбонаты түзіледі. Демек, плазма арқылы көмір қышқыл газы натрий бикарбонаты NaHCO3 түрінде тасымалданады.
Дене торшалары оттегіні қарқынды сіңіреді. Торшаға өткен оттегі тотығу үдерісінде пайдаланылады да, ұлпаларда бұл газдың үлес қысымы нөлге дейін төмендейді. Ал ұлпа сұйықтығындағы оттегінің үлес қысымы с.б. 20-40мм аралығында қалыптасады. Оттегінің қаннан ұлпалық сұйыққа өтуінің нәтижесінде оның вена қанындағы үлес қысымы с.б.40мм дейін төмендейді. Демек, артерия қанындағы оттегі түгелымен ұлпаға өтпейді, оның тек 40 пайызы ғана ұлпаларға беріліп, вена қанында 12 көлем пайыз оттегі сақталады.
Ұлпалардың оттегіні сіңіру қабілеті ағзалардың физиологиялық күйіне байланысты өзгеріп отырады. Әрекет үстіндегі ағзалардан ағып шыққан қан құрамында тыныштықтағы мүшелерге қарағанда оттегі мөлшері азырақ болады. Артерия қанындағы оттегінің пайызбен өлшегенде ұлпаларға өтген мөлшерін оттегіні пайдалану коэффициенті деп атайды. Оны анықтау үшін артерия қаны мен вена қанындағы оттегі мөлшерінің айырмасын есептеп тауып, оны 100-ге көбейтеді де, оттегінің артерия қанындағы мөлшеріне бөледі. Бұл коэффициент тыныштық жағдайда 30-40пайыз, ауыр жұмыс атқарғанда -50-60 пайыз құрайды. Ағзалардың оттегіні сіңіру қабілеті қан айналымға қосылған капиллярлар санына қарай өзгеріп отырады. Әрекет барысында түзілетін сүт қышқылы, көмір қышқылы сияқты өнімдер мен температураның жоғарылауы ағзалардың оттегіні сіңіру қабілетін күшейтіп, оның пайдалану коэффициентін жоғарылатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет