Бақылау сұрақтары
Газдардың тасымалдануы, қан құрамындағы газдар.
Тыныс алудың реттелуi қалай жүредi.
Құстардың тыныс алу ерекшелiктерi.
Лекция жоспары:
Ас қорытудың мәнi мен маңызы.
Ас қорыту мүшелерiнiң қызметi мен зерттеу әдiстерi.
Ауыз қуысындағы ас қорыту.
Қарындағы ас қорыту.
5. Жануарлардың қарнындағы ас қорыту ерекшеліктері.
6. Ішектегі астың қорытылуы мен сіңірілуі
Лекция түрі: ақпараттық
Тіректік ұғымдар: «ас қорыту сөлдері», «ферменттер», «ас сiңiру механизмi»
1. Ас қорытудың мәнi мен маңызы.
Тiрi организмнiң қалыпты тiршiлiгi үшiн сыртқы ортадан үнемi қоректiк заттар келiп тұруы қажет. Ас құрамындағы қоректiк заттар организмде ұлпалардың жаңарып тұруын, клетка түзілуiн, өсiп-өнуiн, дамуын қамтамасыз ететiн құрылыс материалы, қуат көзi болып табылады.
Ас қорыту деп сыртқы ортадан организм қабылдаған қоректiк заттар-дың күрделi қосылыстарының қарапайым заттарға айналуын айтады.
Ас қорыту жолында қоректiк заттар физикалық, химиялық, биоло-гиялық әсерлерге ұшырап, кiшi молекулалы, суда жеңiл еритiн, организмге жеңiл сiңетiн қосылыстарға айналады.
Жоғарғы сатыдағы организмдердiң ас қорыту мүшелерi кұрделi эволюциялық даму жолынан өткен. Осыған байланысты ас қорытудың бiрнеше түрін ажыратады.
1. Клеткалық ас қорыту. Қоректiк заттар клетка iшiнде қорытылуы жүредi.(Фагоцитоз және пиноцитоз).
2. Клеткадан тыс ас қорыту. Ферменттер клеткадан бөлiнiп, қоректiк заттарға әсер етедi. Мысалы, ас қорыту жолдарының қуысында (қуыстық ас қорыту) немесе организмнен тыс (өрмекшiлер).
3. Мембрандық ас қорыту. Ас қорытудың бұл түрi клеткалық және клеткадан тыс ас қорыту түрінiң аралық түрi. Мембрандық ас қорыту клеткалардың сыртқы бетiнде олардың қабығына жабысқан, немесе сол мембрананың құрамына енетiн ферменттердiң әсерiмен жүредi.
Ас қорыту жүйесiне ауыз қуысындағы ағзалар, жұтқыншақ, өңеш, қарын, он екi елi iшек, аш iшек, тоқ iшек, сөл бөлетiн бездер және бауыр кiредi.
Достарыңызбен бөлісу: |