4. Липидтердiң алмасуы және оның реттелуi
Май мен май тектес заттардан құралған органкалық қосылыс-тарды липидтер деп атайды. Жануарлар массасының орта есеппен 10-20% липидтерден құралған. Денедегi май протоплазмалық және қордағы болып екiге бөлiнедi. Протоплазма майына клетка мембра-насының, митохондрийдiң, микросмның құрамына енетiн майлар жатады. Ми клеткаларында, жыныс бездерi және шәует құармында айтарлықтай көп болады.
Қордағы майға терi желiнiң, шабы майлары, бүйрек, жүрек ағзалардың айналасына жиналған майлар жатады. Желiнде май қор болып жиналатын жануарлар (Тюлень, Кит т.б) суыққа шыдамды келедi, өркеш майын түйелер су көзi ретiнде пайдаланады. Майда еритiн витаминдердi (А.Д.Е.К ), тұздары iшектен сорылуына мүмкiндiк туғызады.
Адам мен жануарлар үшшiн май негiзгi энергия көзi. Организмде 1г май тотықса 9,3ккал (38,39кДж) жылу бөлiнедi. Ересек адам тәулiгiне 70-100г жануар майын қажет етедi.
Май организмге негiзiнен тамақпен келiп түседi, аз мөлшерде бауырда көмiрсумен белоктан да түзіледі. Ас қорыту жолында –12елi iшекте өттiң қатысуымен эмульсияға айналады да, липаза әсерiнен моно және диглицеридтер мен май қышқылдарына ыдырайды. Глице-рин iшектен оңай сорылады, ал май қышқылдары өт қышқылдарымен әрекеттесiп, холеиндi комплекс тұзген соң ғана сiңедi.
lшек қабырғасында глицерин,май қышқылдары, моно ди және үш глицеридтер, фосфолипидтер, холестрин эфирлерi жинақталып, гли-церидтер мен май қышқылдары эпителиоциттерде негiзiнен хиломикрондар (диаметрi 0,5мкм май тамшылары) мен тығыздығы ттөмен липопротеидтер түзіледі. Хиломикрондар мен липопротеидтер негiзiнен лимфа жүйесiне өтiп, көкiректiк лимфа өзегi арқылы жалпы қан айналым щеңберiне қосылады. Эфирленбеген май қышқылдары-ның қалдықтары қанға сiңiп, бауырға тасымалданады. Майлардың ыдырау өнiмдерiнiң орта есеппен 70% лимфаға , ал 30% қанға сiңедi.
Қанға сiңген май бауырда қайтадан глицерин мен май қыш-қылдарына ыдырайды. Глицерин глюкозаға айналып, гликоген түрiн-де қорға жиналады.
Лимфаға сiңген хиломикрондар мен липопротеидтердiң көп мөлшерiн өкпенiң ерекше клеткалары гитиоциттер сүзiп алады да, олар осы жерде тотығу процесiн ұшырап, энергияға айналады. өкпе-ден өткен хиломикрондар бүкiл денеге тарап , май қорына айналады.
Май алмасуының реттелуi. Май алмасуын реттейтiн орталық орталық гипоталамуста орналасқан. Осы орталықтың төменгi –iшкi ядросы зақымданса, адам (жануар) семiрiп кетедi, ал төменгi –сыртқы ядросы зақымданса, керiсiнше . азады (кахексия).
Гипоталамус денеге вегетативтiк жүйке жүйесi мен iшкi секреция бездерi арқылы әсер етедi. Симпатикалық жүйке жүйесi денедегi май қырының жұмсалу және тотығу қарқынын күшейтедi.
Пара симпатикалық жүйке жүйесi май алмасуына керiсiнше әсер етедi. Симпатикалық нервтер липолиздi (ыдырауы), ал парасим-патикалық нервтер –липогенездi (тұзiлуi) күшейтедi. Липолиздiк әсер адреналин, норадреналин,соматотроптық, тиреотропин, тироксин, глюкогон гормондарына тән, ал инсулин –майдың қорға жиналуын күшейтедi.
Достарыңызбен бөлісу: |