Минералды заттардың алмасуы. Органзмдегi минералды заттардың мөлшерi дене массасының 3,5-4% шамасында болады. Адам денесiнде Менделеев кестесiндегi барлық элементтер кездеседi, себебi олар дененiң барлық клетка құрамына кiредi және жануарлар мен өсiмдiк организмдердiң құры-лым тiрлiгiн сақтауға қажеттi заттар.
Денедегi мөлшерiне қарай минералды тұздар макро, микро және ультрамикроэлементтер болып бөлiнедi. Макроэлементтер организм-де көп мөлшерде кездеседi, оларға натрий, калий, хлор, кальций, фосфор, магний, күкiрт элементтерi жатады. Микроэлементтер денеде өте аз мөллшерде (10-3 –10-5%) кездеседi. Оларға темiр, мыс, кобальт, марганец, цинк, йод, бром, фтор, никель жатады. Ультра-микроэлементтерi (алтын, күмiс, селен, радиоактивтi элементтер) денеде iзi ғана болады (10-5 және одан төмен)
Аталған элементтер организмде әртүрлі әсер етедi. Нартий негiзiнен дене сұйықтықтарының құрамында кездеседi де, қан мен лимфаның осмостық қысымын реттеуде, буферлiк жүйесiнiң құрамына кiредi, маңызды роль атқарады. Тәулiгiне 10-12г ас тұзын қажет етедi.
Калий жүректiң қалыпты қызмет атқаруы үшiн қажет. Ол нерв жүйесi мен бұлшық еттiң қозғыштығын төмендетiп, кейбiр ферменттердi активтеуге қатынасды. Калий иондары қозу толқынын таратуда, ацетилхолин медиаторын түзуде маңызды роль атқа-рады. Тәулiктiк қажеттiлiгi 3-5г КСl тұрiнде қабылданады. Калий мен натрий тұздары тамақтың құрамында жеткiлiктi болады.
Хлор денеде натрий және калий мен байланысты болады. Ол қарын сөлi құрамындағы тұз қышқылын түзу үшiн қажет. Көбiне клетка сыртындағы сұйықтықта (140-145 мәкв/л) және бiразы клетка iшiнде (12-3мәкв/л), болады. Тәулiктiк қажетiлiгi 2-4г, қалыпты қызмет атқаруы үшiн қажет.
Кальций – тканьдiк сұйық, қан құрамында сүйек пен тiстiң құрамында фосфор қышқылы мен көмiр қышқылы тұздары түрiнде кездеседi. Кальций скелеттiң дұрыс өсiп, дамуы үшiн, қанның ұюында, және жүрек жұмысына әсер етедi. Тәулiгiне организм 0,6-0,8г қажет етедi. Егер кальций жетiспесе остеокороз- сүйек кезектенуi. Рахит ауруына шалдығады. Жануарлар тәулiгiне, жасына, өнiмдiлiгiне, физиологиялық күйiне байланысты кальцийдi қажет етедi. Мысалы, қой –3-10г, жылқы 35-100г, ал сиыр тiрiдей массасының әрбiр 100кг, 5-10г кальций қабылдау керек. өсу, сүттену,бҮаздылық жағдайда кальцийге мұқтаждығы жоғарлайды.
Фосфор организмде фосфатты кальций қосындысы ретiнде сүйектiң құрамында болады. Денеде фосфордың 80% сүйек құрамында, ал 20% басқа тканьдерде жинақталады. Фосфор- аралық зат алмасу, фосфор-лану процесiнде, ет жиырылады, АТФ; креатин фосфат, буферлiк жүйе құрамына кiредi.
Денеде кальций мен фосфор алмасуы тығыз байланыста жүредi және оны паратгормон мен Д витаминдерi реттейдi.
Магний- клетка iшiнде жинақталған катион. Ол кейбiр ферменттiк жүйелердiң құрамына кiрiп гликолизге қатысады. Қан плазмасындағы магнийдiң мөлшерi 1,1-1,5 мәкв/л,Тәулiгiне адам 0,3-0,4г,сиырлар –15г, ал сауын сиырларда 30г қажет етедi.
Күкiрт-цистеин, метионин және цистемы амин қышқылдарының, белокты заттар-креатин, муцин, мукоидтер құрамына кiредi. Күкiрт оганизмде күкiрт қышқылын тұзiп, тоқ iшекте тұзiлетiн улы заттарды бейтараптау процесiне қатысады. Сонымен қатар тиамин (В1) және биотин витаминдерiнiң, жүннiң мүйiздiң құрамына кiредi.
Микроэлементтер- организмнiң өсу, даму процестерiн реттеуде, оның әр түрлі ауруларға төзiмдiлiгiн қалыптастыруда , мал өнiмдi-лiгiн арттыруда үлкен роль атқарады. Атап айтсақ: Темiр организмде органикалық және бейорганикалық қосылыстар күйiнде болады. Миоглобин, гемоглобин және тотығу-тотықсыздану ферменттерi пероксидаза, оксидазалар, цитохромдық ферменттер құрамында кездеседi. Темiрдiң тәулiктiк қажетiлiгi адамда 13-15мг.
Мыс- барлық органдар құрамында кездеседi, бiрақ оның ең көп мөлшерi бауырда жинақталады. Мыс эритроциттердiң пайда болуына әсер етедi және тотықтырғыш ферменттердiң құрамына кiредi. Сонымен қатар мыс жүнге белгiлi түс беретiн меланин пигменттi түзу үшiн қажет. Тәулiктiк қажетiлiгi 30-50мг.
Марганец түрлі ферменттердiң құрамына кiредi, клетканың көбеюiне қатысады. Тәулiктiк қажетiлiгi 50-100мг.
Цинк барлық тканьдерде кездеседi, карбоангидраза, алкоголь-дегидраза ферментерiнiң, инсулин гормонының құрамына енедi, белоктар мен углеводтардың алмасуын жоғарлатады. Цинк жетiспесе организмнiң өсуi тоқтап, жыныс бездерiнiң қызметi бұзылады.
Йод зат алмасу мен өсу процестерiн күшейтетiн қалқанша безi гормондарының құрамында болады. Йод жетiспесе эндомиялық жемсау, креатинизм және микседема аурулары кездеседi. Тәулiктiк қажеттiлiгi 100-150мг.
Бром ең көп мөлшерде гипофизде болады. Орталық нерв жүйесiнде қозу және тежелу процестерiнiң дамуын реттейдi.
Фтор-сүйек пен тiс эмалiнiң құрамына кiредi. Ол көптеген ферменттердiң әрекетiн әлсiретiп, зат алмасу процесiн баяулатады, қан құрамындағы кальций мен фосфордың ара қатынасына әсер етiп сүйектiң қатаюын жылдамдатады. Фтор жетiспесе тiс эмалi бұзылады.
Су мен тұздардың алмасуын реттейтiн орта аралық мидың гипоталамустық бөлiгiнде орналасқан. Бұл орталықтарға ауыз қуысының кiлегей қабығындағы рецепторлар, қарындағы, барорецепторлар, ұлпалардағы осмостық қысымының өзгерiстерiн хабарлайтын арнаулы осморецепторлар, тамырлардағы ваном-рецепторлар хабарлап отырады.
Денедегi су мен минералды тұздардың алмасуын реттеуде гипофиз, бүйрекк үстi безiнiң гормандары қатысады (АДГ, АКТГ, парат-гормон).
Достарыңызбен бөлісу: |