Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет110/124
Дата12.10.2023
өлшемі0,75 Mb.
#184989
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   124
Байланысты:
Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологияс-emirsaba.org

Тыныс коэффицентi
Тыныс коэффициентi (ТК) белгiлi бiр қоректiк заттың тотығу дәрежесiн сипаттайтын көрсеткiш. Тыныс коэффициентi (ТК) дегенiмiз белгiлi бiр уақыт iшiнде денеден шыққан көмiрқышқыл газ бен денеге сiңген оттегi мөлшерiнiң аралық қатынасы.
Yсо2
ТК=------
Yо2
Бұл коэффициенттiң мөлшерi түрлі қоректiк заттарды пайдаланғанда әр түрлі болады. Мысалы, көмiрсутектер тотыққанда ТК-1-тең.
С6Н12О6+6О2=6НО+6СО2
6СО2
Глюкоза ТК=-------- =1
6СО2
Майлардың тотығуы:
2С3Н5(С15Н31СОО)3+ 145О2= 102СО2+98Н2О
102СО2
Үш пальмитин ТК = -------- = 0,703
146О2
Белоктың тыныс коэффициентi –0,8-тең.
Қорыта келгенде, тыныс коэффициентi арқылы оттегiнiң калориялық эквивалентiк тауып, оны белгiлi бiр мерзiм iшiнде сiңген (жұтылған) оттегi мөлшерiне көбейтiп, денеден шыққан энергия мөлшерiн анықтауға болады.
4. Жылудың реттелуі.
Адам мен жоғары сатыдағы жануарлардың дене температурасы, сыртқы ортаның температурасы өзгермелi болсада, тұрақты болады. Организм 70-80оС аязға да, 50-60оС ыстыққа да көнiге алады.
Дене температурасының мұндай тұрақтылығы, жылу пайда болуы, оның сыртқа шығуы сияқты процестерге қатысатын бiр қатар ағзалармен жүйелер жүйесi қызметiнiң жүйке-қан арқылы реттелуiне байланысты.
Жылу реттелуi дегенiмiз сырттағы температура өзгерсе де дененiң iшкi , өз температурасын қалыпты тұрақты күйiнде сақталуы.
Жануарлар сыртқы орта температурасының ауытқуларына бейiмделуiне байланысты екi топқа бөлiнедi: стенотермдi және эвритермдi. Стенотермдi жануарлар қоршаған орта температурасының аз ғана ауытқу жағдайында тiршiлiк етсе, эвритермдi жануарлар сыртқы орта температурасының көп мөлшердегi ауытқуларына шыдап тiршiлiк ете алады. Алғашқысы тропикалық теңiз жануарлары жатса, соңғысы құрылықта тұщы суларда тiршiлiк ететiн жануарлар жатады.
Адам мен жануарлардың дене температурасы тұрақты болады. Мұны изотермия деп атайды.
Изотермия қасиетi гомонотермдi (жылы қандылар) организмдерге тән. Ал пойклотермдi (салқын қандылар) жануарлардың дене температурасы тұрақсыз болады. Олардың дене температурасы қоршаған орта температурасына тәуелдi өзгерiп отырады.
Изотермия процесi онтогенезде бiртiндеп қалыптасады. Мысалы, жаңа туған организмде дене температурасын бiр қалыпты сақтау қабiлетi жақсы дамымаған, сондықтан гипотермия (дене температурасының төмендеуi) немесе гипертермия (жоғарлау) байқа-лады ( тез қызып, тез суыды).
Кейбiр жануарлар жылдық белгiлi бiр мезгiлдерiнде гомойотермдi организмдер тәрiздi, ал екiншi бiр мезгiлдерiнде пойкило-термдi организмдер тәрiздi тiршiлiк етедi. мұндай жанауарларда гетеротермдi жануарлар деп атайды.
Гомойотермдi организмдердiң температурасы күнi бойы аз да болса өзгерiп отырады (тәулiгiне 0,5-0,9о), кешкi 16-18 сағатта ең жоғары, таңғы 3-4 сағатта ең төменгi деңгейде болады.
Адам денесiндегi ағзаларда бауырда 37,8-38оС, тiк iшекте 37,2-37,5о, терi сыртында 29,5-33,9оС, қолтықта 36,0-36,9оС.
Дене температурасының тұрақтылығы жылу өндiру мен жылу бөлу процестерiнiң тепе-теңдiкгi арқылы қамтамасыз етiледi. Бұл тепе-теңдiк арнаулы физиологиялық тетiктер арқылы реттейдi.
Денеден жылудың коршаған ортаға берiлуiн басқаруды физикалық жылу реттеу деп атайды. Жылудың тұзiлуiн, химиялық процестердiң қарқынын бағыттауды химиялық жылу реттеу деп атайды.
Химиялық жылу реттеу немесе жылу өндiру организмдегi зат алмасу процесiн күшейту немесе бәсеңдету арқылы жүредi. жылу түзетін реакциялар барлық мүшелер мен ұлпаларда және зат алмасу процесiнiң деңгейiне байланысты.
Ет ұлпасында, бауырда, бүйреккте, iшкi секреция бездерiнде жүректе жылу түзiлуi қарқынды жүредi. Ал сүйектерде, сiңiрлерде, дәнекер ұлпаларда жылу аз түзіледі.
Организмде , тыныштық күйде, түзiлетiн жылудың 25%,етте 20% бауырда 13%, мида 13%, жүректе 11% бүйреккте 7%, терiде 5%, ал қалған 19% басқа мүшелерде түзіледі. Дене жұмысы кезiнде жылудың 70%-75% етте түзіледі. Еттердiң жай ғана жиырылуында 10% жылу өндiрiледi, ал қимыл –қозғалыс 60-80% арттығады.
Жылыудың түзiлуiне әсер ететiн факторлардың бiрi-қоршаған ортаның температурасы. Орта температурасы жоғарласа жылу түзу-азайып, ал төмендесе- жылу өндiру артады. Тоңа бастаған кезде, еттер рефлекторлы түрде ерiктен тыс жиырылып, дене дiрiлдей бастайды.
Осыған байланысты еттегi зат алмасу процесi күшейiп, жылу өндiру артады.
Өкпенiң арнаулы клеткалары-гистноциттер қан құрамына сүзiп алған майлар оттегiнiң қатысуымен осы жерде тотығып, ыдырайды. Бөлiн-ген жылу келген жылытады, қан арқылы бүкiл денеге тарайды.
Денеде тұзiлген жылу сыртқа бөлiнуi қоршаған орта температурасына байланысты болады. Егер ауа температурасы төмендесе, жылу бөлiнуi азаяды, ал егер температура жоғарласа жылу бөлiнуi күшейедi.
Жылуды денеден сыртқа берудi күшейтiп немесе азайып оты-ратын физиологиялық процестер жиынтығын физикалық жылу реттеу деп атайды.
Жылудың организмнен бөлiнуi конвекция,радиация булану және жылу өткiзу арқылы жүредi.
Конвекция деп жылудың денемен жанасқан ауа ағынына берiлуiн айтады.
Өткiзу деп жылудың денемен жанасқан температурасы төмен заттарға берiлуiн айтады.
Конвекция жылу өткiзу процесiмен тығыз байланысты.
Радиация (сәулелену)-деп денеден жылудың инфрақызыл сәулелерiмен таралуын айтады. Дене температурасы жоғарлаған сайын сәулелену күшейе түседi.
Булану деп сұйықтың (тердiң) газ тәрiздi күйге ауысу процесiн айтады. Тер арқылы адамда 500мл,өкпе арқылы-300мл су бөлiнедi. Ал 1мл сумен бiрге 0,58 ккал қуат бөлiнедi.
Сонымен қатар жылудың белгiлi бiр бөлiгi несеп және нәжiспен бiрге шығады.
Адамдағы жылу бөлу жолдарының үлесi төмендегiдей: кон-векция арқылы –31,0%, радиация арқылы –43,7%, тамақты жылыту-13%, несеп және нәжiс арқылы –0,7% бөлiнедi.
Жылуды реттеу орталығы гипоталамустың құрылымдырында орналасқан. Гипоталамустың алдыңғы бөлiмiнiң клеткалары қан температурасының жоғарлауына реакция бередi де, жылу бөлу орталығын, ал артқы бөлiмiнiң клеткалары қанның салқындауына реакция берiп, жылу түзу орталығын құрайды. Егер алғашқысы қозса жылу бөлуi күшейедi және жылу түзiлуi төмендейдi, ал егер екiншiсi қозса, онда жылу түзiлуi күшейедi және жылуды бөлуi төмендейдi.
Жылу реттеуде терi рецепторлары маңызды роль атқарады. Жылылықты немесе суықтықты қабылдайтын рецепторлары қозғанда қозу импульстерi нерв орталығына берiлiп, одан әрi вегетативтiк нервтер немесе iшкi секреция бездерi арқылы зат алмасу процесiнiң қарқынын өзгертедi. Сонымен қатар еттердiң жиырылуы тамыр-лардың арнасы, тер бөлу процесi, тынысты реттейтiн орталықтардың қызметi өзгередi.
Жылуды реттеуде iшкi секреция бездерi: қалқанша без, жыныс және бүйрекк үстi бездерi гормондары әсер етедi. Гипофиз безiн алып тастаса, жылу реттеу процесi бұзылғанын байқаған.
Жылуды реттеу процесiне үлкен ми жарты шарларының (маңдай бөлiгi) қатысыатынын К.М.Быков пен А.Д.Слоним тәжiрбиеде көрсеткен. Иттi суық (8-10оС) бөлмеге кiргiзген, оның зат алмасу процесi күшейген. (10-12 рет қайталанған) Бөлме температурасы 22оС жағдайда болса да иттiң сол бөлмеге кiргенен кейiн зат алмасу процесi жоғарылап кететiнiн байқаған. Шартты рефлекс қалыптасқан.
Жылу өндiру мен жылу шығару процестерiне жылу реттеу орталықтары тiкелей афференттiк жүйелер арқылы және iшкi секрециялы бездер арқылы әсер етедi.
Адам мен жануарлар сыртқы орта температурасына ұзақ уақыт болған жағдайда бейiмделедi. (ыстыққа немесе суыққа). Мұны температуралық бейiмделу деп атайды.
Адам мен жоғары сатыдағы жануарлардың денесi 6оС жоғарласа (43оС-44оС) өмiрiне қауiптi (өледi).
Адам денесiнiң температурасы 35оС төмендегенде мiнез қылығы өзгередi, ал 31оС есiнен танады, ал 24-26оС жүрек автоматиясы бұзылуынан өледi. Басқа сүтқоректiлер суыққа төзiмдi келедi.
Мысалы: иттер iшкi температурасы 18-20оС, мысықтар 14-16оС, ал егеуқұйрықтар 13-15оС төмендесе өледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет