Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша


Жұлын рефлекстiк және өткiзгiштiк қызмет атқарады



бет25/124
Дата12.10.2023
өлшемі0,75 Mb.
#184989
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   124
Байланысты:
Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологияс-emirsaba.org
Реферат та ырып Б лшы еттерді ж не бас а оз ыш лпаларды физ
Жұлын рефлекстiк және өткiзгiштiк қызмет атқарады. Жұлында симпатикалық және вегетативтiк рефлекстерiнiң орталықтары орналасқан. Парасимпатикалық нейрондар денесi жұлынның құй-ымшақ бөлiгiнде орналасқан.
Соматикалық орталықтар - диафрагмальдык, иық еттерiнiң орталық-тары, көкiрек, арқа мен iш бұлшық еттерiнiң орталықтары.
Жұлынның өткiзгiш қызметi жоғары шығатын және төмен түсетiн жолдарымен байланысты. Әрбiр өткiзгiш жолдың жүйке талшықтары бiртектi нейрондардан басталып, ортақ қызмет атқаратын нейрондарда аяқталады.
Жүйке талшықтары жалғастырғыш (ассоциативтiк), комиссуральдық (көлденең ұластырғыш) және проекциялық (афф-еренттiк және эффе-ренттiк) болып бөлiнедi. Ассоциативтiк талшықтар жұлынның жеке бөлiмдерiнiң бiр жақты байланысын қал-ыптастырады. Комиссуральдық талшықтар жұлынның қызметi бiрдей симметриялық, қарама-қарсы бөлiктерiн бiр-бiрiмен байланыстырады.
Проекциялық талшықтар жұлынды орталық жүйке жүйесiнiң жоғары бөлiктерiмен байланыстырады. Бұл талшықтар жұлынның негiзгi өткiзгiш- өрлеу, афференттiк жолдарын құрайды.
Жұлынның өткізгіш жолдары.
Өрлеу жолдарына:
1) Голл және Бурдах будалары жатады. Бұлар терi, бұлшық ет рецепторларынан басталып, жұлын арқылы бас миға барады. ұзын будалардың бiрiншi нейроны сопақша мида аяқталып, екiншi көру төмпешiгiне ал үшіншi ми қыртысында аяқталады.Қысқа будалар жұлын сегменттерiнде аяқталады.
2) Артқы мишық немесе Флексиг жолы.
3) Алдыңғы мишық немесе Говерс жолы – бұл екi жол арқылы ет, сiңiр мен буын рецепторларынан қозуды мишыққа жеткiзедi.
4) Арқа көру төмпешiгi жолдары температуралық пен ауру қозуларын жұлын арқылы көру төмпешiгiне жеткiзедi.
Жұлынның төмен түсетiн жолдары:
1)Пирамидалық жол - үлкен ми жартышарлары қыртысының қозғағыш аймақтары нейрондарының аксондарынан құралады. Кейбiреулерi сопақша мида айқасып, кейбiреулерi айқаспай жұлын арқылы терi мен бұлшық еттерге барады.
2)Рубро-жұлындық (Монаков жолы) ортаңғы мидың қызыл ядроларынан басталып, варолиев көпiрi мен мишықта айқасып жұлын арқылы бұлшық ет пен буындарға барады.
3)Вестибулярлық жолдар сопақша мидың Дейтерс ядроларынан басталып, жұлын арқылы бұлшық еттер мен буындарға барады. Бұлшық ет тонусы, қимыл үйлесiмi, дене тепе-теңдiгi реттеледi. Егер зақымдалса қозғалудың бағыты мен үйлестiгi нашарлайды.
4)Ретикуло-арқалық жолдар ретикулярлық құрылымының белсендiлiк немесе тежеу әсерiн жұлын нейрондарына бердi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет