Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет24/124
Дата12.10.2023
өлшемі0,75 Mb.
#184989
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   124
Байланысты:
Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологияс-emirsaba.org

3.Тiтiркендiру әдiсi – белгiлi бiр тiтiркендiргiшпен ОНЖ-ң нақтылы аймақтарына әсер етiп, организм қызметiнде туындайтын өзгерiстердi бақылайды.
4.Электроэнцефалография (ЭЭГ) - ОНЖ-i электрлiк өзгерiстердi тiркеп жазып алу.
5.Шартты рефлекстер әдiсi- И.П.Павлов бұл әдiспен мидың жоғары бөлiмдерiнiң қызметiн зерттеген.
3.Жұлын, құрылысы мен рефлекстік қызметтері
Жұлын омыртқа түтiгiнде орналасқан. Жұлын ақ және сұр заттан құралған. Ақ зат шет жағында, ал сұр зат өзектiң ортасында көбелек тәрiздi орналасқан. Сұр заттың денесiнен созылған алдыңғы, артқы, бүйiр (жұп) мүйiздерi болады. Сұр заттың алдыңғы және артқы қос мүйiздерi ақ затты алдыңғы, артқы және екi бүйiр бағанаға бөледi. Артқысы өрлеу немесе жоғары бағытталған жолы (сезгiш), ал алдыңғысы- қозғағыш төмендеу жолдары.
Жұлын жеке-жеке сегменттерден және олармен бiрге байланысқан екi үстiңгi (артқы) және екi астыңғы (алдыңғы) түбiрлердi ажыратады. Үстiңгi түбiр арқылы- орталыққа тепкiш нейрондар өтсе (қозғағыш), астыңғы түбір алдыңғы мүйiзде орналасқан қозғағыш нейрондар аксоннан құралады.
Ч.Белла мен Ф.Мажанди жұлын түбірлерiнiң физиологиялық маңызын тәжiрибе жүзiнде анықтады. Олар үстiңгi түбірдi қиып тастағанда сезiмталдықтың жоғалатынын, ал астыңғы түбірдi қиғанда- қимыл әрекетiнiң бұзылатынын анықтады.
Жұлында 13 млн нейрон болса, оның 3 процентi эфференттiк (қозғағыш), ал 97 процентi аралық нейрондар құрайды.
Қозғағыш нейрондар шығар жолын құрап, - қозғағыш нейрондар және вегетативтiк жүйке жүйесiнiң түйін алды нейрондары болып бөлiнедi.
- мотонейрондар интрафузальдық (iшкi жүйелiк) ет талшық-тарын жүйкетейдi.
Вегетативтiк (автономды) жүйке жүйесiнiң нейрондары ерекше торшалар тобын құрайды.
Симпатикалық нейрондардың денесi жұлынның бүйiр мүйiзiнде орналасады. Бұл нейрондар қан тамырларының, iшкi ағзалар қабырғасы-ның бiрыңғай салалы еттерiнiң, бездерiнiң қызметiн реттеуге қатысады.
Парасимпатикалық нейрондар денесi жұлынның құйымшақ бөлiгiнде орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет