Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет32/124
Дата12.10.2023
өлшемі0,75 Mb.
#184989
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   124
Байланысты:
Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологияс-emirsaba.org

Лимбика жүйесi. Лимбика жүйесi деп iшкi мүшелер қызметiн реттейтiн, мiнез-құлықтың эммоциялық көрiнiсiн тудыратын алдыңғы ми қыртысының филогенездiк тұрғыда ерте дамыған бөлiмдерi мен бiрқатар қыртыс асты құрылымдардың морфофункциялық бiрлестiгiн айтады. Лимбика жүйесі ми сабағын қоршай орап жатады (ми сабағына қандай бөлімдер кіреді). Лимбикалық жүйені бұрын иістік ми дегенмен, бірақ ол аты құрлымының табиғатына, мәніне сай емес.
Лимбус (латын тiлiнен) – көмкерме, шет деген сөзiнен алынған. Қазіргі қалыптасқан көзқарасқа сәйкес Лимбика жүйесiнiң құрамына үлкен ми жарты шарларының iшкi, медиалды жағына орналасқан белдеулiк қатпар, гиппокапм қатпары, гиппокапм, iлгек тәрiздi қатпар, бадамша кешен, емiздiкше дене, күмбез, таламустың алдыңғы ядролары енедi.
1937 жылы американың невронатологы Дж. Папестің ұсынған гипотезасы бойынша лимбикалық жүйенің құрлымына кіретін ми құрлымдары бір жүйені құрайды (Папес шеңбері деп аталған). Ол жүйе туылған мінез-құлық актілеріне және эмоцияның қалыптасуына жауапты.
Ал 1952 жылы американың басқа ғалымы П. Маклин папестің көзқарасын толықтыра (дамыта) келіп, лимбикалық жүйе деген ұғымды ендірген. Оның айтуынша лимбикалық жүйе ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын қамтамасыз етеді және тұрдің ерекше реакцияларын бақылап, оның сақталуын қамтамасыз етеді.
Лимбикалық жүйенің қызметі:
Лимбикалық жүйе вегетативтiк процестердi реттеуге қатынасады. Ол барлық iшкi ағзалардан афференттiк импульстердi қабылдайды, зат алмасу, iшкi секреция бездерiнiң қызметiн реттейдi, үйлестiредi, организмнiң iшкi ортасының тұрақтылығын қалыптастырады. Сондықтан, кейде оны висцеральдық ми деп атайды. Мысалы, бадамша кешен ядроларын тітіркендіргенде жүрек ритмы, тыныс алу, қан тамырлар тонусы өзгерген. Ас қорыту мүшелерінің, ішектің жиырылуы, сілекейдің бөлінуі, еріксіз шайнау, жұту, қуық, жатыр еттерінің жиырылуы күшейген.
Лимбикалық жүйеде, гипоталамуста және торлы құрлымда организм эмоциясын басқаратын орталықтар орналасқан. Оны осы аталған құрлымдардың белгілі бір ядроларын тітіркендіру немесе зақымдау арқылы дәлелдеген. Мысалы, мысықтың бадамша кешенін электр тогымен тітіркендіргенде, ол белін бүркейтіп, пысқырып, көзін бадырайтып, агрессивтік мінез көрсеткен.
Қолға үйретілген жануардың лимбикалық жүйесінің кейбір құрлымдарына хирургиялық операция арқылы алып тастағаннан кейін жануар жабайыланып кеткені анықталған.
Лимбикалық жүйеде жағымсыз эмоциялар (ашу, ыза, үрей т.б. көру және есту информациясын дұрыс қабылдау қасиеті бұзылады. Ас қорыту және жыныстық қозу процестерінде агрессивті май-мылдар жуас болған, жағымды эмоция – рахаттану, қуану т.с.с. сақталған.
Лимбикалық жүйе естің қалыптасуына әсері бар екені анықтал-ған. Мысалы, Аммонов мүйізін адамда алып тастаса есі толық жойылғаны байқалған.
Қорыта айтсақ, лимбикалық жүйе ерте пайда болған, бірақ оны атавизм ретінде қарауға болмайды. Себебі, ол жаңа қыртыс (неокортекс) және ми бағанасымен тығыз байланыста болып, ішкі жүйенің вицеральды және соматикалы функцияларды реттеуде маңызды роль атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет