Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет55/124
Дата12.10.2023
өлшемі0,75 Mb.
#184989
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   124
Байланысты:
Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологияс-emirsaba.org

Атқаратын қызметiне қарай гормондар үш топқа бөлiнедi:
1) Нысана мүшелерге әсер ететiн эффекторлық гормондар;
2) Эффекторлық гормондардың тiзiлуi мен бөлiнуiн жандандыратын троптық гормондар;
3) Гипофиздiң гормондарының бөлiнуiн және гипоталамустың нейросекрециялық қызметiн реттейтiн релизинг гормондар.
Ағзаға гормондар ерекше биокатализаторлар болып табылады. Қанда гормондар бос күйiнде немесе белоктармен қосымша тұрiнде болады.
Гормондар құрамы мен әсерi жағынан бiрдей емес, бiрақ оларға ортақ бiр қатар физиологиялық қасиеттерi бар:
1. Дистанциялық әсер – гормондар өздерi түзiлген бездерден алшақ орналасқан мүшелердiң қызметiне әсер етедi. Мысалы, гипофиздiң алдың-ғы бөлiмiнде тұзiлген гормондар жыныс безi, қалқанша безi т.с.с. қызме-тiне әсер етедi.
2. Гормондардың белсендiлiгi өте жоғары, сондықтан олар өте аз мөлшерде бөлiнуде, күштi биологиялық әсер тудырады. Мысалы, 1 г адре-налин 10 млн бақаның жекеленген жүрегiнiң жиырылу күшiн арттырып, жұмысын жиелетедi. 1 г инсулин 125 мың қоянда гиногликелия тудырады.
3. Әрбiр гормон ағзаға ерекше әсер етедi. Мысалы, инсулин қан құрамындағы глюкозаның деңгейiн төмендетедi.
4. Гормондар молекулаларының мөлшерi ықшам келедi, сондықтан олар капиллярлар қабырғасынан, торшалар мембранасынан оңай өтедi.
5. Гормондар өте тез әсер етедi, тез бұзылады.
6. Көптеген гормондарға түлiктiлiк өзiндiлiк сипат тән болмайды. Сондықтан әртүрлі малдан алынған препа­раттарды қолдана беруге мүмкiндiк бередi.
7. Гормондар ағза қызметiн гуморальдық реттеуде аралық қызмет атқарады. Бұл реттелуде басты бағыттаушы рольдi орталық жүйке жүйесi атқарады, ал гормондар оның әсерiн күшейтедi не әлсiрете отырып, эфференттiк вегетативтi және сомалық жүйкелермен қатар қызмет жасайды.
3. Гормондардың әсерiнiң механизмi.
Гормондар әрекетiнiң механизмi олардың өздерiнiң құрылым ерекшелiктерiне, молекулаларының мөлшерiне, қасиеттерiне және де әсер ететiн нысана-торшалардың құрылымдарының ерекшелiктерiне байланысты.
Мүшелерге әрекет механизмiне байланысты барлық гормондар екi топқа бөлiнедi: белок тектес iрi молекулалы гормондар және кiшi молекулалы құрамында стероидты гормондар мен азотты полипептидтер.
Белок тектес гормондар-тиреотроптық, адренокорти­котроптық, гонадо-троптық т.б. торшаның iшiне өтпей, оның қабығының бетiндегi рецепторлық аппараттарға (ерекше белоктарға) бекидi де, торша iшiндегi биосинтездiк процестерге мембрананың ферменттiк жүйелерi, простагландиндер, кальций иондары т.б. элементтер арқылы әсер етедi. Гормондардың бұл тобы торша қабығындағы аденилциклаза (АҚ) ферментiнiң белсендiлiгiн арттырады. Осы фермент пен торша iшiндегi фосфодиэстераза, үшфосфор қышқылы (АУФ) циклдiк аденозин –3-5- монофосфатқа (ЦАМФ) айналады. Бұл қосылыс торша iшiндегi алмасу процесiнiң әмбебап реттеушiсi болып табылады және екiншi медиатордың ролiн атқарады (бiрiншi медиатор болып гормондар саналады). Циклдiк АМФ белсендiлiгiн магний иондары, простагландиндер, фосфодиэстераза жандандырады. Аденилциклаза мен фосфодиэстераэа ЦАМФ-пен бiрiге отырып ядро қызметiне және торша iшiнде жүретiн процесстерге әсер ететiн аденилциклазалық жүйе құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет