Iшкi секреция бездерi (“эндон”-iшкi, “крино” – бөлемiн) өздерi тұзген биологиялық белсендi заттарды тiкелей қанға немесе лимфаға бөледi. Iшкi екреция бездерiнiң шығару өзектерi болмайы, оларды түзiлген заттарды гормондар (грек тiлiнен аударғанда – гормон – қозғаймын деген сөз) деп атайды.
Эндокриндiк бездер екi топқа бөлiнедi:
Тек эндокриндiк қызмет атқаратын бездер қалқанша, қалқанша серiк бездерi, гипофиз, бүйрекк үстi бездерi, серiк (плацента), эпифиз және тимус жатады.
Аралас бездер. Бұл топқа ұйқы безi мен жыныс бездерi жатады.
Эндокриндiк бездер топографиялық орналасуымен табиғатына қарай бес топқа бөлуге болады.
1.Нейрогендi бездер – гипофиз бен эпифиз.
2.Мойын мен кеуде қуысында – қалқанша, қалқанша серiк бездер мен айыршық без (тимус) жатады.
3.Хромофиндi бездер – бүйрекк үстi безi жатады.
4.Құрсақ қуысында – Ұйқы безiнiң аралық бөлiгi.
5.Жыныс бездерiнiң эндокриндiк бөлiгi жатады.
Iшкi секреция бездерi үлкен болмайды, бiрақ қанмен мол жабдықалады. Сондықтан гормондар қанға тез сiңедi.
Ағзада көптеген физиологиялық белсендi заттар бөлiнедi – парагормондар, гормонойдтар, телегормондар.
Эндокринология – iшкi секреция бездерi, гормондар туралы ғылым.
2. Гормондар, олардың қасиеттерi және жiктелуi. Гормондар деп ішкі секреция бездерінен бөлінетін биологиялық белсенді заттарды айтамыз. Гормон деген терминдi 1902 жылы ағылшын ғалымдары В. Бейлес пен Э.Старлинг ұйқы безi сөлiнiң бөлуiн реттейтiн секретин деген затқа байланысты енгiзген.
Табиғатына қарай гормондарды төрт топқа бөледi: стероидтық гормондар, полипептидтiк гормондар, амин қышқылдарының туындылары, белок тектес гормондар.
Стероидтық гормондар холистериннiң туындыларына жатады. Бұл гормондарды жыныс бездерi мен бүйрекк үстi безiнiң қыртыс бөлiгi бөледi.
Полипептидтiк гормондарға – окцитацин, вазопрессин, амин қыш-қылдары туындыларына – қалқанша безi және бүйрекк үстi безiнiң боз затының гормондары жатады.
Белок тектес гормондарға-гипофиздiң алдыңғы және ортаңғы бөлiктерi мен аралшық без (Ұйқы безi) гормондары жатады.
Гормондар ағзаға енетiн әсерлерiнiң сипатына қарай үш топқа бөлiнедi. Метаболиттiк, морфогенездiк және үйлесiмдiк.
Метаболиттiк гормондар ағзадағы зат алмасу процесiнiң қарқынын реттейдi. Мысалы, инсулин, глюкогон, адреналин гормондары көмiрсулардың алмасуын реттейдi; соматотропин гормоны белоктардың синтез-деуiн жоғарылатады, көмiрсулар мен майлардың алмасуын реттейдi.
Морфогенездiк гормондар жасушалардың генетикалық аппараттарына әсер ету арқылы гендердiң синтездiк белсендiлiгiн өзгертiп, торшалардың өсуiн, көбеюiн, жiктелуiн реттеп отырады.
Үйлесiмдiк гормондар тек мүшелердiң қызмет-әрекетiн өзгерту, сәйкестендiрiп отырады.