Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет69/124
Дата12.10.2023
өлшемі0,75 Mb.
#184989
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   124
Байланысты:
Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологияс-emirsaba.org

Бақылау сұрақтары:
1.Қан жүйесінің маңызы
2.Қанның құрамы, қан табақшалары мен плазма құрамы
3.Плазманың хииялық құрамы
4.Эритроциттер, атқаратын қызметі
5.Гемоглобин және оның қосылыстары
Лекция 18. Қан жүйесінің физиологиясы.


Лекция жоспары:
  1. Эритроциттердің құрылысы мен қызметі.


  2. Лейкоциттердің құрылысы және жіктелуі.


  3. Тромбоциттердің қызметі.


  4. Қан топтары.


  5. Резус фактор.




Қан жасушалары- қан сарғылттау келген зат плазмадан және оның ішінде жүзіп жүрген қан жасушаларынан, яғни формалы элементтерден тұрады. Қан жасушалары қызыл түйіршіктер (эритоциттер) мен ақ түйіршіктер (лейкоциттер) қан пластинкалары – тромбоциттер. Плазма қан құрамының 52-58%-іне қан жасушалары 42-48%-ке тең. Қан жасушаларының жалпы гематокриттік көрсеткіші 42-48% ал қанның әр литрінде 0,42-0,48 литр. Соңғысы гематокриттік көрсеткіш деп атады.
5. Эритроциттердің құрылысы мен қызметі.
Эритроцит - ядросы жоқ екі жағы ойыс келген дөңгелек жасуша. Ол ядроның сүйек кемігінде өтетін эритропоэз кезінде айырымды. Мұның биологиялық мәні мынада: Жасуша ядросының орнын оттегі тасымалдайтын гемоглобин жайлайды, ядросыз эритроцит өз денесіндегі заттарды тотықтыру үшін оттегі жұмсамайды. Осыған байланысты оның оттегін тасымалдау қызметі күшейеді.
Көлденеңінен қарағанда эритроцит гантелге ұқсайды. Оның диаметрі 7,2-8,0 мкл, қақ ортасындағы ойыс жерінің жуандығы 1.5 мкл, ал жасуша жиегінің жуандығы 2,5 мкл пішіні гантел тәрізді болғандықтан эритроциттің капилляр қабырғасымен түйісетін беткейі (аумағы) үлкен. Жасушаның диаметрі мен пішіні сырқаттанған кезде өзгеруі мүмкін. Диаметрі 8,1 мкл- ден асса, эритроцит макроцит деп, ал 7,2-мкл -ден кем болса микроцит деп аталады.
Эритроцит бетінің ауданы 128 мкл. Бір адам қанындағы барлық эритроциттерді жазық жағымен жатқызып қатар орналастырса, олардың ауданы 3000м болар еді. Осындай аумағы үлкен эритроциттер жазығынан оттегі ұлпаға жақсы өтеді. Эритроцит тыныс алу қызметін орындауға қажет биологиялық құрылым.
Эритроцит протоплазмасында тор тәрізді стромасы бар, сыртқы жағынан белок пен липоидтан тұратын мембранамен қапталған. Эритроцит мембранасы иондарды іріктеп өткізеді. Мембрананың Na+,K+,Ca+2 катиондарында өтімділігі өте нашар, ал С1 және НСО3 (көмір қышқыл аниондары) сутегі және гидроксил (ОН) иондары тез өтеді. Сондықтан эритроцит пен қан плазмасының минералдық құрамы бірдей емес. Эритроцитте натрий иондарына қарағанда калий иондары басым, ал плазмада керісінше, натрий иондары көбірек .
Плазма Эритроцит
Na 135-155 ммоль/л 5-100 ммоль/л
К+4-5 ммоль/л 95-100 ммоль/л
Са+2,25-2,75 ммоль/л өте аз болады.
Эритроцит құрамында 37% құрғақ заттар бар, ал сүйекте (ең тығыз ұлпа) құрғақ зат 42%. Демек, денедегі сүйектен кейінгі ең тығыз жасуша эритроцит. Сонда да эритроцит икемді, созылғыш, үлкен болғанымен, ол жіңішке капилляр арқылы өте алады.
Эритроцит -(грекше erytros-қызыл, cytus-клетка) қанның қызыл түйіршіктері. Олардың саны еркек пен әйелде бірдей емес. Ер адам қанының әр литрінде 4,0-5,0*1012 эритроцит болады. Әйел қанында бұл көрсеткіш аздау: 3,7-3,9*1012 одан да төмен эритроцитопения деп аталады.
Эритроцититозбен эритроцитопения сау адамда да науқас адамда да кездеседі, сондықтан олар физиологиялық және патологиялық болып екі топқа бөлінеді. Сондай-ақ абсолютті эритроцитоз бен эритроцитотопея ұғымдары да бар. Эритроцит санының абсолюттік өзгеруі оның сүйек кемігінде түзілуіне және қанға өту шапшаңдығына байланысты. Салыстырмалы эритроцитозбен эритроцитопения қан жасушалары мен плазманың аралық қатынасына байланысты, бұл қан қоюланғанда, не сұйылғанда болатын өзгеріс
Абсолюттік эритроцитоз-ұлпада оттегі азайғанда (гипоксия) болады. Гипоксия салдарынан бүйректен көп мөлшерде эритропоэтиндер бөлініп шығады. Олар эритроциттердің сүйек кемігінде түзілуін және қанға өтуін тездетеді. Сау адамда гипоксия ауаның барометрлік қысымы төмендеген жағдайда, яғни биік тауға шыққан кезде, не кабинкасы ашық самолетпен 3,5-5 мың метр биіктікке көтерілген сәтте кездеседі. Сырқаттанған кезде болатын абсолютік эритроцитоз өкпе мен жүректің созылмалы ауруларға ұшырауының салдары, не қан аурулары кезінде де болуы мүмкін.
Салыстырмалы эритроцитоз қанның сұйық бөлігі плазманың азаюынан болады. Адам қара жұмыс істеп қатты терлегенде, не ыстық уақытта термен бірге құрамындағы суы сыртқа шығады да, қан қоюланады. Осыған орай эритроцит саны (қанның әр мкл-де) көбейеді. Адам қара жұмыс істеген кезде қанда су азаяды және көк бауырдың жиырылуы күшейеді. Көк бауыр эритроциттер депосы болғандықтан жиырылған сәтте қанға көп мөлшерде эритроциттер шығады .
Сырқаттанған кезде пайда болатын салыстырмалы эритроцитозда қанның қоюлануына байланысты мәселен, қатты іш өткенде онымен бірге сыртқа көп мөлшерде су шығады, кейде су дене қуыстарына (мәселен, плевра жапырақтарының арасында) жиналады. Осының салдарынан плазма көлемі азаяды да қан қоюланады.
Сау адам да әдетте абсолюттік эритроцитопения болмайды. Ол қаны азайған (анемия) науқас адамға тән. Анемия кезінде сүйек кемігенде эритроциттер түзілуі төмендейді не шала жетілген эритроциттер қанға шыға бастайды. Салыстырмалы эротроцитопения қанның сұйылуына байланысты. Бірден шектен тыс көп шай (8-10 кеседен артық) не осынша қымыз ішсе , біраз уақыттай қан сұйылуы мүмкін. Бірақ қанда су тұрақтылығын (гоместаз) сақтайтын механизмдер денедегі артық суды тез сыртқа шығарады. Адам қансырағанда 1-2 тәулік өтісімен қан сұйыла бастайды, эротроциттер сүйек кемігенде тек 4-5 тәуліктен кейін түзіліп, қанға шыға бастайды.Оған дейін қан тамырларына ұлпааралық сұйықтар өтеді де мұндағы қанның көлемін арттырады, сөйтіп 1-2 күндей қан сұйылған күйінде қалады. Бірден көп мөлшерде изотониялық ерітінді құйса да қан біразға дейін сұйылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет