Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет66/124
Дата12.10.2023
өлшемі0,75 Mb.
#184989
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   124
Байланысты:
Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологияс-emirsaba.org

3. Қанның негізгі көрсеткіштері.
Қанды сипаттайтын негізгі сандық көрсеткіштерге қарай түрлі -түрлі болып бөлінеді.Оған келесі көрсеткіштер жатады.
1.Қанның мөлшері (көлемі);
2.Қанның меншікті тығыздығы;
3.Қанның тұтқырлығы;
4.Гемотокриттік сан.
Қанның мөлшері үлкен адамдарда әрдайым дене салмағының 7%-ін құрайды,немесе 4-6 л дейін болады. Ал,балаларда дене салмағы мен жас шамасына қарай өзгеріп отырады.Жаңа туылған сәбиде қанның мөлшері дене салмағының 10%-тен 20%-ке дейін құбылып отырады.
Қанның тығыздығы негізінен оның құрамының эритроциттер,белок пен липидтер санына байланысты. Негізі қанның тығыздығы шамамен 1,050-1,064 г/мл,плазмада 1,024-1,030 г/мл,жасушада 1,089-1097 г/мл құрайды. Үлкендерге қарағанда жаңа туылған нәрестеде қанның меншікті салмағы жоғарылау болады. Ол 1,060 тан 1,080 г/мл-ге дейін жетеді. Екінші жолы ол 1,050-ге дейін азаяды,ал мектепке барар кезде 1,060-қа тең болады,яғни үлкендердікімен теңеседі.Ер баланың қанының меншікті салмағы қыз бала-нікіне қарағанда бірнеше рет жоғары болады .
Қанның келесі қасиеті оның тұтқырлығы. Ол қан түйіршіктері мен плазмадағы,әсіресе ірі молекулалы заттардың деңгейіне байланысты қан тұтқырлығы қанның қойылуынан ,не сұйылуынан қарай әрдайым өзгеріп отырады. Қанның бұл қасиеті қан түйіршіктерінің плазма белоктарының, әсіресе глобулиндердің мөлшеріне байланысты. Қанның тұтқырлығы әдетте судың тұтқырлығынан 4-5 есе артық плазманың тұтқырлығы 1,7-2,2.
Жаңа туған нәрестеде денесінен су көп мөлшерде сыртқа шығады, осыған орай оның қоюланып, эритроциттер санын көбейтеді де, қан тұт-қырлығы 10-14,8-ге жетеді, бірақ 5-6 күннен кейін 8,6-8,8-ге дейін төмендеп, бір ай өткен соң есейген баланікімен теңеледі .
Гемотокриттік сан - бұл қанның формалық элементі.Ол 40-45% құрайды. Қанның өте маңызды қасиетерінің бірі-осмостық қысымы. Осмостық қысым деп жартылай өткізгіш жарғақтан еріткіштің (су) өтуіне жұмсалатын күшті айтады. Ағзадағы қан тамырларының қабырғасы осы жартылай өткізгіш жарғақтың қызметін атқарады.Оның іш жағында қан, сыртқы жағында торшааралық сұйықтық жатады.
Қанның осмостық қысымының деңгейі оның құрамындағы электрот ион-дарының, белок молекулаларының бұл көрсеткіштерінің мөлшері тұрақты болғандықтан, оның осмостық қысымы да тұрақты 7,8-8,1 атмосфера аралығында сақталады.Осмостық қысымның тұрақтылығын реттеуде әртүрлі бөлу мүшелері (бүйрек,тер бездері, ішек-қарын жолдары т.б мүшелер) маңызды роль атқарады. Олардың қызмет әрекеттерінің арқасында зат алмасу кезінде ағзада түзілген түрлі зиянды ыдырау өнімдері сыртқа шығарылып, осмостық қысымының атқаруына мүмкіндік берілмейді. Бұл процесте әртүрлі ұлпалардың минералды тұздарды сіңіріп алып,оларды қанға жайлап бөліп отыратын қабілеті де маңызды роль атқарады .
Қанның осмостық қысымының тұрақтылығының үлкен биологиялық маңызы бар. Дененің кез-келген торшаларының (қан түйіршіктері,нерв,ет, эпителий торшалары) осмостық қысымы оларды қоршап тұрған сұйықтық (қан,лимфа, торшааралық сұйық) осмостық қысымына тең. Сондықтан да торшаны қоршап тұрған сұйықтың осмостық қысымы өзгерсе,онда торшалардағы су алмасу процесі бұзылып,гемолиз (торшаның ісініп жарылуы), не плазмолиз (торшаның су жоғалтып,бүрісуі) құбылыстары байқалады
Қанның осмостық қысымының 60 пайызына жуығы оның құрамындағы үлесіне байланысты .
Қан белоктарының әсерімен түзілген осмостық қысымның бөлігін осмостық қысым деп атайды. Оскостық қысым деңгейі бар болғаны сынап бағасымен 20-30 мм ғана болады,соған қарамастан ол ағзаның маңызды биологиялық роль атқарады. Коректік заттарды сіңіру,ыдырау өнімдерін бөлу,торша аралық сұйық түзу процестері осмостық қысым арқылы реттеледі. Қан тамырларының қабырғасы электрометтерді жақсы өткізеді, сондықтан олардың концентрациясы қанда,лимфада және торшааралық сұйықта бірдей болады. Осының нәтижесінде ішкі ортаның әртүрлі сұйықтарының осмостық қысымы бір деңгейде сақталады. Ал, белоктарды қан тамырларының қабырғасы өткізбейді. Қанның құрамындағы белоктар суды ұстап тұратын бірден-бір шешуші фактор,олардың мөлшеріне қарай су қаннан ұлпаға, не ұлпадан қанға өтіп отырады. Егер қанның құрамындағы белоктардың мөлшері азайса (мысалы,ашығу кезінде) су қан тамырларынан ұлпаларға өтеді де, денеде ісік болады .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет