Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет81/124
Дата12.10.2023
өлшемі0,75 Mb.
#184989
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   124
Байланысты:
Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологияс-emirsaba.org

Жиырылғыштық. Жүрек еттерi қозу толқынына жиырылумен жауап бередi. Бұл кезде ет талшықтарының ұзындығы қысқарады, немесе кернеуi өзгередi. Жүрек еттерiнiң өзiне тән жиырылу ерекшелiктерi болады.
1. Жүрек еттерi ұзақ уақыт жиырыла алмайды (тетанус). Жиырылудан соң босаңсып отырады.
2. Жүрек еттерiнiң жиырылу күшi тiтiркендiргiш күшiне тәуелдi емес. Табалдырықтан төмен тiтiркендiргiш күшiне жауап бермейдi, ал егер табалдырықты күш әсер етсе, онда ол бар күшiмен жауап бередi. Бұны Боудич заңы “барынша немесе ешнәрсе жоқ” деп атайды.
3. Жүрек еттерiнiң жиырылу күшi, ет талшықтарының алғашқы созылуына байланысты. Бұны Э. Старлинг “Жүрек заңы” деп атайды. Сондықтан жүректе қан неғұрлым көп жиналса, ол соғұрлым қанды көп айдайды.
Рефрактерлiк. Қозу үстiндегi жүрек еттерi тiтiркендiргiшке жауап бермеуiн рефрактерлiк қасиетi дейдi. Рефрактерлiк кезең абсолюттiк, салыстырмалы және экзальтация сатыларына бөлiнедi.
1.Абсолюттiк кезең- жүрек жиырылуының басынан бастап, қозғыштық қасиетi жойылады.
2.Салыстырмалы кезең-жүрек еттерiнiң босаңсуы басталған кезде әсер етсе қозу туады, қосымша кезектен тыс жиырылады, Бұны экстросистола деп атайды, одан соң ұзақ компенсаторлық үзiлiс байқалады.
3.Экзальтациялық кезең-жүрек еттерiнiң қозу қабiлетi жоғары болады.
Рефрактерлiк қасиеттiң болуына байланысты жүрек ұзақ тiтiркендiрулерге ырғақты жиырылумен жауап бередi, жүрек жұмысында ырғақтылық байқалады.
Жүрек биотоктары. Жүрек еттерi қозу толқынымен бiр мезгiлде қамтылмайды, сөйтiп қозған және қозбаған миоциттер арасында электр айырмашылығы пайда болып, электр потенциалы туады. Жүрекше еттерi қозу толқынымен қамтылған кезде, қарынша етi тыныштық күйде болады да, жүрек еттерiнде әрекет потенциалы пайда болады. Бұл потенциал бұкiл денеге тарайды. Электрокардиограф арқылы тiркеп, алған биотоктарды бейнелейтiн қисық сызықты- электрокардиограмма(ЭКГ) деп атайды.
Электрокардиограмманы алу үшiн үш түрлi биполярлық стандарттық тiркеу әдiсi қолданылады:
Оң қол мен сол қол бiлезiктерiне
Оң қол мен сол аяққа
Сол қол мен сол аяққа тiркеледi
PQ- жүрекшелердiң қозуы

QRS- қарыншалардың қозуының алғашқы кезеңi


ST- соңғы кезең
ЭКГ-дан жүрек қызметi туралы бiрқатар мағлұмат алынады: амплитудасын өлшеу арқылы жүректiң жиырылу күшiн, систоланың ұзақтығын, қозудың өту жылдамдығын, жүректiң қоректенуiн анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет