4. Тыныс алудың реттелуі.
Тыныс алу процесiне көптеген еттер қатысады. Олардың үйлесiмдi қызметi арнаулы тыныс орталығымен реттеледi.
Тыныс орталығы сопақша мидың торлы құрылымының төртiншi қарыншасының түбiнде орналасатынын 1885 жылы орыс физиологы Н.А.Миелковский анықтаған. Бұл орталық дем алу (инспирация) және дем шығару (экспирация) бөлiмдерiнен түрады. Ал варолев көпiрiнде орналасқан арнаулы (пневмотоксикалық) орталық дем алу және дем шығару орталықтарының қызметiн реттейдi. Ол дем алған кезде дем шығару, ал дем шығарған кезде дем алу орталығын қоздырып, дем алу және дем шығару кезеңдерiнiң ырғақты түрде алмасып отыруына мұмкiндiк бередi.
Тыныс орталығы рефлекторлы және гуморальды түрде түрлi химиялық заттардың әсерiнен қозады. Тыныс орталығына өкпеден, плеврадан, көкiрек және құрсақ еттерiнiң механорецепторларынан қозу толқындары келедi. Сонымен қатар қан құрамындағы СО әсер етедi (Фредерик тәжiрибесi).
Бақылау сұрақтары
Тыныс алу дегенiмiз не
Тыныс алудың кезеңдерiн атаңыз
Тыныс механизмдерiн түсiндiрiңiз. Экспирация және инспирация
Газдардың алмасуы қалай жүредi.
Атмосфералық ауаның құрамы.
Газдардың тасымалдануы, қан құрамындағы газдар.
Тыныс алудың реттелуi қалай жүредi.
Құстардың тыныс алу ерекшелiктерi.
Әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
1. Т.Н.Несіпбаев., А.Қ.Несіпбаева. Адам және жануарлар физиологиясы . Алматы, «ҚР ЖОО Қауымдастығы», 2012 ж. 436 бет.
2. Жумадина Ш.М. Адам және жануарлар физиологиясы : биология маман. студ. арналған оқу құралы / Ш. М. Жумадина. - Алматы : "Эверо", 2015. - 156 с.
3. . Сәтбаева, Х.Қ. Адам физиологиясы : Оқулық - Алматы : "Эверо", 2015. - 664б.
4. Тағайбекова Д.С. Адам және жануарлар физиологиясы пәні бойынша дәрістер жинағы: Биология маманд. студ. үшін / Д. С. Тағайбекова. - Шымкент : ОҚМУ, 2015, -122 б.
5. Несiпбаев,Т. Адам және жануарлар физиологиясы.Оқулық-диалог,сұрақ-жауап[Мәтiн]: оқулық / Несiпбаев,Т. - өңделіп,толықтырылған 2-шi бас. - Алматы: "Дәуір",2015. - 454 с.
Достарыңызбен бөлісу: |