Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет87/124
Дата12.10.2023
өлшемі0,75 Mb.
#184989
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   124
Байланысты:
Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологияс-emirsaba.org

Тыныс алу кезеңдерi.
1. А. Сыртқы тыныс алу-өкпенiң желденуi.
2. Өкпе альвеолалары мен қан арасындағы газ алмасу.
3. Қанның газдарды тасымалдауы.
4. Ә. Ішкі тыныс алу- қан мен ұлпа арасындағы газ алмасу.
5. Клеткалар құрамындағы органикалық заттардың тотығуы.
2. Тыны салу механизмі.
Сыртқы тыныс. Тыныс алу өзара алмасып түратын дем алу (инспирация) және дем шығару (экспирация) кезеңдерiнен тұрады. өкпе сыртындағы ауамен қатыспайтын көкiрек қуысында орналасқан. Сырт жағынан өкпе висцеральдық (iшкi) және париетальдық (сыртқы) плевралық екi қабықпен қоршалған. Өкпе мен көкiрек қабырғасы арасында плевра аралық қуыс болады. Бұл қуыста қысым атмосфералық қысымнан с.б. 6-15мм-ге кем. Осыған байланысты атмосфералық ауа өкпеге тек iшкi жағынан ғана әсер етедi.
Өкпе альвеолалары көкiрек қуысы қимылдарының арқасында желдетiлдi.
Дем алу (инспирация)-көк ет, сыртқы қабырға аралық еттер жиырылып көкiрек қуысын кеңейтедi.
Дем шығару (экспирация) арнаулы еттердiң жиырылуының арқасында жүредi. Оларға iшкi қабырға аралық еттер, сыртқы және ортаңғы сегiзкөз еттерi , құрсақтың қиғаш және тiк еттерi т.б.жатады.
Көкiрек қуысы кеңейсе өкпе созылып ,оның көлемi үлкейедi, ал ол тарылса –өкпе сығылып, көлемi кiшiрейедi. Сондықтан дем алу және дем шығару арнаулы еттердiң жиырылуымен көкiрек қуысының өзгеруiне байланысты, ал өкпе пассивтi роль атқарады.
Ішкi тыныс алу. Қан мен ұлпа арасындағы газ алмасудан басталады. Клеткалар құрамындағы органикалық заттардың тотығуы нәтижесінде көмір қышқыл газы бөлініп, босап шығады. Клеткаға өткен оттегі тотығу процесінде пайдаланылады да, ұлпаларда бұл газдың үлес қысымы нөлге дейін төмендейді. Ал ұлпа сұйықтығындағы оттегінің үлес қысымы с.б. 20-40 мм аралығында қалыптасады. Оттегінің қаннан ұлпалық сұйыққа өтуінің нәтижесінде оның вена қанындағы үлес қысымы с.б.40 мм дейін төмендейді. Демек, артерия қанындағы оттегі түгелімен ұлпаға өтпейді, оның тек 40 пайызы ғана ұлпаларға беріліп, вена қанында 12 көлем пайыз оттегі сақталады (толығырақ №14 лекцияда беріледі). Ұлпалардың оттегіні сіңіру қабілеті ағзалардың физиологиялық күйіне байланысты өзгеріп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет