Мес қарындағы клетчатканының қорытылуы. Күйіс малы көп мөлшерде көлемдi азық қабылдап, оны жақсы қорытуға бейiмделген. Сол iрi азықтың 20-50% клетчаткадан тұрады. Деполимераза ферментiнiң әсерiнен “Ұсақ шарқыншақтары” пайда болады. Одан альфа амилаза ферментiнiң әсерiнен целлотриоза және целлобиоза түзіледi. Оларға целлобиаза ферментi әсер етiп глюкозаға ыдыратады. Ал глюкоза бактериялық процесiнiң нәтижесiнде ұлпалы май қышқылдарына айналады. Тәулiгiне сиыр қарында 4-5л, ал қойда 0,5л ұлпалы май қышқылдары түзіледi.
Мес қарында клетчатканың қорытылу дәрежесiне крахмал мен қанттар, азот, микроэлементтерi мөлшшерi зор ықпал етедi.
Крахмал амилаза ферментiнiң әсерiмен декстриндерге, мальтозаға , гликозаға айналады. Қаныт ашу процесiне ұшырап ұлпа май қышқылдары: сүт, янтарь, құмырсқа, сiрке, пропан және майлы қышқылдар түзіледi. (Ұ.М.Қ)
Ұ.М.Қ организм үшiн қуат көзi болып табылады. Сонымен қатар сүттiң, белоктардың, майлардың түзілуiне қатысады.
Мес қарындағы белоктардың қорытылуы. Азық құрамындағы азотты заттар микроорганизмдер ферментiнiң әсерiмен ыдырайды.
Белок протеаза ферментiнiң әсерiмен iрi пептидтерге ыдырайды. Оларға пептиазалар әсер етiп майда пептидтерге, амин қышқылдарға ыдырайды. Дезаминаза ферментiнiң әсерiмен аминқышқылдары аммиакқа, май қышқылына ароматты және гетероциклдi (фенол, инроксил) қатардағы карбон қышқылдарына ыдырайды.
Аммиакты микроорганизмдер өзiнiң тiршiлiгi үшiн пайдалынады. Қанға сiңген аммиак бауырда мочевинаға айналып, залансыздырады.
Мес қарындағы липидтердiң қорытылуы. Өсiмдiк тектес азық құрамында майлар оншалықты көп болмайды. (4-8%). Липидтер бактериалдық липаза ферментi әсерiмен глицерин және май қышқылдарына ыдырайды. Ашу процесi барысында глицерин мен галактозадан ұлпа май қышқылдары (пропан) түзіледi.
Мес қарында ашу процесi кезiнде газдар да бөлiнедi. Олардың көп бөлiгi күйіс қайырған да өңеш арқылы бөлiнедi, аз мөлшерi қанға сiңiп биосинтез процесiнде пайдаланады.
Мес қарын газының құрамында 60-70% көмiрқышқыл газы,25-30% метан, 5% азоттан,оттегiнен, сутегiнен тұрады.
Азық алдындағы қарында механикалық, химиялық және биологиялық өңдеуден соң ұлтабарға өтедi. Ұлтабар құрылысы және қызметi жағынан бiр камералы қарыңға ұқсас. Ұлтабар сөлiнiң әсерiнен инфузориялар мен бактериялар тiршiлiгi тоқтап, олар ери бастайды. Сөлдiң құрамында тұз қышқылы мен ферменттер болады, сондықтан бұл жерде химиялық процессжүредi. Тәулiгiне iрi қара 50-60л, қой 5л ұлтабар сөлiн бөледi. µлтабар сөлiнiң бөлiну қарқыны мес қарындағы бактериялық ферменттеудiң жылдамдығына байланысты. Сөлдiң бөлiнуi азықтандыру ұстiнде ұдейдi.
Достарыңызбен бөлісу: |