2.Бүйректiң құрылысы және несеп түзiлу механизмi.
Адам мен жоғары сатыдағы жануарлардың зәр бөлу жүйесi қос бүйректен және олардан шығатын несеп ағарлардан, қуықтан, несеп шығаратын каналдардан тұрады.
Бүйректің құрылысы. Бүйрек екi қабаттан сыртқы қыртыстық және iшкi бозғылт (милы) заттан тұрады.
Қыртысты қабат нефрондардан құралады. Нефрон бүйректiң құрылымдық бiрлiгi. Әр бiр бүйреккте 1 млн-ға жуық нефрон болады. Нефрон-Шумлянский-Боумен капсуласы, мальпигий шумағы, артериялық капилляр шумағынан және түтiкшелерден тұрады. Нефронның шумақтық бөлiмi гломерулалық бөлiм деп аталады. Проксимал және дистал ирек түтiктер, Генле iлмешегi және несеп жиналтын түтiктер ми(бозғылт) бөлiмiнде болады.
Бозғылт затта орналасқан нефрондар бар. Олардың шумақтары қыртыстық және бозғылт қабаттардың шекарасында (картико-меду-лярлық аймақта) жатады, ал Генле iлгегi бүйрекк астаушасына iргелес орналасады. Мұндай нефрондарды юкстамедумерлық нефрон де атайды. Бұл аймақтағы мальпигий шумағы iрiрек болады да, олардың қанды әкелушi және әкетушi тамырларының арнасы бiрдей келiп, түтiкшелер маңында капилляр торын құрмай, шумақтардан емiздiкшелерге баратын қатар-қатар майда артерия тамырларына айналады. Бұл тамырлар бозғылт қабатқа дейiн төмендеп,қыртыстық қабатқа қайта оралады. Осы майда артериялар капиллярларға тарамданбай тiкелей ұсақ веналарға құяды. Бүйреккке түсетiн қанның 80% қыртыстық шумақтар,ал 20% юкстамедулярлық шумақтар арқылы өтедi. Юкстагломерулярлық аппаратта радиен гормоны түзіледі. Бұл гормон альдестерон гормонының бөлiнуiн күшейтедi, Nа+ иондарының реабсорбциясын жандандырады.
Адамның екi бүйрегiнiң қан тамырлары арқылы 1 млн. 1200мл қан өтедi. Бұл дегенiмiз жүректiң қолқа тамырына айдаған қанның 20-25% құрайды. Бүйрекктiң қыртыс қабатының тамырлары арқылы келген қанның 91-93% ағып өтедi, ал қалғаны бозғыл затты қамтамасыз етедi.
Адам организмiндегi 5л қан тәулiгiне бүйрекктен 200-300 рет өтедi.
Адамның екi бүйрегiнде 2мл ионнан аса, iрi қарада-8мл, шошқада-1,5 млн,қойда-1млн нефрон болады.
Нефрондардың iшкi бетiнiң жалпы ауданы адамның екi бүйрегiнде 4-6м2, iрi қарада-39,5, шошқада-7,2, қойда-3,8м2. Әрбiр нефронның ұзындығы 30-50мм,ал олардың жалпы ұзындығы адамда 60-70 км жетедi.
Достарыңызбен бөлісу: |