Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет114/124
Дата12.10.2023
өлшемі0,75 Mb.
#184989
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   124
Байланысты:
Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологияс-emirsaba.org

4. Бүйрек қызметінің реттелуі.
Зәр түзу орталығы сопақша мида орналасады, ол аралық мидағы су мен тұздың алмасуын реттейтiн орталық пен тығыз байланысты. Зәр түзу процесiне үлкен ми сыңарлары да әсер етедi. (Бехтерев В.М. ашқан).
Бүйрек симпатикалық және парасимпатикалық нервтерiмен нервтеледi. Кезеген нервтiң қозуы бүйрекк арқылы су бөлiнуiн күшейтiп, азотты заттардың бөлiнуiн тежейдi. Ал, симпатикалық нервтер қозса зәрдiң құрамында ас тұздың бөлiнуi күшейедi. Зәр түзу процесiне реттеуге вазопрессин, альдестерон гормондары әсер етедi.
5. Зәрдің құрамы мен сипаттамалары.
Зәр - құрамында 96% су және 4% құрғақ қалдық бар сұйық зат. Оның құрамы қорек сипатына, ішілген су мөлшеріне, организмнің физиологиялық күйіне, ауа райы мен жыл мезгіліне, түлік түріне байланысты өзгеріп отырады.
Зәрдің түсі сарғыш келеді, ол оның құра мындағы урохром және уробилин сияқты бойағыш заттарға байланысты. Адамда зәрдің иісі қышқыл, ал малда ол түлік түріне байланысты өзгереді. Жылқы зәрінің иісі өткір, шіріген шөптің исіне ұқсас,ал сиыр зәрі әлсіз шірік иісті, ит пен шошқа зәрінің иісі ащы, жағымсыз келеді.
Зәрдің осмостық қысымы 23-30атм. шамасында, тығыздығы- 1,020-1,040 аралығында сақталады. Оның құрамында 50-120 грамм литр еріген заттар болады, олардың 2/3 -сі органикалық, ал 1/3-биорганикалық заттар үлесіне тиеді. Органикалық заттардың 80-85 %-ы несепнәрден, ал қалған 15-20%-і креатин, зәр қышқылы, алантоин (пириннің алмасу өнімі), аммиак, амин қышқылдары сияқты заттардан тұрады. Биорганикалық қосылыстар натрийдің, калийдің, магнийдің көмір қышқылды, хлорлы,фосфор қышқылды тұздары, кальций оксалаты мен фосфаты түрінде болады. Зәрдің әрекетшіл ортасы организмнің ұоректену ерекшелігене байланысты. Етқоректілерде ол қышқыл, шөпқоректілерде - сілтілік, талғамсыз қоректілерде - амфотерлік.
Бақылау сұрақтары:
1. Бөлу жүйесiнiң маңызы, бөлу мүшелерiн атаңыз
2. Бүйректiң құрылысы, нефрон дегенiмiз не ?
3. Бүйрек қанмен қалай жабдықталады ?
4. Зәрдiң түзiлу механизмi.
5. Бүйрек түтiкшелiрiнен мальпиги шумақтары қандай қызмет атқарады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет