Жетісу облысы, Талдықорған қаласы «№27 орта мектеп-гимназия» КММ
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары сабақтың тақырыбы: Еріген заттың массалық үлесі
Бөлім:
5.2 A Заттар және материалдар
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Ахметжанова Айгерім Абайқызы
Күні:
Сынып: 5
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы
Еріген заттың массалық үлесі
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
5.3.2.4 - еріген заттың массалық үлесін есептеу
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар: «Еріген заттың массалық үлесі» ұғымын есептеуде қолданады; Оқушылардың басым бөлігі: Берілген құрамдағы ерітінді дайындап, нәтижесі бойынша талдайды;
Кейбір оқушылар: Ерітінді компоненттерінің маңызын түсіндіріп, тың ойлар айтады;
ЕББҚ*: «Еріген заттың массалық үлесі» ұғымын есептеуде қолданады;
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы
1-4 мин
Амандасу Оқушыларды түгендеу Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу мақсатында сыныпты «От», «Күн», «Су» суреттері арқылы топқа бөлу.
Оқушылар топқа бөлініп орындарына отырады. - Оқудан күтілетін нәтижелерді белгілеу.Табыс критерийлері:
- нақтылық:
- белсенділік;
- бірлескен жұмыс;
- уақыт сақтау;
BILIMLAND сайтынан массалық үлес ұғымын көрсету.
Жаңа тақырыпқа ену, сабақ мақсаты Тақырыптық түйінді сөздер (өз-өзін бағалау
Ортасы
25-30мин
Тапсырма 1. Әр топқа ерітіндінің массалық үлесін есептеуге есептер беріледі. Тәжірибе жасайды. Дескриптор арқылы топ бір- бірін бағалау.
Жұмыс барысын мұқият оқып шығу тапсырылады.
Мұғалім оқушыларға қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау жөнінде нұсқаулықтар береді. Зертханалық жұмысты бастамас бұрын оқушылардан қолданылатын құрал-жабдықтармен танысу сұралады. Осы құрал-жабдықтардың қайсысы қандай қатер көзі бола алады деп, қауіпсіздікті талдау қажет.
Тапсырма 2. Әр топқа күнделікті өмірмен байланысты есептер беріледі
Кім шапшаң? Оқушы өзін-өзі, өзара бағалайды?
Тапсырма 3. 1) Алдарыңда берілген ерітіндіге сипаттама бер. Массалық үлесі нені білдіреді?
2) Өзіңе белгілі табиғи ерітінділерді және адам қолымен жасалған ерітінділерді атап бер.
3) Берілген концентрациямен ерітінді дайындау ісімен сен күнделікті қай жерде кездесесің?
4) Неге емдік препарат ерітінділерінде заттардың арақатынасы қатаң сақталуы тиіс? Қалай ойлайсыңдар?
Дескриптор Білім алушы
- еріген заттың массалық үлесін табу үшін формуланы пайдаланады;
- есептің шешу жолдарын көрсетеді;
- тұздың массалық үлесін есептейді.
- тәжірибені өткізу ретін баяндайды.
Дескриптор Білім алушы
- еріген заттың массалық үлесін табу үшін формуланы пайдаланады;
- есептің шешу жолдарын көрсетеді;
- тұздың массалық үлесін есептейді.
- тұздың массалық үлесі арқылы еріген зат массасын, судың массасын табады;
Слайд, ресурс парақшасы, дискритптор, тәжірибеге қажетті құрал – жабдықтар, тәжірибе жасау нұсқаулығы.
Соңы
5 мин
Кері байланыс
Бүгін не білдім ……….
Қызықты болған ақпарат ……….
Қиын болды ……….
Өмірде ...қолданамын.
Үй жұмысы: §26. Азық – түлік өнімдерін мысалға алып, пайыздық үлесі арқылы массасын есептеу.