Сабақ жоспары:
Пән:Физика
Сынып: 7 «б»
Күні: 3.12
Сабақ тақырыбы:.Инерция. Кеңістік пен уақыт.
Сабақ мақсаты:
1. Денеге басқа денелер әсер етпегенде жылдамдығын сақтау құбылысы тупалы, кеңісті пен уақыт және олардың қасиеттері туралы түсінік алуға жетелеу.
2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қортындыларын жасауға жетелеу.
3. Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар,
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Өткен тақырып бойынша қойылатын сұрақтар:
1. Бірқалыпты түзу сызықты қозғалатын дененің орын ауыстыруын оның қозғалыс жылдамдығы мен уақыт арқылы қалай өрнектеуге болады? Формуласын жазыңдар.
2. Орын ауыстыруды координаталар айырым арқылы қалай өрнектеуге болады? Формуласын жазыңдар.
3. Қозғалыс заңының формуласын қалай жазуға болады?
4. Бірқалыпты түзу сызықты қозғалатын дененің қозғалым графигі қандай болады?
5. Үйге берілген есептердің орындалысын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Кез келген дене сырттан әсер болмағанда өзінің Жермен салыстырғандағы тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзусызықты қозғалысын сақтайды.
Мұның дұрыстығына мына тәжірибе арқылы көз жеткізуге болады:
Денеге басқа денелер әсер етпегенде дененің жылдамдығын сақтау құбылысын инерция деп аталады.
Адамдар күнделікті өмірде инерциямен жиі ұшырасады. Мысалдар:
Кеңістіктің негізгі қасиеттері: оның шынайы бар болуы, материямен біртұтастығы, шексіздігі, үш өлшемділыгы.
Уақыттың негізгі қасиеттері: шынайы бар болуы, үздіксіздігі, тәуелсіздігі, бір қалыптығы, бір бағыттылығы.
ІV. Пысықтау.
1. Дененің қозғалыс жылдамдығы оған тек басқа дене әрекет еткенде ғана өзгеретініне көрсететін мысалдар келтіріңдер.
2. Денеге еш нәрсе әрекет етпесе, ол қандай күйде болады?
3. Инерция дегеніміз не?
4. Кеңістіктің негізгі қасиеттері қандай?
5. Уақыттың негізгі қасиеттері қандай?
V. Қорытындылау.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма: §28.29. 11-тапсырма.
Достарыңызбен бөлісу: |