Тағам технологиясы факультеті


Химиялық зертханада жұмыс барысында сақталатын ортақ ережелер



бет3/6
Дата07.06.2023
өлшемі1,04 Mb.
#178420
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Нурс отчет
сынып жетекш1, Мурагаттану, offiwiz file, Электр аппараттары Дәріс -4, БОӨЖ 2
Химиялық зертханада жұмыс барысында сақталатын ортақ ережелер

Химиялық реактивтер. Зертханаға қажет реактивтер арнайы ыдыстарда, құрғақ, желдетілген, қатаң жағдайда жылумен қамтамасыз етілген жерде сақталуы тиіс. Зертхана қоймасы сенімді бір адамға тапсырылуы керек. Ол адам реактивтердің шығымы мен толтырылуын қадағалап отыруы керек.


Реактивтерді қоймада сақтаған кезде жанғыш және жарылғыш заттарды тәртіппен орналастыру керек.
Бір-бірімен әрекеттескенде жылу және жанғыш газдар бөлетін заттарды бірге сақтауға болмайды.
Бір-бірінен бөлек келесі заттарды сақтау керек:
1) қатты тотықтырғыштар. Олар жанғыш заттармен әрекеттесіп гипохлорит, перхлорат, хлорат, перманганат, нитрат, хромат, дихромат т.б сияқты жанғыш және жарылғыш заттар түзеді;
2) сұйық тотықтырғыштар, неорганикалық қышқылдар, қышқылдық қасиетә бар буланғыш неорганикалық заттар – күкірт, тұз, азот, хлорлы қышқылдар, олеум, 30% сутек пероксиді, бром, тионил хлорид ж.т.б. буланғыш заттарды тартқыш шкаф астында сақтау керек;
3) қысылған және ерітілген газдар. Ацителен, сутегі, пропан, бутан сияқты жанғыш және жарылғыш газдарды жануды қолдайтын оттегі, ауа, хлор сияқты газдардан бөлек сақтау керек;
4) сумен немесе ауамен байланысқанда, сілтілік және сілтілік жер металдарды, карбидтерді, силицидтерді, сілтілік және сілтілік жер металдардың гирбидтері, ақ фосфорды қыздырғанда жалындайтын заттар;
5) оңай тұтанатын және жанғыш сұйықтар оңай тұтанатын заттарды температура 500С тан төмен болғанда салқын жерде немесе тоңазытқышта сақтау керек;
6) оңай тұтанғыш қатты заттар қызыл фосфор, күкірт, нитроцеллюлоза т.б;
7) күшті у цианиттер, мышьяк қосылыстары, метанол. Оларды арнайы құрылғыларда сақтау керек. 5-20 мл реактиві бар шыны құтыны арнайы қаптамада сақтау керек. Ағаш ыдыстардың сыртын оттан қорғайтын заттармен қапталуы керек.
Реактивтерді жұмыс істейтін орындарда сақтау. Күнделікті жұмысқа қажет реактивтерді аз мөлшерде зертханада сақтауға тура келеді. Реактивтерге арналған шкафтарда, ашық зертхана үстелінде ұшқыш емес , өртке қаупі жоқ, аз токсикалы қатты және сұйықттар заттар сапалық анализге арналған заттарды сақтауға болады.
Концентрлі минералды қышқылы бар құты. Тұз, азот, күкірт қышқылдары, күкірт қышқылымен концентрленген хромды қоспаны бір-бірімен бөлек, түбінде құмы бар керамикалық немесе эмалирленген ыдыстар тартқыш шкаф астыгда сақтау керек. Қышқыл бар құты 1 л аспауы керек. Буланғыш минералды қышқылдарды тартқыш шкаф астында, арнайы асбесті жәшіктерде сақтауға болмайды. Ол аз мөлшерде ауаға шығатын болса адамның кариесін бүлдіріп, шкафтағы сантехникалық құралдарды бүлдіреді.өте активті сұйықтықтардың орнын ауыстыру өте қауіпті. Тарқыш шкафта кейбір ұшқыш және активті заттарды сақтауға болады. Мысалы : бром, хлорлы тионил, концентрлі аммиак ерітіндісі. Күнделікті жұмысқа қажет заттар оңай тұтанатын және жанғыш сұйықтар. Олар ішіне асбест салынған қатты жабылған металл жәшікке салынады. Зертханада оңай тұтаратын заттар 1 л артық сақталиауы керек. Жәшіктерде қайнау температурасы 500С аспайтын оңай тұтанатын заттар сақталады (пентан, диэтилэфир т.б.)
Реактивті қолданар алдында негізгі қасиеттерін біліп алған дұрыс: оталғыштығын, улылығын, тұтанып басқа реактивтермен қопарылғыш затқа айналу мүмкіндігі. Улы немесе қатты иісі бар заттармен жұмыс істегенде барлық жұмысты арнайы тартқыш шкафтың ішінде жасаған дұрыс. Заттардың қасиеттерін өз бетінше зерттеуге, сондай – ақ химиялық ыдыстан су ішуге болмайды.
Кір ыдыста жұмысты орындауға тыйым салынады. Мұғалімнің рұқсатынсыз қосымша реакцияларды жасауға болмайды. Газдарды, ыдысқа тым қатты еңкейіп иіскеуге болмайды. Газды иісі бойынша анықтаған кезде немесе сұйықты, ыдыстан ауаны қолмен мұрнына қарай желпілдетіп анықтау керек.
Реактивтерді құйған кезде ыдысқа қатты еңкеюге болмайды, тамшылар көзіне немесе киіміне тиюі мүмкін. Сынауықты қыздырған кезде аузын өзіне немесе жанындағы балаға қарай қаратпа. Ыстық сұйығы бар химиялық стаканды екі қолмен ұстап, оның астына орамал сал. Күкірт қышқылының сулы ерітіндісін дайындағанда ең алдымен сынауыққа су, содан кейін қышқылды құямыз. Резеңке қолғаппен жұмыс істеген дұрыс.
Қатты сілтілік металдарды еріткенде аздап қана белгіленген мөлшеріне дейін су қосамыз. Калий мен натрийді ұсатқанда, шүберекке орап ұсатқан дұрыс. Ашық жалынмен жұмыс істегенде оталғыш сұйықтары бар ыдыстарды 1 м қашықтыққа қою керек. Оңай от алатын сұйықтарды (бензин, спирт, эфир) бір ыдыстан екінші ыдысқа құйғанда ашық жалыннан 3 м қашықтықта болуы керек. Есіңде сақта: концентрлі азот қышқылы кейбір оталғыш органикалық заттармен жанасқанда (скипидар, эфир майы, майлы қағаз, ағаш үгіндісі, ескі шүберектер және т.б.) жануы мүмкін. Электролиз кезінде барлық байланыс жақсы изоляцияланған болуы керек, өйткені шоқтар сутегіні қпарылысқа келтіруі мүмкін. Газ шамдарымен жұмыс істегенде ерекше сақтықпен жүргізу керек. Зертханадан шығар алдында, газ шамдарының ауыздары жабық екеніне көз жеткіз. Оталғыш және қопарылғыш заттардың қалдықтарын қоқыс салатын жерге тастауға, раковина ішіне құюға болмайды. Оны арнайы ыдысқа құяды. Сілтілік металдар (литий, натрий, калий) өте активті заттар екенін есте ұста. Олармен жұмыс істегенде ерекше сақтық қажет. Сілтілік металдардың қалдығын жинауға болмайды. Олар шыны ыдыста кептірілген (суы буландырылған) керосиннің астында сақталады. Тартпа шкафта жұмыс істегенде оның терезесін 1/4 - 1/5 бойына дейін көтеріп, жұмыс аяқталғанда жауып қою керек. Егер оталғыш сұйықтықтар немесе заттар жанса, спирт шамының тез өшірілуі, электр қондырғыларын суырылып тасталуы, оталғыш заттар басқа жерге әкетілуі тиіс. Жанған ыдыстарды қалдырып, мынадай қауіпсіздік шараларын жаса: жанған сұйықты асбест, жай көрпемен немесе құммен жабады; жанған фарфорды сулы құммен немесе сумен өшіреді.
Киім жанса, көрпеге немесе пальтоға орап өшіру керек, еш уақытта қашуға болмайды. Егер электр сымы жанса, тез электр тогын өшіріп, мүмкін әдістермен (құм, су, асбест) өртті өшіреді. Химия кабинеті өрт сөндірудің алғашқы құралдарымен арнаулы киіммен жеке басты қорғау құралдарымен (халат, қолғап, көзілдірік, алжапқыш), дәрі – дәрімек, сейфпен, оңай жаңып өртенгіш заттарды сақтайтын металл контейнерлермен, тартпалы шкафпен жабдықталу керек.
Халат. Химия кабинетіне кірген бетте әр оқушыда және де мұғалімде халат болу керек. Өйткені химия кабинетінде әр түрлі күйдіргіш заттар бар және зертханалық жұмыс жасаған кезде әр оқушы халат киіп жүруі міндетті.
Қолғап. Қолғап күйдіргіш заттармен көбінесе концентірлі қышқылдармен мысалы: Н2SO4, HNO3 ,HCI жұмыс істеген кезде киіледі.
Көзілдірік. Зертханалық жұмыста әр түрлі атқыш заттармен жұмыс жасаған кезде киіледі.
Қобдиша жәшігі. Қобдиша жәшігі лаборант бөлмесінің қабырғасына орнатылады. Оның есігінене немесе қатарына уланғанда немесе зақымданғанда көрсетілетін алғашқы көмек туралы қысқаша нұсқау ілінеді.
Химиялық реактивтерге қойылатын негізгі талаптың бірі олардың тазалығы. Оларда бөгде қоспалардың болу мөлшері МЕМСТ-пен немесе Техникалық Нұсқауме қатаң шектеледі.
Құрамында негізгі заттар мен жіберуге болатын қоспаның мөлшеріне байланысты химиялық реактивтердің жіктелуі:

  • «таза» - ХТ, онда негізгі заттың мөлшері 99 % - дан жоғары, ал қоспаның мөлшері 0,001 – 0,00001 % болуы керек;

  • «анализ үшін таза» - АҮТ, негізгі заттың мөлшері 99 % - дан кем болмауы керек;

  • «таза» - Т, негізгі заттың мөлшері 98 % - дан кем емес;

  • «эталонды таза – ЭТ;

  • «ерекше таза» - ЕТ.

Жіктелудің соңғы екі түрі ғылым мен техниканың қазіргі дәуірдегі жетістіктеріне орай радиоэлектронника, жартылай өткізгізтік өндіру, микроэлементтерді анализдеу салаларына байланысты туындаған.
Жоғарғы тазалықтағы заттарға тиісті маркалар тағайындалады. Онда заттың құрамында жіберілуге болатын қоспаның мөлшері, лимит саны және барлық қоспаның жиыны символ және сан арқылы беріледі. Сонымен қатар тазалықты қажет ететін және белгілі бір салада қолдануға болатын жинақты химиялық реактивтер (наборлар) бар. Оларға жататындар: индикаторлар; ультрафильтрацияға, электрофорезге, хромотографияға қажетті наборлар; иондардың алмасуын тудыратын қара майлар; әртүрлі полимерлер және т.б.
Қазірде көптген өндірістерде мал организміндегі биологиялық сұйықтың құрамын автоматты түрде анықтау үшін химиялық реактивтердің жиынтық наборлары шығарылады. Олардың ішінде автоанализаторлар да бар.
Көптеген химиялық реактивтер тотығу, ылғалдану, бұзылу салдарынан өз қасиеттерін өзгертуі мүмкін. Сондықтан оларды сақтауға белгілі бір жағдай жасау керек: төменгі температура, жақсы жабылатын қара шыны, ылғал сорғышы бар эксикаторлар және т.б. Мысалы, изотоппен белгіленген химиялық реактивтерді төменгі температурада сақтайды (-20ºС). Оларды қолданғанда белгілі радиоизотоптардың әрқайсысының жартылай бөлшектену уақытын есепке алып отыру керек. Күшті әсерлі, жарылуы қауіпті немесе тез от алғыш химиялық реакткивтерді сақтауға ерекше жағдайлар жасау қажет.
Лабораторияларда жұмыс істейтін қызметкерлер қолданылатын реактивтердің улылық деңгейін, жарылғыштық және жанғыштық қасиеттерін жақсы білулері керек.
Жиі және көп мөлшерде қолданылатын реактивтерді үлкен көлемді ыдыстарда, банка немесе үлкен бөтелкелерде, алған жөн. Ал аз мөлшерде, сирек қолданылатын реактивтерді, керісінше, кішкене көлемді ыдыстарда, 1-10 г мөлшерінде алады. Қымбат және сирек кездесетін реактивтерді жеке, ерекше жағдайда, оларды сақтау және қолдану нұсқауларын қатаң сақтай отырып ұстайды.
Ертінділерді, әсіресе олар қымбат және сирек кездесетін реактивтерден дайындалатын болса, шығынды көп шығармай, тек керекті мөлшерде ғана дайындауға дағдылану керек. Көп уақыт сақталған реактивтер бұзылады және оларды сақтайтын үлкен ыдыстар лабораторияда орын алады. Кейде көп уақыт сақталған қатты реактивтер кесекке айналып, оларды банкалардан алудың өзі қиынға соғады. Ол кесектерді ұсақтау керек бола қалған жағдайда темір таяқшаны қолдануға болмайды, фарфор шпателін немесе шыны таяқшаны қолданады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет