Тақырыбы : Аймақтағы өсімдіктер мен жануар қорының тізімі



бет4/4
Дата12.12.2023
өлшемі332,78 Kb.
#196461
1   2   3   4
Байланысты:
срс 5

Құстар әлемі бай. Тоғайларда кәсіпкерлік түрі қырғаул болып табылады. Далаларда жабайы құстар мекендейді: ергежейлі бүркіт, кезқұйрық, оба бүркіті, ителкі және т.б. Сонымен бірге мұнда сексеуілді торғайлар, дуадақтар, сұр тырналар, бөденелер, саджалар, сексеуілді сойкалар және т.б. мекендейді. Су айдынында көптеген ұшпалы құстар түрлері кездеседі. Олар: үйрек, қаз, аққу, ақ және сұр балшықшы түрлері. Тауларда күркетауықтар, алпілік ұзақтар, таулы құрлар, түйетауықтар мекендейді.

Табиғаты

Облыстың табиғаты мен жер бедері ала-құла. Балқаш және Алакөлге ұласатын солтүстігі көлбеуленген құмды жазық алқап. Бұл өңір негізінен антропогеннің аллювийлік және эолдық шөгінділерінен түзілген. Оның басым бөлігін Сарыесікатыраудың, Тауқұмның, Лөкқұмның, Қарақұмның, Қорғанқұмның қырқалы және төбешікті құмды алқаптары алып жатыр. Балқаш маңы жазығының Іле аңғары өтетін атыраулық бөлігі көне құрғақ арналармен тілімделген. Солтүстік шығыста Жетісу Алатауы мен Барлық тауының аралығында Жетісу (Жоңғар) қақпасы орналасқан.

  • Облыстың шығысын Жетісу Алатауының сілемдері толығымен қамтыған. Олар тауаралық ойпаңдар мен қазаншұңқырлар арқылы бөлінген. Осы тұста Жетісу Алатауының ең биік тауы — Бесбақан (4442 м) орналасқан. Тау сілемдерінде 1300-ден астам мұздық бар, олардың жалпы ауданы 1,0 мың км2-ге жуық. Жетісу Алатауының кейбір сілемдері (Қолдытау, Алтынемел, Малайсары, Тышқантау, Текелі, Сайқан т.б.) өзен маңындағы жазық өңірлерге сұғына еніп жатыр. Облыстың оңт. Және оңтүстік-шығысы Іле, Күнгей, Теріскей Алатаулары, Кетпен (Ұзынқара) жотасы және Солтүстік Тянь-Шань сілемдерінің т.б. жоталарынан құралған. Жетісу Алатауы мен Іле, Күнгей Алатаулары және Кетпен таулары аралығында Іле ойысы (аңғары) жатыр. Алматы облысының оңтүстік-батысын және батысын Шу, Іле таулы үстірттері мен далалары қамтыған (Жусандала, Бозой, Қараой үстірттері).

Көлсай көлі
Түрген сарқырамасы
Текелі тауы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет