Қалалық аурухананың жылдық есеп сараптамасы және сапа көрсеткіштерін есептеу
Стационар мен емханалардың медициналық құжаттары:
«Амбулаториялық науқастың медициналық картасы» е/ф №025
«Анықталған диагнозды жазу парағы» (медициналық картаға желімденеді)
«Ақырғы (анықталған) диагноздарды тіркеу үшін арналған статистикалық талон» ф/е №025-2
«Емхана дәрігерінің күнделігі» е/ф №039
«Емхана, диспансер орта медициналық қызметкерлері жұмысының күнделігі» е/ф №039-1
«Дәрігер қабылдауына талон» (е/ф 025-4)
«Диспансерлік бақылау картасы» е/ф №030
«Диспансерлеуді есепке алу картасы» е/ф №131
«Еңбекке жарамсыздық парағын тіркеу кітабы» е/ф №036
«Дәрігерді үйге шақыру кітабы» е/ф №031
«ДЕСКна жолдама» е/ф №088
«Жұқпалы ауруларды тіркеу журналы» е/ф №060
«Амбулаторлық, стационарлық науқастың медициналық картасынан жазба» е/ф №027
«Стационарлық науқастың медициналық картасы» е/ф №003
«Науқастарды қабылдау және қабылдаудан бас тартуды тіркеу журналы» е/ф №001
«Ауруханадан шығарылған науқастың статистикалық картасы» е/ф №066
«Стационардың керует қоры мен науқастар қозғалысын есепке алу парағы» е/ф №007
«Өлу туралы дәрігерлік анықтама» е/ф №106-84
Осы және басқа да медициналық құжаттар негізінде аурухананың жылдық есебі құрастырылады. Есептер денсаулық сақтау бөліміне жолданады.
Жылдық есеп –барлық мекемелерге біртұтас ортақ. Әрқайсысы өзі атқаратын қызметке қатысты есептің бөлігін толтырады. Одан басқа жеке мекемелер (әйелдер кеңесі, перзентхана, диспансерлер т.б.) үшін жапсырмасы болады, онда арнайы бөлімдер жұмысы бөлшектеніп жазылады.
Мысал. 50 мың тұрғындарға қызмет көрсететін В. қаласының №2 емханасының сапалық көрсеткіштерін есептеңіздер.
2007 жылғы есепте терапевтке жыл бойы 130000 тұрғын қабылдауға келген, соның ішінде өз учаскілік дәрігеріне – 90000. Медициналық көмек 8000 ауыл тұрғынына көрсетілген. Туберкулезді анықтауға 2500 адам тексеруден өткізілген. 300 тіркелген науқастардың 150 асқазан 12 қатпарлы ішек жарасы ауруымен диспансерлік бақылауға алынған.
Достарыңызбен бөлісу: |