Тақырыбы : Аурушаңдықтың көрсеткіштері. Аурушаңдықты зерттеу әдістері. Стационарлар мен емханалардың жұмысын ұйымдастыру



бет4/10
Дата02.01.2022
өлшемі39,17 Kb.
#107902
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Аурушаңдықтың көрсеткіштері. Аурушаңдықты зерттеу әдістері

Кластар атаулары мен нөмірлері

І Жұқпалы және паразиттік аурулар

ІІ Ісіктер

ІІІ Эндокриндік жүйе аурулары, тамақтану бұзылысы мен зат алмасу бұзылуы

ІV Қан және қан қорыту органдарының аурулары

V Психикалық аурулар

VІ Жүйке жүйесі мен сезім мқшелерінің аурулары

VІІ Қан айналымы жүйелерінің аурулары

VІІІ Тыныс алу органдарының аурулары

ІХ Ас қорыту органдарының аурулары

Х Жыныс-зәр шығару органдарының аурулары

ХІ Жүктілік, босану мен босанудан кейінгі асқыну аурулары

ХІІ Тері және тері асты майларының аурулары

ХІІІ Сүйек-бұлшықет жүйелерінің және дәнекер тіндердің аурулары

ХІV Туабіткен ақаулар

ХV Перинаталды аурулар мен өлімнің кейбір себептері

ХVІ Дәл анықталмаған симптомдар мен жағдайлар

ХVІІ Оқыс жағдайлар, уланулар мен жарақаттанулар

ХVІІІ рубрикалар мен топтары өте көп класс (39 топ, 369 рубрикалар, яғни жеке жарақаттар мен уланулар атаулары).

Осы кластың аумақтылығы бір-біріне тәуелсіз екі негізгі топты біріктіреді:

А) жарақаттар себептері бойынша (темір жол, су, әуе транспорттарындағы оқыс жағдайлар және т.б. )

Б) жарақаттар түрлері бойынша (бас сүйегінің сынуы, аяқ-қолдар сынуы, сүйек сынуынсыз шығу, қатты ұрып алу, күю және т.б.)

Біртұтас аурулар номенклатурасын тәжірибеде қолдану: науқастарды зерттеу нәтижесінде олардың аурулары диагнозы анықталып, медициналық құжаттарға (амбулаториялық карта, ауру тарихы) жазылады. Аурушаңдықты зерттеу мақсатында көптеген диагноздар біртұтас номенклатура рубрикаларына біріктіріледі. Ол үшін диагноздар шифровкасы қолданылады – медицина қызметкері диагноз жанына халық аралық номенклатурадағы осы ауруға берілген нөмірді қояды. Шифровкадан кейін құжаттарды шифровкаға сәйкес аурулар санымен реттеп нөмірлерін орналастырады. Аурушаңдықты сәтті зерттеу және диагноз шифровкасымен жұмысты оңайлату үшін медициналық құжаттарда аурудың диагнозын дәл және терең белгілеу қажет. Диагноз орнына симптомын қоюға болмайды (бас ауру, ентікпе, қан кету т.б.). Статистика үшін ақырғы науқаты бақылау, арнайы зерттеулер (зертханалық, рентгенологиялық т.б.) арқылы анықталған диагноздар қажет. Аурушаңдықты зертеу және диагноздарды көптеген аурулар түрлерімен дұрыс шифрлау үшін диагноздарда белгілі анықтамалар жазылу керек мысалы, колит, аппендицит т.б. олардың сипатын – жедел, созылмалы – анықтау. Ісіктерді анықтауда олардың орналасу орнын көрсету, сипаттау (қатерлі, қатерсіз); тесілуде – қысылу бар жоғын көрсету т.б. Жоғары жүйке жүйесінің қан тамыр бұзылысында оның атеросклерозбен немесе басқада себептермен байланысын көрсету. Гипертониялық ауру диагнозын қою барысында оның сатысы мен қандай орган зардап шеккенін көрсетеді. Диагнозда жедел немесе созылмалы түрі, жүрек зақымдалуы бар жоғы, оның қандай клапаны зақымданғаны көрсетіледі. Оқыс жағдайлар мен жарақаттарда олардың орналасу орны, сипаты (сынық, шығу, күю т.б.); көз жарақатын айқын анықтау, соның ішінде бөгде заттар көз айнасына кіру мен күю.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет