Мәдениетіне кіріспес бұрын «мәдениет» пен «өркениет» сөздеріне қысқаша түсініктеме бере кетейік. Мәдениет – әрбір халықтың тұрмыс-салтымен, дәстүрімен тікелей байланысты ұғым. Бір әрекеттің дәстүрге сосын мәдениетке айналуы үшін оның міндетті түрде қайталанып тұруы керек. Бір халықтың дәстүрі бір адамның әдет-дағдысы секілді. Адамның әдет-дағдысы оның мінезін қалыптастырса, дәстүр де сол секілді бір халықтың дүниетанымын, болмысы мен мәдениетін қалыптастырады. Басқаша айтқанда мәдениет пен өркениет халықтың тұрмыс салтымен тікелей байланысты. Қазақстан Жалпы мәдениет сөзі Еуропаның «цивилизация» ұғымының баламасы ретінде пайда болған. Еуропалықтар әлемді отарлау саясаттарын заңдастыру мақсатында осы ұғымды шығарып, өздерінің басқа халықтарды отарлап, қанау және тонау саясатын оларға цивилизацияны жайып жатырмыз, оларды ағартып, көгертіп жатырмыз деп түсіндірген. Бұл ұғыммен он тоғызыншы ғасырдың ортасында алғаш жолыққан Османлы зиялылары сөздің түбірі Латынның «цивитас» яғни «қала» деген мағынаны білдіргендіктен, «мадина» қала түбірінен мәдениет сөзін шығарды. Тіліміздегі мәдениет сөзі Қазақ тілі орыс тілімен шекараласқанда, олардың культура сөзінің баламасы болып шыға келді. Байқағанымыздай, цивилизация да, мәдениет те отырықшы халықтардың танымын көрсетеді. Олардың пікірінше, дамудың, өркендеудің, сыпайы-әдепті болудың жолы қала болу мен отырықшы болудан өтеді. Тіпті культура деген сөздің түбірінде жер өңдеу мағынасы жатыр. Ал Ибн Халдунның өркениет сөзінің баламасы ретінде қолданған «’умран» сөзінде құрылыс, ғимарат мағыналары бар. Бұл әрине отырықшы халықтардың көзқарасы. Шын мәнінде өркениет тарихының басынан бастап, Адам атаның Абыл мен Қабыл балалары мысалындай, адам тұрмысында екі түрлі өмір салты бар еді: отырықшылық пен көшпенділік, я да егіншілік пен Қырғызстанмалшылық. Осы екі тұрмыс салтына байланысты екі түрлі өркениет қалыптасты. Бұл екеуін бір-біріне жау деп сипаттау дұрыс емес. Әйтсе де бірінің өлшемімен екіншісін өлшеу де дұрыс емес. Екі түрлі тіршілік пен екі түрлі салт дәстүр екі басқа дүниетаным, екі басқа қоғамдық қатынастарды тудырды. Бұл жерде баса назар аударатын жай – көшпенділердің өзіндік «мәдениет» қалыптастырғандығы. Әу баста көшпенділер үстем еді, бірақ ақырында Қабылдың Абылды өлтіргеніндей, отырықшы өркениет көшпенді өркениеттің түбіне жетті, отын сөндірді. Алайда көшпенді өмір салты жоғалса да, көшпенділердің қалыптастырған өркениеті, дүниетанымы жоғалмады. Бұл өркениет Түркі өркениетінің негізін құрады, өзегін қалыптастырды Түркия Республикасына айналуы астананың космополит Ыстанбұлдан шалғайдағы, Анадолыдағы Анкараға ауысуымен бекітілді» деп жазады.Түркия
Қазақ мәдениетінің Түркі өркениетінің тұнық халін сақтауының екінші бір себебі география жағынан қазақ елінің Түркі әлемінің нақ ортасында орналасуы болып табылады. Қазақтарды Араб-Парсы мәдениеті ықпалынан Түркі әлемі мен Араб-Парсы әлемінің ортасында тұрған өзбектер қорғап қалса, Қытай мәдениеті ықпалынан Түркі әлемінің шығысында орналасқан ұйғырлар қорғап қалды. Ал солтүстік-батыстан Түркі халықтарын бірінен соң бірін ассимиляциялап келе жатқан орыс мәдениетінің қаупінен қазақтарды татарлардың сақтап қалғандығын айту керекпіз. Егер Кеңес Одағы тағы бір он бес не жиырма жыл өмір сүргенде қазақтардың ел болып есін жиюына әлдеқайда көп уақыт қажет болар еді. Қорыта айтқанда, қазақ мәдениеті – Түркі өркениетінің жалғасы, ең тұнық халі. Қазақстан Республикасының тәуелсіз ел ретінде халықаралық аренада өз орнын алуы – бұл мәдениеттің мәңгіге сақталатындығының кепілдігі. Бір мемлекеттің әлемдегі өзіндік орнын белгілейтін тек саяси құрылым ғана емес, мәдени болмыс екендігін қабылдасақ, онда кезінде Ататүріктің Еуропа мен Араб-Парсы әлемінің ортасында өзіндік болмыс дамыту мақсатында Түркия Республикасының негізіне Түрік мәдениетін салғанындай, бүгін Ресей мен Қытай арасында өз елдігін сақтап қалу үшін Қазақстан да Түркі мәдениетін жандандыруы керек. Елбасы Назарбаевтың Түркі өркениетіне көрсетіп отырған қолдауы қазақ елінің мәдениет саясаты дұрыс бағытта ілгерлеп бара жатқандығының айқын көрсеткіші.