4.Қорытынды; Сонымен ойымызды қорытындылай келе төмендегідей тұжырымдар жасаймыз. Адам әлемі – рәміз әлемі, өйткені бұл мәнсіз әлемге мән беретін, оны әлдененің рәмізі ететін де адамзат болып табылады. Осы тұрғыда түріктер ғаламды тануда, кеңістік пен уақыт аясындағы, дүниедегі орнын анықтауда, өмір мәні мен баяндылығын табуға мүмкіндік беретін өзіндік айрықша рәміздік таным, ұғым-түсініктерді қалыптастырғандығын тұжырымдаймыз. Түрік дүниетанымы мен мәдениетінің іргелі негіздерін зерттеу міндеттері адамның әлемді бейнелеуінің әмбебапты формаларын білдіретін архетиптер мен рәміздерді айқындаусыз толымсыз болады. Сондықтан тек рационалды ғана емес, сонымен қатар, сакралды әлемді игерудің қажеттілігі туындайды. Дәстүрлі түркілік дүниетанымның рәміздік жүйесі төл құндылықтарымыздың түпкі негізі ретінде мәдени-тарихи һәм әлеуметтік болмыстағы бағыт-бағдарымызды, ұлттық мәдениетіміздің даму сабақтастығын анықтаудағы құлабыз және ұлттық болмысымызбен келешек дамуымызға өзек болатын рухани жүйе деп пайымдаймыз. Осы тұрғыдан алғанда түркілік рәміздердің мәнін зерделеу халқымыздың рухани мәдениетінің архетиптері мен түпкі санасын тануға, рухани жалғастық жүлгесінің үзілмеуіне алып келетіні анық.
.