Тақырыбы: Қ. Бекхожин «Ақсақ Темір мен ақын»
(баллада)
Сабақтың мақсаты: Талдау жұмыстары арқылы білім көкжиектерін кеңейтуге, шығармашылық тапсырмалар арқылы сыни тұрғыдан ойлау жүйелі сөйлеу, сауатты жаза білу қабілеттерін дамытуға, бір-бірін тыңдай білуге, ойларын еркін жеткізе білулері үшін қолайлы орта құру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Сабақты өткен тақырыппен байланыстыра отырып, «Ақсақ Темір мен ақын» балладасының мазмұнына әр алуан танымдық, шығармашылық бағыттағы тапсырмалар орындату арқылы білімдерін жетілдіру;
Тәрбиелік: Балладаны талдап, поэтикалық тілін ашу барысында сан түрлі сұрақтар қойып, пікірталас ұйымдастыруда балаларды тұшымды ойлар айтып, бір-бірінің ойларын тыңдай білуге үйрету;
Дамытушылық: Тақырыпқа байланысты шығармашылық тапсырмалар орындату арқылы сыни тұрғыдан ойлау, жүйелі сөйлеу, сауатты жаза білу қабілеттерін дамыту.
Баладан күтілетін нәтижелер:
1) Талдау жұмыстарын жасау барысында көркем әдебиетке, баллада жанрын оқуға деген құлшыныстары артады;
2) Тақырыпқа байланысты қойылған сұрақтарға өнімді жауап қайтарып, топта барынша ұтымды етіп талқылай алады;
3) Бір-бірінің баллада мазмұнына байланысты көзқарастарын, ойларын бөлісу барысында сөздік қорларын байытып, сөйлеу мәдениеттерін дамыта алады.
Көрнекіліктер: Қ.Бекхожин суреті, Ақсақ Темір суреті, Самарқан, Мысыр, Бағдат қалаларының суреттері, слайд, интербелсенді тақта, дидактикалық материалдар
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың типі: сайыс сабақ
Әдіс-тәсілдері: СКТ, Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары («Ойланыңыз, жұптасыңыз, талқылаңыз», «Венн диаграммасы», «Топтастыру» (ассоцация), «Кейіпкерге хат»).
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, музыка, география.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
- Оқушылар есіктен “Қара жорға” биін билеп шығады. Биді билеп болған соң
амандасу
- түгендеу
- оқушыларды үш түрлі түсті гүл (қызыл, сары, ақ) суреттерінің көмегімен 3топқа бөлу, бағалау парақшаларын, топ аттарын жазуға арналған парақшаларды таратып беру, топ аттарын, ұрандарын, топ басшыларын сайлату.
І-кезең: «Тегімді менің сұрасаң» Әр топ өзін таныстырады
- зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй жұмысын тексеру
ІІ-кезең: «Ұшқыр ой – жылдам жауап»
СТО технологиясының «Ойланыңыз, жұптасыңыз, талқылаңыз» стратегиясын қолдана отырып, сұрақтар қою.
1-топ: Қалижан Бекхожин кім? (Қ. Бекхожин – лирик,эпик,сыншы, әдебиетші, аудармашы)
2-топ: Қ. Бекхожин қай жылы қандай оқу орнын бітірді? (1942 жылы Қазақстан Мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін тәмамдады)
3-топ: Ақын қандай жанрларды биікке көтерген? (Ақын поэма,баллада, сонет жанрларын биікке көтерді)
Жалпы сұрақ: Ақын туралы қосымша не білдіңдер?
Әрекеттесу кезеңдері
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
І-кезең
Қызығушылықты ояту
|
Әр топқа бір-біріне тілек жазғызады.
Нұсқау: Ойланып, ойларыңдағы бір-біріңе деген тілектерді жазып, тақтаға апарып, ілеміз.
Баллада дегеніміз не?
Нұсқау: Ойланамыз, жұптасамыз, ойымызды топта талқылаймыз.
|
Басқа топ мүшелеріне тілек жазып, тақтадағы арнайы белгіленген орынға апарып іледі.
Әркім жеке ойланады, жұптасады, ойларын топта талқылайды.
|
ІІ-кезең
Мағынаны тану
|
ІІІ-кезең: «Тығырыққа тірелгенде»
Балладаға Сатылай кешенді талдау (СКТ) жасатады
Авторы: Қ.Бекхожин
Тақырыбы: Ақсақ Темір мен ақын (тарихи тақырып)
Идеясы: шыншылдық, әділдік, ақын сөзінің өміршеңдігі. Темірді тізе бүктірген алып күш.
Жанры: баллада
шарықтау шегі
шиеленіс
байланыс
басталуы шешімі
шеші
Нұсқау: Шығарманың мазмұнын еске түсіріп, қойылған сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындаймыз.
ІV-кезең: «Білген сайын келеді, біле бергім»
Балладаның негізгі кейіпкерлері Ақсақ Темір мен Хафиз ақынға Венн диаграммасын сызғызады.
Нұсқау: 1-топ: Ақсақ Темір жайлы
2-топ: Хафиз ақын жайлы
3-топ: ортақ қасиеттері жайлы жазамыз да, жазған парақтарды тақтаға ілеміз
V-кезең: «Білгенің жақсы...»
Шығармада аты аталған Шығыстан шыққан Хафиз, Фирдоуси, Низами ақындар жайлы шағын жоба жасатады
|
Шығарманың мазмұнын, құрылысын еске түсіре отырып, тақтаға СКТ жасайды.
Кейіпкерлерге мінездеме беріп, венн диаграммасын толтырады
Шығыстан шыққан ақындар туралы жоба жұмысын жасайды.
|
ІІІ-кезең
Ой толғаныс
|
VI-кезең: «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
1-топқа: «Хафиз ақынға хат»;
2-топқа: «Қ.Бекхожинге хат»;
3-топқа: «Әмір Темірге хат» жазғызады.
Нұсқау: Жеке ойланамыз, ойымызды қағаз бетіне түсіреміз.
|
Жеке ойланады да ойларын бір парақ қағазға түсіріп, ортада ілулі тұрған почта жәшігіне салады.
|
IV. Бағалау
V. Үй тапсырмасын беру
Ғ. Мүсіреповтың М.Горькийден аударған «Өлімді жеңген ана» атты әңгімесін оқып, Ақсақ Темір іс -әрекетін білу, «Темірді тізе бүктірген алып күш» турасында эссе жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |