Қазақсанда бруцеллезбен ауыратын науқастар кездесетін облыстар:
ПАТОГЕНЕЗІ және ИММУНИТЕТІ
Бруцеллар адам ағзасына тері және шырышты қабат арқылы өтеді, аймақты лимфа түйініне түседі, қанға таралады. Қан айналымымен барлық ішкі ағзаларға тарайды және ретикулярлық эндотелиялды жүйеге енеді(бауыр, көкбауыр, сүйек кемігі). Осы ағзаларда ұзақ сақталып, қайтадан қанға түседі. Бруцеллар бұзылған уақытта эндотаксин бөледі, ол ағзаның жалпы интоксикациясын тудырады. Аурудың патогенезінде организмнің сенсебилизациялануы маңызды рөл атқарады.
Бруцеллез ауруынан соң тұрақсыз, стерилді емес, ұзаққа созылмайтын(6-9 айға дейін сақталатын) гумолалды-жасушалық(фагоцитоз, аглютиндер, комплемент байланыстырушы антиденелер және т.б) иммунитет қалыптасады.
Бруцеллезбен ауырған адамдар осы ауруға қайтадан шалдығуы мүмкін!!!
Бруцеллез патогенезi бес кезеңнен тұрады (ГЛ.Руднев,1955): лимфогендi, гематогендi, көпошақты зақымдау, экзоошақты таралу, ақырғы кезеңдерi. Әрбiр кезеңнің көpiнici, дамуы науқастың халқуатына, басқадай ерекшелiктерiне байланысты. Ауырған адамдардың бәрi бiрдей патогенездің барлық кезеңдерiн өтпейдi. Мысалы: бiр адам - ауру жұққанмен ауырмайды, бруцеллездің латенттi түpi сақталады. Екiншi науқас жедел бруцеллезбен ауырып, жазылады. Ал, үшiншiсiнде созылмалы түpi дамымайды.Сол сияқты бруцеллез инфекциясының неше алуан түрлерi болуы мүмкiн.
Бруцеллез патогенезi мен клиникасының схемасы (Г.П.Руднев, 1955)