Негізгі емі – кең спектрлі антибиотиктермен емдеу. Созылмалы түрінде антибиотиктер әсер етпейді, сондықтан арнайы имунды емдеу - өлі вакцинаны және бруцеллездік иммунды глобулинді қолданады.
Бруцеллезден сақтануда – санитарлық-гигиеналық шаралар маңызды рөл алады (соның ішінде сүтті пастеризациялау). Қазақстан Республикасында 2007 жылға дейін эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша бруцеллездік құрғақ вакцина (Brucella abortus 19BA сиыр типті вакциналық штамм) қолданылды.