Тақырыбы: “ Жарықтың шашырауы ”



бет4/4
Дата26.12.2021
өлшемі41,85 Kb.
#105881
1   2   3   4
Байланысты:
физика сроо

Қорытынды

Оптикалық сәуле (жарық) ағынының затпен өзара әсерлесуі кезінде кейбір сипаттамаларының өзгеруі. Мұндай сипаттамаларға жарық қарқындылығының кеңістіктік таралуы, жиіліктік спектр, жарықтың полярлануы жатады. Көбінесе, Жарықтың шашырауы деп ортаның кеңістіктік біртексіздігінен болатын сол ортаның өзіндік емес (меншіксіз) жарқырауын айтады. Жарықтың шашырауын жүйелі түрде кванттық электрдинамикаға негізделген сәуленің затпен әсерлесуінің кванттық теориясы мен зат құрылысының кванттық көзқарасына сүйене отырып сипаттауға болады. Бұл теория бойынша, Жарықтың шашырауының әрбір жеке актісі зат бөлшегінің энергиясы , импульсі k және полярлануы болатын фотонды жұтуы, содан кейін энергиясы , импульсі k және полярлануы болатын фотонды шығаруы деп қарастырылады (мұндағы және — түскен және шашыраған сәуле жиіліктері, k және k — толқындық векторлар). Егер шыққан фотонның энергиясы жұтылған фотонның энергиясына тең болса , онда Жарықтың шашырауы рэлейлік шашырау немесе серпімді шашырау делінеді. Ал Жарықтың шашырауы болғанда, энергия сәуле мен заттың арасында бөлінеді де, ол серпімсіз шашырау деп аталады.
Жарықтың шашырауын, көп жағдайда, сәуленің толқындық теориясы негізінде сипаттау жеткілікті. Бұл теория тұрғысынан, түскен жарық толқыны орта бөлшектерінде электр зарядтарының еріксіз тербелістерін тудырады, ал олар екінші реттік жарық толқындарының көздері болып табылады.

Пайдаланған әдебиеттер

  • 1.Жұманов К.Б. Оптика негіздері. 1-бөлім: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 321 б.

  • 2.Савельев И.В. Курс общей физики/в 3 т. - Том III.- М.: Высшая школа,  1999.

  • 3.Ландсберг Г.С. Оптика.- М.; Наука, 1976.

  • 4.Матвеев А.Н.. Оптика.- М.: Высшая школа. 1985.

  • 5.Матвеев А.Н.. Оптика.- М.: Высшая школа. 1985.

  • 6.Сивухин Д.В. Общий курс физики. - Т.4: Оптика.- М.: Наука, 1985.

  • 7.Бутиков Е.И. Оптика.- М.: Высшая школа, 1986.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет