Тақырыбы : Кеңестік білім беру жүйесін құру Орындаған : Бақдәулет Қарақат Қабылдаған : Мырзабеков. М. С



бет1/3
Дата15.11.2022
өлшемі182,35 Kb.
#158314
  1   2   3
Байланысты:
Документ (5)
Бағдарлама 9-сынып 7.9(ХХ ғ. 20-30 жылдардағы мәдениет), 119613

Қ
азақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті

Тақырыбы : Кеңестік білім беру жүйесін құру
Орындаған : Бақдәулет Қарақат
Қабылдаған : Мырзабеков.М.С
Топ: 107


Алматы,2022
1920–1930 жылдардағы Қазақстандағы ө қарсы күрес: жетістіктер мен қайшылықтар. Большевиктер билікке келген алғашқы күндерінен бастап жаппай сауатсыздықты жою үшін күрес жүргізуге кірісті.
Кеңес үкіметінің жергілікті билік органдары Азамат соғысы жағдайында мүмкіндігінше мектептер ашты. Халықты ағарту арқылы большевиктер өздерінің идеологиясын сіңіруді және қарапайым адамдардың сеніміне кіруді көздеді.
1918 жылы шілдеде Түркістан АКСР-інде Халық ағарту комиссариаты (Наркомпрос), ал бұған дейін Қырғыз революциялық комитетінде мектеп бөлімі ашылған еді. 1919 жылы желтоқсанда В.И. Ленин «РКФСР халықтары арасында сауатсыздықты жою туралы» Декретке қол қойды.
1920 жылдан бастап большевиктер Лениннің тапсырмаларын жүзеге асыра отырып, барлық жерде сауатсыздықты жою жөніндегі төтенше комиссиялар құруға кірісті. Олар хат танымайтындарды есепке алуды, мұғалім кадрларын даярлау, мектептер мен қысқа мерзімді курстар ұйымдастырумен айналысты. Курстарда оқу мен жазуды үйретумен шектелмей, табиғаттану, бухгалтерлік есеп, ән сабағы, сурет салу т.б. пәндерді оқытты. Белгілі бір дәрежеде идеология мәселесі де қатар жүргізілді. Осы мақсатта кеңестік билік органдары Алаш қайраткерлері мен халық ағартушыларын тартты. Мысалы, 1919 жылы Ақмола облысының Омбы уезінде ағарту курстарында жұмыс істеуге қоғамның сауатты азаматтары Мағжан Жұмабаев, Қошке Кемеңгеров, Әміре Исин шақырылды.
Сауатсыздықты жоюдың көшпелі пункттері, әйелдер арасындағы сауатсыздықты жою үшін қызыл отаулар, коммуна мектептері, мектеп-интернаттар, рабфактар (жұмысшы факультеттері) құрыла бастады.
Қазақстанда сауатсыздықты жою науқаны барысында көптеген кедергілер кездесті: қаражаттың жетіспеушілігі, мектеп үй-жайы және оқулықтар мен тәжірибелі мұғалімдер тапшылығы
Осыған байланысты А. Байтұрсынұлы жаңадан ашылып жатқан мектептерге 20 мың мұғалім керек екенін айтты. Ал бөлінген қаржы көлемі 2616 мұғалім мен кітапханашылардың жалақысына ғана жететін еді. Сондықтан ол жергілікті билік органдарын мектептерді өз бетінше ашуға, оларды ұстауға өз қаражаттарын жұмсауға шақырды.
1921–1922 жылдары Қазақстанның барлық губернияларында аштық жайлаған кезеңде мектеп ісінің жағдайы өте ауыр еді. Республикада қараусыз қалған жетім балалардың саны айтарлықтай өсті, олар мектептен тыс қалды. Мәселен, 1921 жылы Қазақстанда 158 мың панасыз балалар болды, ал 1922 жылы олардың саны 333 мыңға жетті. Халыққа білім беру қажеттігіне бағытталған қаражат аштықтан зардап шеккен тұрғындарға жіберілді. Мұғалімдер жиі жалақы алмады. Оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар жетіспеді.
Сауатсыздықты жою күресінде «қызыл отау» аталатын білім ошақтары жұмыс істеді. Олар отырықшы халық арасында оқу үйі атқаратын міндеттерді орындады.
1924 жылдың ақпан айында «Сауатсыздық жойылсын» қоғамының қазақстандық бөлімі жұмысын бастады. 1925 жылы қоғамның 882 бастауыш ұйымында 77 800 мүше тіркелді. Сол жылдары ұлы ағартушы А. Байтұрсынұлы қазақ тілінің фонетикалық жүйесіне бейімделген араб әліпбиін жасады. 1925 жылдан бастап халық ағарту ісіне жұмсалатын қаржы мөлшері арта түсті. Барлық үлгідегі жаңа кеңестік мектептердің желісі өсті. Соның арқасында оқушылар саны ұлғайды. Кітаптар шығару жыл сайын артып отырды. 1926 жылы сауаттылық деңгейі қазақ халқында – 6,9%, орыс халқының арасында 36%-ды құрады


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет