Тақырыбы : Ұлтаралық қарым-қатынас әлеуметтік психологиялық құбылыс ретінде



Дата11.12.2021
өлшемі29,65 Kb.
#99247
Байланысты:
10-апта ОБӨЖ психология Оразбек Күмісай ЖМА-911
Ауыл шаруашылығында Жерді қашықтықтан зондтау, 3.С. М Салық Арнагүл ҚТӘ-312, Kudaibergenov S. Alem elderi madenieti

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ- түрік университеті


ОБӨЖ
Тақырыбы : Ұлтаралық қарым-қатынас әлеуметтік психологиялық құбылыс ретінде.

Қабылдаған : Байкенже Нұргүл

Орындаған : Оразбек Күмісай

Тобы : ЖМА-911

Түркістан 2020

Психологияда қарым-қатынас мәселесін зерттеу
Психологияда қарым-қатынас мәселесін зерттеудің өз дәстүрі бар және психологияда аталған мәселені зерттеудің үш кезеңін атап көрсетуге болады.В.М.Бехтеревтің зерттеулері, ол бірінші рет адамның психикалық факторы ретінде қарым-қатынастың рөлі туралы мәселені көтереді. Бірақ Бехтеревте қарым-қатынас үрдісі өз бетімен зерттеу жұмысының нысанасы болған жоқ.
70-жылдарға дейін қарым-қатынас проблемасын талдауда теориялық-философиялық көзқарас ерекше кең тарады. Қарым-қатынас ұғымы әлеуметтілік себептілік, адам психикасының рөлі жеке тұлғаның әлеуметтенуі туралы қағиданы негіздеу үшін қолданылды. Мәселен, Л.С. Выготскийдің еңбектерінде қарым-қатынас адамның психикалық дамуының факторы, оны реттеудің шарты ретінде негізгі орынды алды.
70-жылдары қарым-қатынас психологиялық зерттеулердің дербес саласы ретінде қарастырыла бастады. Бұл кезең психологияда қарым-қатынас мәселесінің шын мәнінде дүниеге келген кезеңі болып табылады.

Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың біреуі – қарым-қатынас. Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну, оның дамып-жетілуін талдау мүмкін емес.

Қарым-қатынас түрлері мен формалары бойынша әр алуан. Тура, жанама, тікелей, біреу арқылы (тікелей емес). Алғашқысы тікелей қарым-қатынас, соның негізінде тікелей емес қарым-қатынас пайда болады.

Тікелей емес қарым-қатынас – жазбаша түрдегі немесе техникалық құралды пайдалану негізіндегі толық емес психологиялық контакт.

Адамзат тәжірибесін игеруде жазудың, кітаптың, басқа әртүрлі техникалық құралдың пайда болуы тікелей емес қарым-қатынас жасаудың жүйесін күрделендірді.

Қарым-катынас әрі қарай жеке адамаралық және көпшіліктік қарым-қатынас болып бөлінеді. Жеке адамаралық қарым-қатынас – топтарда, жұптарда жеке дара ерекшеліктерін білу, қайғы-қуанышына ортақтасу, түсіну, бірігіп іс-әрекет ету негіздерінде қалыптасатын түрі.

Көпшіліктік қарым-қатынас – көшпе түрдегі таныс емес адамдардың және көпшіліктік мәлімет құралдары арқылы қарым-қатынас жасау, осындай қатынастың түріне өнер, эстетикалық қарым-қатынастарды да жатқызады.

Қарым-қатынас –бұл біріңғай іс-әрекеттің қажеттіліктерінен туындайтын адамдар арасындағы байланыстың жан-жақты даму үрдісі.

Қарым-қатынас адамдардың бір-бірімен байланысы,оның барысында психикалық байланыс пайда болады,ол ақпарат алмасу,өзара әсер ету,өзара көңіл білдіуру.

Этносаралық қарым-қатынасты анықтаудың бастысы, оларды бүгінгі таңда үлкен этникалық топтар арасындағы қарым-қатынас ретінде қарастырылады. Дегенмен бiздi ұлтаралық қатынастар үшiн ғана тән, психологиялық оқиғалар және процесстер айрықша болмағанын түсiнемiз. Топаралық және ұлтаралық қарым-қатынас үшін универсалды болып табылады.

Әлемдік психологиялық ғылымда қазірге дейін «топаралық» және «ұлтаралық қарым қатынас», «топаралық» және «ұлтаралық тәрбие», «топаралық» және «ұлтаралық өзара әрекеттестік» түсініктерінің термині нақты емес. Оның жалғасы ретінде, қазіргі әлеуметтік және ұлттық психология түсініктері тең дәрежеде жиі қолданылады.

Ұлтаралық қарым-қатынаста әлеуметтік-психологиялық өзектілік ретінде көрсете отырып, басты қажеті ұлтаралық қарым-қатынас аймағындағы психологиялық зерттеудің пәнін анықтау қажет. Ұлтаралық қарым-қатынастағы әлеуметтік-психологиялық принціптік ерекшелігі әлеуметтік этникалық проблеманы қазіргі психологияда көңіл аударудың ортасы ұлтаралық процестер және әртүрлі байланыс, қоғамдық қарым-қатынас емес, ішкі көрініс және осы процесстерді тұлғаның қабылдауы, ұлттық этникалық топтың мүшесі ретінде когнетивті эмоциялық орта, этносаралық қарым-қатынастың дамуына шынайы белгіленеді.

Қоғамдық қарым-қатынасқа қарағанда жеке адам-аралық қарым-қатынастың табиғаты бөлекше, оның өзіндік ерекшелігі – эмоциялық негізінің болуы. Адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа түскенде, оның бір-біріне деген әртүрлі көзқарастары сезімдер негізінде қалыптасады. Психология ғылымы жеке тұлғаның эмоциялық көріністерінің үш түрін немесе үш деңгейін бөліп қарастырады: аффектілер, эмоциялар мен сезімдер. Жеке адам-аралық қарым-қатынаста осылардың бәрі де көрініс бергенімен, көбінесе сезімдерге баса көңіл аударылады, олардың өзін екі топқа бөліп қарастыру қабылдаған:

1) конъюнктивті – адамдарды жақындататын, біріктіретін, бірлескен іс-әрекетке итермелейтін сезімдер;

2) дизъюнктивті – адамдарды бір-бірінен аластататын, бірлескен іс-әрекеттен қашқақтататын сезімдер. Жеке адамаралық қарым-қатынасты зерттеуде американ психологы Дж. Морено (1958) ұсынған социометрия әдісі кең қолданылады. Социометрия негізінде нақты іс-әрекет кезіндегі шағын топтың қарым-қатынасын (жақтыру, жақтырмау) анықтауға болады. Дегенмен, топты толық зерттеу үшін тек социометрия әдісі жеткіліксіз болып табылады.

Қорытынды:

Кеңестік психологияда қарым-қатынасты, бір жағынан, іс-әрекеттің бір түрі, екіншіден, іс-әрекеттің өзіндік көрінісі деген ұғымда қолдану басым. Қарым-қатынастың іс-әрекетке кіріктірілуі оған қатысушылардың әрекеттерін “үйлестіріп” немесе “үйлестірмей” іске асыруы қарым-қатынастың ерекше әсеріне байланысты.
Қарым-қатынастың құрылымы шартты түрде талдау мақсатымен, көбіне оның бір-бірімен тығыз байланысты үш жағын қарастырады: коммуникативті, интерактивті, перцептивті.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет