Тақырыбы : Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың сипаттамасы және олардың зардаптары



бет2/2
Дата18.12.2022
өлшемі71,63 Kb.
#163148
1   2
Байланысты:
реферат (копия)

Метеорологиялық сипаттағы табиғи ауыртпалықтарға қатты тұратын желді ( жылдамдығы 25 м/с биік), толассыз нөсер жауын шашынды (12 сағат арасында 50 мм немесе одан көп мөлшерде болса), ірі бұршақтың түсуін (бұршақтың көлденең мөлшері 20 мм және одан да үлкен), күшті қар жаууын (12 сағат арасында 20 мм немесе одан көп мөлшерде), қарлы борандарды (жел жылдамдығы 15 м/с көп болса), шаңды және құмды борандарды, вегетациялық мерзімде ауа температурасының күрт төмендеуін (қатқақ болған жағдай), қақаған аязды немесе шыжыған аптап ауа-райын жатқызады.
Ауадағы желдің жылжуы үшін 12-баллдық Бофорт бағанасы анықталған. Дауыл зор қиратқыш күші бар және айтарлықтай ұзақ уақыт тұратын, жылдамдығы 32,6 м/с ( 117,3 км/сағ) асатын, яғни 12баллды жел. Сондай-ақ дауылдар деп Тынық Мұхиттың Орталық Америка маңайында пайда болатын тропикалық циклондарды да айтады. Қиыр Шығыста, ұнді Мұхиттың аудандарында болатын тропикалық циклондарды тайфун деп атап кеткен. Тропикалық циклондар желдің жылдамдығы көбіне 50 м/с асып тұрады. Циклондар мен тайфундар, әдетте, қарқынды жауын-шашынмен бірге жүреді, мұндай нәрселер жиі кездерде дауылды желдердің өздерінен де қауіпті.
Егер дауылдан болған апат аумағындағы қиратуына салыстырмалы түрдегі кішігірім дауылды желдің территориясындағы қиратуды қоссақ, онда дауылдың ені жүздеген километрмен, кейде ІОООкм-мен өлшенеді. Тайфундардың қирату жолы әдетте 15-45 км құрайды. Дауылдың орташа ұзақтығы 9-12 күн.
Борандар ретінде Бофорт бағанасында 8-11 баллды желдер саналады. Күшті борандар (тасқындар) кейде дауыл деп те аталады. Желдің жылдамдылығы 15-30 м/сек жетеді. Тасқынның ұзақтығы -бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін, ені оннан жүз километрге дейін барады. Олар да, айтарлықтай, жауынның түсуімен жүреді. Кейде кенеттен басталатын күшті желдер кездейсоқ пайда болып ұзақ тұрмайды. Олардың жылдамдығы 10 минут арасында Зм/с-ден ЗОм/с дейін күрт көтеріледі.
Кейбір дауылдар апаттың қуатты күштерінің бірі болып табылады және өзінің қирату әрекетінде жер сілкініске жол бермейді. Олар өзімен бірге орасан зор әнергия әкеледі. Орташа қуатты дауылдың бір сағатта жұмсайтын әнергия мөлшері 36 миллион тонналық ядролық жарылысқа тең! Дауылды жел өте берік құрылыстарды бүлдіріп, жеңіл құрылыстарды құлатады; егінді алқаптарды суырып, әлектр желілерінің сымдарын үзеді, бағаналарын жығады; көпірлерді, ағаштарды түбімен қопарып тастайды, кемелерді суға батырады, түрлі техногенді аварияларға себеп болады. Дауыл бөгендер мен бөгеттерді бұзып су тасқынға алып келген, поездарды рельстерінен лақтырып кеткен, фабрика құбырларын құлатқан, кемелерді құрлыққы шығарып тастаған оқиғалар болып жатты. Теңіздердегі тараған дауылды желдер биіктігі 10-12м немесе одан да биік толқындарды көтере алады.
Қыс кезінде боранды желдер орасан мөлшердегі қарды суырып жоғары жылдамдықпен бір жерден алып екінші жерге ауыстырады. Қар басумен бірге өтетін қарлы борандар кейде нағыз мәнінде апатқа айналады: үйлерді, шаруашылық құрылыстарды қар басады, күртік қардың биіктігі 4 қабатты үйлердің шатырына дейін жетіп қалады, көліктің барлық түріндегі жүрісі тоқталады, байланыс жүйелері, әлектр-, су-, жылу беретін желілер жұмыстары бұзылады, адам адасуы, өлімі де сирек емес. Қарлы борандардың жолы (ені) салыстырмалы түрде үлкен емес — ондаған километр. Жаз күндері дауылмен бірге келетін нөсерлер таулы жерлерде сел тасқындарға және шөккіндерге себеп болатыны түсінікті.
Тозаңданған немесе құм дауылдары шөл және шөлейт далаларда бірнеше жүз мыңдаған шаршы километр аймақтарды көміп тастай отырып, топырақ пен құмның орасан массасын (миллиондаған тонналар) жүздеген, тіпті мыңдаған километр қашықтыққа апарып тасымалдайды. Далалық алқапта осындай жағдай әдетте жер жыртуы дұрыс жасалмаған кезде болып тұрады.
Температураның кенет төмендеп кетуінен қар жауып, боран соғуы мұз тұруға — конструкциялар мен заттардың бетін мұз немесе ылғал қар басуына себепкер болады. Мұз тұру мынадай түрлерге: көк тайғақ, қатқақ, ылғал қар мен қатқан қардың қабаттануы болып бөлінеді. Әсіресе, мұз тұру әлектр қуатын беру желілері үшін қауіпті келеді — олар үзіледі, көбіне транспорт жұмысы да тоқталады.
Ауа қозғалыс қатарына құйындар да жатады. Құйын -жоғары көтерілетін ауаның айналма формасы, мөлшері жағынан ауа қозғалысының ең кіші түрі, ал айналу жылдамдығынан ең шапшаң келеді. Ол тез айналатын дәу воронканы, бұлттан түскен піл тұмсығын елестетеді. Бұл әрекетте ауамен бірге су, құм, шаң бөлшектері суырылып аспанға көтеріледі.
Құйындар көбіне ыстық ауа райында және жоғары ылғалдылықта пайда болады, яғни атмосфераның төменгі қабаттарында тұрақсыздық байқалғанда. Олар су айдын үстінде, сондай-ақ, құрлықта да жер шарының көптеген аймақтарында түзіледі, әдетте пәстегі жауынды бұлттан, кейде ашық күнде де туындайды, көбіне найзағаймен, бұршақпен, ерекше күшті нөсермен ере жүреді. Құйынның пайда болатын уақыты мен тұрақты жері ешқандай болжамға келмейді.
Құйынның ішкі қуысы, әдетте бос болып келеді, шеңбері көлденеңінде ондаған метрден жүздеген метрге барады. Қабырғаларында ауа серіппе тәрізді айналады және жылдамдығы 200
м/с ( 700 км/сағ.) жетуі де жиі кездеседі. Тығыздау келген құйындардың қабырғаларының қалыңдығы ішкі қуысының енінен айтарлықтай аз, аздаған метрмен өлшенеді, бостауларында- керісінше. Құйынның өзі сорғыш сияқты бұлтқа қарай әр түрлі заттарды, адамдар мен жануарларды және тағы басқаны ішкі қуысымен емес, қабырғамен жылжытып тартып немесе көтеріп әкетеді. Ауаның қысымы ішкі қуыста перефериясындағына қарағанда қашанда төмен; физика тұрғысынан алғанда, қысымның осындай едәуір айрмашылығы заттарды сіңіру әффектісіне себеп болады. Жылжи отырып құйындар заттарды ондаған километр қашықтыққа алып кетеді. Құйынның өзінің біртұтас түрінде жылжу жылдамдығы шамада 50-60 км/сағ, ал орташа ені 350-400 м.
Құйындарға төбелер, орман, теңіз, көл мен өзендер тосқауыл бола алмайды. Кішігірім көлді кесіп өткенде құйын оны толық құрғатып жіберуі мүмкін. Құйынның жылжуындағы ерекшеліктің бірі -оның секіруі. Жермен келе жатып ол уақытша ауаға көтеріліп, жерге тимей кетеді де қайта төмендейді.
Қуатты құйындардың әрекеті таңқаларлық, ал психологиялық әффекті адамдарға әсер еткенде суреттеуге келмейді. Ауаға көтеріліп бірнеше шақырым жерге автомобильдер, кішігірім үйлер, түбірімен жұлынған ағаштар тасымалдануы мүмкін. Сондай-ақ өндіріс ғимараттары, коммуникация желілері де зақымдануы ғажап емес. Теңіздерде көтерілген құйындар құрлыққа шыққанда күшін бәсеңдетпей қайта арттыра түседі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет