Тақырыбы: 14 – Наурыз көрісу Амал мерекесі Мақсаты



Дата11.06.2024
өлшемі17,54 Kb.
#203317
Байланысты:
Жұлдыз “Көрісу”


Тақырыбы: 14 – Наурыз көрісу Амал мерекесі
Мақсаты: Оқушыларды қазағымыздың салт - дәстүрлерінің бірі амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге сыйластыққа баулу.


Мұғалім: Бір жасыңыз құтты болсын! Жыл жасыңыз құтты болсын!
Амал күні қазағым көріседі
Көрісу, бұл көненің желісі еді
Жасың құтты болсын деп жамырасып,
Ақ ниетпен адал бол деліседі
Көріседі көңілдер жібісін деп
Көріседі тасысын ырысың деп
Көріседі көк мұзда жібісін деп
Көріседі оң болсын ырысың деп
- Бәріміздің асыға күткен Амал да мерекеміз де келіп жетті. «Амал келді, жыл келді» тәрбие сағатын бастаймыз!


Оқушылар:
Жиналған жұрт: Анау жерде жүрген кім? Бұл Қожанасыр емес пе? Ау, Қожеке мында келіңіз, мында келіңіз.
Ортаға Қожанасыр келіп:
Жамағат, менің сөйлейін деп тұрғаным не нәрсенің жайы, білесіңдер ме?
- Жооқ, білмейміз
- білмесеңдер, білмейтін нәрселерің жайынан қалай сөйлеймін?- деп тағы кетіп қалады.
- Енді Қожеке сұрағанда білеміз дейік - деп келіседі
- Жамағат, мен не жайында сөйлемекпін, білесіңдер ме?
- Білеміз, білеміз - деп шулайды.
- Өздерің біліп тұрсаңдар, мен несін айтайын - деп тағы кетіп қалады.
- Енді Қожеке сұрай қалса, білетініміз де бар, білмейтініз де бар деп айтайық - деп келіседі
- Жамағат, мен нені айтайын деп тұрмын білесіңдер ме?
- Білетініміз де бар, білмейтініз де бар - деп шулайды.
- Олай болса, білетіндерің білмейтіндерге үйретсін, білмейтіндерің білетіндеріңнен үйренсін - деп мінбеден түсіп кетеді.
Ой мынауың не деп кетті? Нені білуіміз керек? Нені білмейміз?
Уа, халайық! Бүгін үлкен мереке, үлкен той! Ата - бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы! Бұл біздің халқымызда күн мен түн теңелер мезгіл. Жер жүзі көгеріп, көктеп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып жаңаратын шақ. қорада қой қоздап, түйе боздап, бір малы екеу болып, аузы аққа тиіп, мол ырысқа кенелетін жайдарман шақ.Бүгін көрісу ғой. Ендеше көрісейік.


Мұғалім: Көрісу (Амал мерекесі деп те аталады) — Қазақстанның батыс өңірі мен Ресейдіңшекаралас аймақтарындағы қазақтардың арасында сақталған ежелгі дәстүр.14 наурыз - Көрісу мейрамы, амал мерекесі. Көрісу күнінде халық қыстан аман - есен шыққанына қуанып, бір - бірімен қол алысады. Бұл күні барлық өкпе - реніш ұмытылып, кешіріледі.
Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәттісін үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман - есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады. Міндетті түрде әр адам үш үйдің есігін ашу керек, яғни түске дейін үш үйге кіріп, көрісіп үлгеруі керек. Бұл жоралғы жыл бойы балаларымыз тоқ жүрсін, дастарханымыз аралас болсын, қарым - қатынасымызға сызат түспесін деген ниеттен туған.


Оқушылар: Көрініс көрсетеді




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет