Тақырыбы: 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс Мақсаты: Білімділік



бет2/2
Дата01.02.2022
өлшемі211,84 Kb.
#130425
1   2
Байланысты:
00076e58-8362a9ca

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау.

«Көпір» Сұрақ-жауап

1. Жоламан Тіленішұлы бастаған шаруалар көтерілісі болған жылдарды ата

Ж: 18221825 ж.ж

2.Жоламан батырдың атасы кім?

Ж: Бөгенбай батыр

3. Жаңаелек шекара шебі бекінісінің құрылысы қашан аяқталды?

Ж: 1835 жылы

4.1825-1826 жылдры Сібір және Орынбор аймақтық өкімет орындарына ашу-ызаға толы хаттар жазған Абылайдың отызыншы ұлы кім?

Ж: Қасым сұлтан

5. ХІХ-ғасырдың 20-30 жылдарындағы Орта жүз қазақтарының Ресей империясына қарсы қозғалысын кімдер басқарды?

Ж: ХІХ-ғасырдың 20 - 30 жылдарындағы Орта жүз қазақтарының Ресей империясына

қарсы қозғалысын Қасым Абылайұлы және Саржан Қасымұлы басқарды



ІІІ.Жаңа сабақ (топтық жүмыс)

Жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетінше меңгеруіне жағдай жасау:



«Білу» теориясы бойынша жұмыс
Бос орынға қажетті сөздерді жаз.

1. Кенесары Қасымұлы 18021847 жылдары өмір сүрді.

2. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс 1837 жылы басталды.

3. Кенесары көтерілісінің басты мақсаттары:

а) патша үкіметінің отарлық саясатын тежеу,

ә) Қоқандықтардың тепкісінен қазақтарды азат ету,

4. Көтерілістің аумағы бүкіл Қазақстан жері болды

5. Көтерілістің басты қозғаушы күші қазақ шаруалары мен 80 - нен астам ақсүйектер болды.

6. 1841 жылы қыркүйекте Кенесары Қасымұлы хан сайланды.

7. 1844 жылы 20-21 шілдеде Кенесары хан Тобыл өзенінің жағасында Жантөре сұлтанның әскеріне қарсы соққы берді. Бұл шайқаста 44 сұлтан мерт болды.

8. 1845 жылы ақпан айында Кенесарыға Долгов және Герн бастаған елшілер келді.

Олардың мақсаты: Кенесарының Ресейге бағынуын және соғысты тоқтатуды талап ету. Бірақ Кенесары патша үкіметі қойған талаптарды орындаудан бас тартты.



9. 1847 жылы Майтөбе шайқасында Кенесары 32 сұлтанмен бірге қаза тапты.
«Түсіну» теориясы

Себебін анықта:

1.Кенесары көтерілісің басталу себебін анықта

Ж: Себебі патша үкіметі мен Қоқан хандығы қазақ жерін отарлады, хан билігін жойды, салық түрлерін көбейтіп, халықты аяусыз езгіледі.

2.Неліктен Кенесары Қазақ жерінің Ресейге қосылып үлгермеген жерлерін қорғауға ұмтылды?

Ж: Себебі Патша үкіметі бекіністер салу арқылы жайылымдық жерлерді тартап ала бастады, алым-салықтардың түрлері көбейді.

3.Кенесары Қоқан хандығына қарсы не себепті күресті ?

Ж: Себебі Ұлы жүздің бір бөлігі мен Кіші жүз жері Қоқан хандығының иелігінде болып, салықтар жиналды; Қоқандықтарға қарсы күресте Кенесарыңың ағасы Саржан және інілері мен әкесі қайтыс болды.

4.Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс не себепті жеңіліс тапты?

Ж: Себебі Кенесары өзін қолдамаған ауылдарға күш көрсетті;



Қоқандықтармен соғыста әлсіреген көтерілісшілер Ресейге қарсы біріге алмады;

Ақсүйектер сатқындық жасады.



5. Кенесарының өліміне не себеп болды?

Ж: Қырғыз манаптарының қолынан қаза тапты
«Талдау» теориясы:

Тақырыптың басты идеясы:

Кенесары Қасымұлының көтерілісі Патшалы Ресейге де, Қоқан хандығына да бағытталып, екіжақұты жүргізілді.



Ұқсастығы:

Олардың екеуі де Қазақ жерін бекіністер салу арқылы отарлап, жерлерін иемденуді мақсат етті және алым-салық жинау арқылы халықты қанады.



Айырмашылығы:

Қоқан хандығы Ұлы жүз бен Кіші жүздің бір бөлігін ғана өз билігінде ұстады. Кенесарының туыстарының өліміне тікелей қатысты болды. 1845 жыл Кенесары Қоқандықтардың бекіністері Жүлек, Созақ, Жаңақорғанды тартып алды. Ал патша үкіметі бүкіл Қазақстан аумағын біртіндеп жаулап ала бастады, жайылым жерлерді тартып алды, хан билігін жойды. 1838 жылы Кенесары әскері Ақмола бекінісін басып алды. 1845 жылы Кенесарыға Долгов пен Герн бастаған орыс елшілері келді. Бірақ Кенесары олардың шарттарын қабылдаудан бас тартты.

.

Венн диаграммасы арқылы салыстыр

Қоқан хандығы Ұқсастығы Патша үкіметі

«Жинақтау» теориясы:
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс


1837 - 1847 ж.ж


1845 ж Жүлек,Созақ Жаңақорған





1838ж Ақмола бекінісі алынды

Мақсаты



патша үкіметінің отарлық саясатын тежеу





Қоқандықтардың тепкісінен қазақтарды азат ету




1846 ж. Меркіні қолға алды


1845 ж Долгов пен Герн келді

Оқулықпен жұмыс (5 минут)

Қолдану практикасы картамен жұмыс

Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс болған жерлерді картамен көрсет





«Бағалау» Сен қалай ойлайсың

1.Кенесары Қасымұлы көтерілісі жеңіске жеткен жағдайда Қазақ халқы өз тәуелсіздігіне

ертерек қол жеткізе алар ма еді ? (өз ойыңды жаз)

2. Кенесарыны неліктен «Қазақтың соңғы ханы » деп атайды ?



Ж: Кенесарыны қазақтың соңғы ханы деп атау себебі 1841 жылы Кенесары өз хандығын құрды, бірақ хандық ұзақ өмір сүре алмады. Қазақ жерінде одан кейін хан сайлауы болған жоқ.
Үйге тапсырма §12-13, хронологиямен жұмыс, тест тапсырмаларын орындау

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет