Шукурбекова Сауле Боранбековна,
№25 Т. Рысқұлов атындағы
мектеп-гимназиясының
тарих пәнінің мұғалімі.
Шымкент қаласы.
Тақырыбы: 1929-1931 ж.ж. шаруалар көтерілісі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Кеңестік дәуірдегі халқымыз бастан кешірген оқиғаларды саралап, пікірлесу арқылы талдай отырып, оқушылардың тарихи оқиғаларға баға беру алу дағдысын дамыту.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеті мен шығармашылық ізденіс, дағдыларын сыни тұрғыдан қалыптастыру, еркін ойын айта білу мен сөйлеу мәдениетіне баулу.
Тәрбиелік: Оқушыларға сол кезеңдегі қазақ халқының басына төнген ауыр қасіреттен шығудың жолын іздеген ел азаматтарының істерін үлгі ете отырып, патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: семинар сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, пікір-талас, пікірлесу
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, газеттер, трек схемасы, тарихи кітаптар, плакатқа жазылған қанатты сөздер
Қосымша әдебиеттері: Көкіш Рысбайұлы “Қазақстан Республикасының тарихы”. Алматы, 1999ж., Т. Омарбеков “ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері.” А-2001ж. Қосымша газет-журналдар: Ақиқат 1993ж. Сәуір “Қарақұмдағы қарулы қарсылық”, “Балқаштағы бас көтеру”
Сабақтың жоспары:
І кезең
Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастырудың зардаптары.
Қазақстандағы 1930-1932 ж.ж. ашаршылық ұлы нәубет.
ІІ кезең
1929-1931 ж.ж. шаруалар көтерілісінің себебі, тарихы.
Созақ көтерілісі
ІІІ кезең
Маңғыстаудағы көтеріліс.
Көтерілістердің тарихта алатын орны.
Ұжымдастыру жылдары республика аумағында қанша толқулар мен көтерілістер орын алды?
А) 372 В) 572 С) 272
Себебі: Ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс укладының қиратылуына, орташалар мен кедейлерді кулактар ретінде жоюға қарсылық.
Қазақстанда 1929-31 жылдардағы қарулы көтерілістің себебі не?
А) Ауылшаруашылығы салығының көбеюі
В) Күштеп ұжымдастыруға қарсылық
С) Шаруалардың шұрайлы жерлерінен айырылуы
Достарыңызбен бөлісу: |