Тақырыбы 33
|
Қасым Аманжолов. «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы
|
Мақсаты
|
Оқушылар Қасым Аманжолов өмірі мен шығармашылығы туралы біледі,«Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасын түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, поэмаға композициялық талдау жасай алады.
|
Күтілетін нәтиже
|
Қ.Аманжолов шығармаларын біледі, поэма мазмұнымен танысады,, кейіпкерін талдайды, шығармашылығын дамытады.
|
7 модульдің қолданылуы
|
АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”.
|
Қолданыла-
тын әдіс-тәсілдер
|
«Маңызды мәлімет», «ИНСЕРТ» , «Топтастыру», «Сатылай кешенді талдау элементтері», «Поэзия минуты» «Сұрақтар тізбегі» , «Ашық және жабық сұрақтар»
|
Қолданылатын ресурстар
|
Хронологиялық кесте, маркерлер, стикерлер, ноутбук, бағалау жетондары
|
Ұйымдасты-
ру кезеңі
Сәлемдесу
Түгендеу
Тренинг
|
Оқушылармен амандасып, «Бүгінгі алатын бағам» сандарды дене қимылдарымен бейнелейту
«Сандарды бейнеле»
|
.
Оқушылар сабақта алатын бағаларын дене қимылдарымен бейнелейді.
|
Сабақ кезеңдері
|
Тапсырма
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
Үй тапсырмасын тексеру
|
«Маңызды мәлімет»
|
Үйге берілген сыныптан тыс оқу бойынша «Маңызды мәлімет» арқылы сұраймын
|
«Ғ.Мұстафин шығармаларынан маңызды мәлімет» оқушылар жазып келген мәліметтерін айтып, ортаға салады. Қатысқан оқушылар жетон жинап, көп ұпай алуға тырысады.
|
Қызығушылығын ояту
|
«Өзім туралы» ән шумағы
|
Музыка пәнінің мұғалімі «Өзім туралы» әнді домбырамен орындайды.
–Бұл кімнің әні?
Қ.Аманжолов туралы білесіңдер ме?
|
Оқушылар әннің бір шумағын орындайды.
«Инсерт» кестесін толтырады.
|
Негізгі бөлім
|
4 жұпқа тапсырма:
1.«Хронология
-лық кесте»,
2. «Топтастыру» Абдолла бейнесін ашу
3. «Аялдап оқу» әдісі
4. «Бейнелі сөздер»
|
4 жұпқа тапсырма беріледі.
Топтарға қосымша деректер, топшамалар беріледі.
|
Оқушылар жұп болып, тапсырманы орындайды.
1-жұп. «Қасым өмірі мен шығармашылығы» Хронологиялық кестемен жұмыс жасайды.
2. А.Жұмағалиев өмірі туралы оқып, «Топтастыру» әдісімен таныстырады.
3. Поэманы оқып, талдап, композициялық жоспар құрады.
4. Поэмадан Абдоллаға арналған бейнелі сөздерді табады.
|
|
Поэзия минуты
|
Поэмадан қалаған үзіндісін оқытамын.
|
Оқушылар қалаған өлең шумағын оқып, алған әсерін айтады.
|
Жинақтау
|
«Сұрақтар тізбегі» әдісі
|
Әр жұпқа топшамадағы сұрақтарды беремін.
|
Оқушылар топшамадағы сұрақтарды қатыстырып, жаңа тақырып бойынша ашық, жабық сұрақтар әзірлейді.
|
Бағалау
|
«Бағалау жетондары»
|
Әр жұптың жинаған жетондарына қарай бағалайды.
|
Жұптар тапсырма орындаған сайын алған жетондарын санап, критерий бойынша өз-өздерін бағалайды.
|
Рефлексия
Үйге тапсырма
|
«Бес саусақ» әдісі
|
Параққа бес саусағын салу ұсынылып, әр саусаққа сабақтан алған әсерлерін жаздырады.
Қ.Аманжолов өмірі мен шығармаларын оқып келу, «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасын оқу, түсінгенін жазып келу.
|
Оқушылар бес саусақтың сұрақтарына жауап жазады. Әсерлерін жазады.
|