Басқа топтарда көрнекі көрсетуге, бірінші топтан қалмауға тырысты. Тапсырмалардан кейін оқушыларға сергіту жұмысын орындаттым. Сергіту сәтіне барлығы бірге орындарынан тұрды, тақтадан музыкасымен бірге іс қимылдарды көрсетілген көріністі қолданып, 3 минут билеттім, оқушылар барлық қимылдарды орындап, сергіп қалды, яғни бұл сергіту сәтінің керектігін тағы да дәлелдеді. Бір-біріне 3 рет шапалақ соқты.
Топтар орындаған тапсырмалары бойынша сабақты қорытындылап, сұрақтарға жауаптар берді. Оқушылар топқа қосылып жинақталып, қорытындыларын айтты. Әр топ не түйгендері туралы негізгі мәліметтерді, ақылдаса отырып, қорытындылады.
Сабағыма бақылаушылар және бағалаушылар ретінде әріптестерім, мектеп директоры қатысты, оларға бақылау және бағалау парақтарын сабақ басталарда таратылған, олардың бағалаларын оқушылардың бағалаумен қатар алып, қортынды бағаны шығардым, себебі оқушылардың бағалаулары әлі де дәл, әділ болған жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |