Тақырыбы: «7 модульді сабақта тиімді пайдалану түрлері»



бет1/5
Дата08.06.2018
өлшемі2,23 Mb.
#41657
  1   2   3   4   5
Тақырыбы:

«7 МОДУЛЬДІ САБАҚТА ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ТҮРЛЕРІ»

(өз тәжірибемнен)

Ақтөбе облысы Қобда ауданы

Қобда гимназиясының физика пәнінің мұғалімі: Казбекова Ж.С.

7 МОДУЛЬДІ САБАҚТА ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ТҮРЛЕРІ.

(өз тәжірибемнен)

Мен физика пәнінен 7кластың 20 оқушысымен Күн жүйесінің құрылысы туралы ежелгі ғалымдардың көзқарастары тақырыбында сабақ өткіздім. Бұл сабаққа Күн жүйесінің құрылысы туралы ежелгі ғалымдардың көзқарастарын түсіндіру деген мақсат қойып, күтілетін нәтижеге Күн жүйесінің құрылысын түсіндіру, ежелгі ғалымдардың көзқарастары туралы негізгі білім беріп, жалпы Күннің негізгі қасиеттерін түсінеді деген нәтиже күттім.

Оқыту формасына жұппен, топпен жұмыс, диалогтық әдіс, ЖИГСО әдісін қолдану, АКТ-ны пайдаланып, қолдануға мақсат қойдым.

Ресурстарға 7 класқа арналған электронды оқулық, графопроектор, интерактивті тақтамен слайдтар, интернет ресурстардан («Ұстаз» газеті, www.ustaz.kz) алынған материалдар, Күн жүйесінің македтерін қолдандым.

Сабағымды бастамас бұрын оқушылармен амандасып, оларды түгендеп, топқа бөлу жұмыстарын жүргіздім.

Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау үшін қажет (Мұғалімге арналған нұсқаулық 57 бет) бақылау арқылы, одан арғы оқу туралы шешімді қабылау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жинақтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин-бағалауды (Мұғалімге арналған нұсқаулық 56 бет), сабағыма бақылаушылар және бағалаушылар ретінде әріптестерім, мектеп директоры қатысты, оларға бақылау және бағалау парақтарын бердім, себебі оқушылардың бағалаулары әлі де дәл, әділ болған жоқ.

Әлеуметтік сенімдер ынталандыру, құптамалаумен байланысты, көптеген адамдар бір кездері өздеріне айтылған сөздердің олардың өз-өзіне деген сенімділігіне әсер еткенін естеріне ұзақ уақыт сақтайды. Әрине, жағымды пікірлер өзіндік тиімділігін арттырса, жағымсыз пікірлер оны әлсірете түспек. Демек, оқушылардың өзіндік тиімділігін жоғарлатудан төмендету әлдеқайда жеңіл. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 26 бет) Сондықтан, бірінші сабағымда сәтті шыққан «Мен» тұжырымдамасын қалыптастыру, сабаққа зейінін бөлу мақсатында психологиялық тренинг өткіздім: Жігер деген МЕН, Күш деген МЕН, Денсаулық деген МЕН, Адалдық деген МЕН, Бәрі маған байланысты, Бәрі менің қолымда! слайдпен көрсетіп, қимылдарын өзім оқушылармен бірге орындадым.

Қиылған суреттерді жинау арқылы топқа бөлдім: билайн, актив, кселл, теле2, нео, осы жерде байланыс қызметінің аспан сферасымен арасындағы байланысын айтып, қазіргі кездегі Күн жүйесіндегі өзгерістерге тоқталдым. Оқушыларды 5 топ 4 оқушыдан және топ мүшелеріне (басшы, хатшы, уақыт белгішеуші, хабарлаушы) қызметтерін бөліп бердім, алдыңғы өткізілген сабақтардан топтасуға бейімделген оқушылар топқа жылдам бөлінді, бұл мені өте қуантты, себебі алғашқы сабақтарымда олар топқа бөлініп, басқа кластастарымен отырғысы келмейтіндігін айтатын еді.



Үй тапсырмасына көшу барысында Күн жүйесі туралы жинақтаған материлдарын қолданып, (плакаттар беріледі, суреттер салынады) ассоциация әдісімен тақырыпты талдап, жаңа тақырыптың негізгі идеясын оқушылар өздері ашты. Топпен жұмыс жасап, негізгі білімдерін толықтырып, жұмыстарын қорғады. Оқушылардың бұл белсенділігіне әріптестерімді таңқалдырды, себебі олар 7 минуттың ішінде өте жақсы постерлер шығарды және интернеттен алынған ақпараттары арқылы ізденгендіктерін қорғау кезінде көрсетті. Бұл тапсырма кезінде әріптестерім оқушылардың белсенділігінің, қызығушылықтарының өте жоғары дейгейде болғандығын атап, бұл әдістің тиімідігін айтты, себебі мерекелік іс-шараларға қатысты шығарылған газеттерді оқушылар мұндай жылдамдықпен шығармайтындығын атап өтті.



Зерттеулерге негізделген және ең үздік оқушыларды анықтайтын сенімді өлшемдерді тиімді қолдануға болады, соның ішінде икемділік арқылы басқаларға қарағанда ойлау қабілеттері жақсы ұйымдастырылған, дегенмен олар оқуда және проблемаларды шешуде балама шешімдерді көріп, қабылдай алады(Мұғалімге арналған нұсқаулық 73 бет), осындай ерекшеліктер қарастыру арқылы жақсы оқитын Қуатбек пен Аминаны дарынды және талантты оқушылар қатарына кіргізуге болады, себебі Қуатбек Күннің қозғалысына қатысты проблемаларды шешуде балама шешімдерді көріп, ол Күнді айнала орналасқан планеталардың ара қашықтыққа орналасуына байланысты және тәулік санына қатысты жылдамдықтарының да әр түрлі болуын себебін айтып өткен еді. Ал Амина Меркурий планетасының серігінің бар немесе жоқтығын, Күннен келген ыстықтын +180- +200 болғандықтан оны зерттеу қиын екендігін айтып, түсіндіріп өтті.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет