Тақырыбы: «7 модульді сабақта тиімді пайдалану түрлері»



бет2/5
Дата08.06.2018
өлшемі2,23 Mb.
#41657
1   2   3   4   5

Оқушылардың айтқандарын жинақтап, технологиялық білім сыныпта АКТ-ны қолдану жөнінегі білімдерді қамтып, (Мұғалімге арналған нұсқаулық 65 бет) интерактивті тақтамен, графопроектормен слайдтар арқылы тақырыптың мазмұны қамтылған негізгі көріністерді көрсетіп, македті қолдану арқылы көрнекі түрде түсінік бердім. Көне замандағы әлем құрылысы туралы алғашқы түсініктер өте қарапайым және олар діни нанымдармен астасып жатқандығын айтып өткен болатмын. Соның ішінде Күн жүйесінің құрылысы туралы ежелгі ғалымдардың көзқарастары әртүрлі айтылғандығын түсіндірдім. Ежелгі Греция ғалымдары дүниенің геоцентрлік жүйесінің негізінде алып, IV ғасырда өмір сүрген ежелгі грек ойшылы, ғалым-энциклопедист Аристотель осы пікірді ұстанып, Жерді қозғалмайды деп есептеді. Көптеген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Коперник планеталар қозғалысының жаңа жүйесін жасады. Оның «Аспан сфераларының айналуы туралы» деп аталатын еңбегі 1543 жылы жарық көрді. Н.Коперник планеталар жүйесінің центріне Күнді орналастырғандықтан, бұл жүйе гелиоцентрлік жүйе деп аталды. Коперник ілімін көптеген ғалымдар: Тихо Браге, Джордано Бруно, Иоганн Кеплер, Галилео Глаилей, Исаак Ньютон одан әрі дамытты.Н.Коперник теориясы физика мен астрономияның және тұтас жаратылыстаудың дамуына аса маңызды рөль атқарады. Соның негізінде ғылымға қозғалыстың салыстырмалылығы және санақ жүйесі деген ұғымдар енгізілді. Тек осы теория негізінде И.Кеплер мен И.Ньютон қозғалыстың нақты заңдарын аша алды. Осы жерде оқушыларға ақпаратты бағалауға, ұйымдастыруға сақтауға көмектеседі, оқушылар жеке таңдау жасайды (Мұғалімге арналған нұсқаулық 70 бет), себебі ақпаратты түрлі көрнекіліктер арқылы беруге, ақпаратты алуда таңдау жасауға мүмкіндік бердім.

Түсіндірілген тақырыпты әр қарай меңгеріп, топпен жұмысты нығайту үшін сыни тұрғыдан ойлау- бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың және синтездеуге бағытталған пәндік шешім (Мұғалімге арналған нұсқаулық 49 бет) болғандықтан сыни тұрғыдан ойлауды қолдану арқылы жаңа тақырыпты 5 топқа бөліп бердім, яғни ЖИГСО әдісін пайдаландым.

Оқушылар топпен жұмыс жасап, тақырыпты бөлініп берілген бөлімдері бойынша оқып, (бір-бірін тыңдады) сабаққа, тақырыпқа қатысты бір-бірінің айтқандарына ұқсатпай, қайталамай бір сөзден немесе сөйлем айтып шықты, сонда оқушылар қызығушылықтары мен белсенділіктерін көрсетті, себебі жылдам, қайталамай жауап беріп, бір-бірінің айтқандарын тыңдап, дұрыстап отырды. Осы арқылы топпен жұмыстың тиімділігін тағы да көрінді.

Сонымен қатар, сабаққа (таратпа материалда 3 диаграмма 79 бет) оқушының қабілеттерін шектеуге әсер ететін сыртқы факторларды эмоциялық, әлеуметтік, зияткерлік салалары бойынша төмен оқитын оқушымен жұмыс жасау барысында Дулат атты оқушымның қабілеттерінің дамуына ықпал ету барысында сенімділік сезімін көтеріп, өз күшіне сенімділігін туғызу үшін білім алуға оң көзбен қарауға ықпал етіп, жеңіл жабық сұрақтардан бастап, ынталандыру арқылы өзін-өзі бағалауды қалыптастыруға тырыстым. Күннің қозғалыс, планеталардың қозғалысы тақырыптары өткен тақырыпта қарастырылғандықтан, Дулат осы тақырып бойынша қысқаша мағлұматтар беріп, топ болып оның дұрыс жауап бергендігін нақтылап, үш шапалақ соқтық. Бұл тапсырмадан кейін ынталанған Дулат сабаққа аралас бастады, қызығушылық танытып, берілген тапсырмаларды шамасы келгенше орындады, жеңіл жабық сұрақтардан қысқамерзімді, қолжетімді мақсаттар қою арқылы , келесі сабақтарда тапсырмаларды бірте-бірте күрделендірдім, берілген тапсырмаға қызығушылығын тудырып, оны орындауға жеткілікті уақыт беріп, топпен талқылау арқылы жауап беруге тапсырма бердім. Осы кезде байқағаным оқушы өз ойын сенімді жеткізіп, топ мүшелерімен диалог құрып, араласып, қарым-қатынас жасай бастады, жаңа тапсырманы сеніммен орындады.



Топтар бір-біріне осы тақырып бойынша 1 қызықты сұрақ қойды, барлығы топпен ақылдасып сұраққа жауап берді. Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады; олар ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлеледеріне сенімсіздікпен қарай отырып, ештенеге сенбейді, мұндай адамдар жанашыл идеялар мен келешекке ашық болады(Мұғалімге арналған нұсқаулық 54 бет), сондықтан оқушылар берілген тапсырмаларды ынтамен жылдам орындап шықты, кейбір топ белсенділері жауаптарын көрнекі түрде көрсетті. Бірінші топ мүшелері Әдемі Күн болып ортада тұрды, Жасұлан Меркурий, Гүлдана Шолпан, ал Дархан Жер болып, Коперниктің гелиоцентрлік жүйесін көрнекі көрсетіп, оның планеталардың эллипс бойымен қозғалатындығын топ болып дәлелдер берді. Екінші топ мүшелері Амина Жер болып өз осінен айналса, Іңкәр Ай болып Жерді айналып, Ай Жердің серігі екенін көрсетіп өтті, Жангелді Шолпан, ал Дәурен Марс болып Жердің сыртқы және ішкі планеталарын бейнеледі. Үшінші топ мүшелері алып планеталардың орналасуын көрсету үшін Аида Юпитер, Айдана Сатурн, Абылай Уран, ал Ергенгүл Нептун планеталарының Күннен қаншалықты алыс екендігін айтып, қалайша орналасқандықтарын айтып өтті. Төртінші топ мүшелері жоғарғы планеталармен таныстырып, Маржангүл Марс, Айдана Юпитер, Дулат Сатурн, ал Куатбек Уран болып, осы планеталардың қозғалсын көрсетті. Сонымен қатар, бесінші топта төменгі планеталардың қозғалысын бейнелеп шықты, бірақ жауаптары толық болған жоқ, Арнат Күн болып, Карина Жер, Айдана Меркурий, Гүлмайра Шолпан планеталарының тек қозғалыстарын көрсетті, бұл топқа сын тұрғысынан ойлану жетпегендігін байқадым. Бұл топтық жұмыстың тиімділігі болды, себебі топ бірігіп, барлығы қатысып, бір сұраққа толық жауап берді, ізденді, сын тұрғысынан ойланды.


Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет