Оқушылардың бағалау парақтары
Оқушылардың көңіл-күйі
Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін смайликтер арқылы көрсеттті.
Үйге тапсырма: Планеталардың қозғалысы.Күннің жылдық қозғалысы туралы оқу. «Жол, орын ауыстыру» туралы қызықты мағлұматтарды жинақауды және интернет ресурстардан ізденуді бердім.
Сабағым жақсы өтті, оқушылардың белсенділігі өзіме ұнады, олардың айтуынан, сабағымда біршама өзгерістер болды. Бұл сабақта оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын байқадым. Психологиялық тренинг, топтық жұмыстың пайдасы өте көп деп ұқтым.
Негізінен ұстаздық жолымның бастау алғанына тоғыз жылдай уақыт болса да мектеп өмірі мен үшін оттай ыстық, көңіліме жақын, сол бір қоңырау үні 45 минуттық білім сағатына шақырып тұратын.
Ұстаз болу – жүрек батылдығын, батырлығын қажет етеді. Ұстаз білімді, еңбекқор, бала жанын түсіне алатын болса ғана ұстаздық кәсіптің негізгі жетістігін көріге болады.
Егер оқушының алдына үлкен мақсат қоя білсе ғана, жетістіке қарай жүріп, нәтижеге, биікке ұмтылады. Оқушыларды болашақ өмірге дайындауда, олардың талантты, білімді азамат болуы үшін тәрбиенің барлық түрін жан-жақты жүргізіп, барлық әдістерді пайдалану керек..
Тәуелсіз еліміздің берік тірегі – білімді ұрпақ. Сол жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған үлкен бір мәселе – оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, саналы, рухани бай, салауатты, жан-жақтыдамыған жеке азамат даярлау – бүгінгі ұстаздардың басты мақсаты екені барлығына белгілі. Ертеңгі болашағымыздың сапалы білім, саналы тәрбие алуы – қазіргі қоғамдағы ұстаздарға байланысты. Оның ішінде маған да байланысты, сондықтан сабақта әртүрлі жаңаша әдістер пайдалану, жаңадан қалыптасып келе жатқан оқушыға өте пайдалы деп есептеймін, себебі оқушылар жаңашылдыққа өте бейім болып келеді. Сондықтан да «Қазақстандық жол – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын қолдау барысында біздер ұстаздар, оқушыларға білімді жан-жақты игертіп, жаңашылдыққа барынша тартсақ, үлкен жетістіктер мен нәтижелерге жетуге болады деп сенемін және осы жолда өз үлесімді қосуға дайынмын!
Достарыңызбен бөлісу: |