Тақырыбы: Абай мен шәкәрімнің ақиқат танымдық алгебрасы.
Мақсаты:
1. Абай мен Шәкәрімнің ақиқат танымдық алгебрасыындағы қара сөздер , өлең – жұмбақтар арқылы оқуға, білімге шақыру. Үшбұрыштар тақырыбы бойынша пифогор теоремасын қолданып есептер шығаруда білімдерін тексеру.
2. теориялық білімін практикада ұштастырып логикалық ойлау қабілетін, танымын, пәнге қызығушылығын дамыту, шығармашылық қызметін арттыру.
3. Оқушылардың белсенділігін арттыру,өз бетінше ізденуге тәрбиелеу.
Барысы:
Ұйымдастыру.
Абай мен Шәкәрімнің ақиқат танымдық алгебрасы
«Ой-жұмбақ»
Ізденіс жұмыстары
Қорытынды
Пән мұғ: Кәзіргі кезде есімі әлемге әйгілі Ұла Абай атамыздың кейінгі ұрпақтарға қалдырған асыл мұралары ақыл мен адамгершіліктің, тағлым мен тәрбиенің өнегесіне айналып отыр. «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы еріңбе», - деп С.Торайғыров айтқандайөнегелі өсиет айтқымыз келсе аузымызға «Абай атамыз айтқандай» деген сөз тіркестері оралады. Сол асыл мұралардың бір саласы - Абай мен Шәкәрімнәң ақиқаттанымдық алгебрасы. Бүгінгі сабағымызда Абай ,Шәкәрім жұмбақтары арқылы оқушыларды білімге,ғылымға шақыруының кәзіргі заман тұрғысындағы маңызын көрсетуді мақсат еттім.
Уа, халайық, халайық,
Бәріне жар салайық.
Бүгінгі күн төрінде,
Математика елінде.
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып ,
Шабыт тасып шалқысып,
Жұмбақ шерді шашайық
Ат салысып аянбай,
Бар өнерге басайық.
Математика ғылымдар патшасы деп,
Мойындаған бар ғалым жер шарында.
Сол қағида тағы да дәлелденбек,
Бүгінгі күн бағдарлы жоспарында.
Шабыттынып шалқытқан ақын сөзі
Құлағын сал біздерге нақыл сөзі,
«Өлең құрау тұнған бұл математика
Төрт амалға бағынар жердің жүзі».
Осылайша әдебиеттің саласында
Бағындырып тастайық және бізде.
Ойлы да өрнекті сөздердің патшасы Абай мен Шәкәрім білім тану
жұмбақтарын ақыл –ой ұстарту жұмыстарына шебер пайдалана білген ұстаз ақындар. Шәкәрім өзінің ұлы Ахат Құдайбердиевке «Жұмбақ ермек үшінайтылмайды, адам баламының тапқырлық, сезімталдық қасиеттерін ұшқырлау үшін тәрбиелік мақсатта айтылуы қажет. Сондықтан оның айтылуы мен шешілуі де өзара дәл келуі керек», - деп айтқан.
Достарыңызбен бөлісу: |