Алкоголь және ұрпақ
Ақ арақтан бір босамай кесеміз,
Әркімдерге кетіп жатыр есеміз.
Бар өмірің бұлдыр-бұлдыр бірдеңе,
Жын соққандай беймәлім күй кешеміз.
Сол арақтың емес пе еді кесірі,
Үйде отырып бала тапты неше қыз?!
Бірақ біздер қалай арақ ішпейміз?!
Күнде мас боп жүрсе әке-шешеміз.
Айналайын ақылы бар ағайын!
Ұлтың менен ұрпақ қамын жесеңіз,
Алдыменен өзің ішпе арақты,
Балаң ертең адам болсын десеңіз!
Апатқа апарар үш індет (темекі, арақ, есірткі)
Автторы: Н. Қайырмұхаммед
Елбасының Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан-2030» Стратегиясының бір бөлімін денсаулық
сақтау мәселесіне арнаған. Онда «Арақ ішпе, темекі тартпа, аурудың алдын ал, спортпен
шұғылдан» дей отырып, өзі спортпен шұғылданып, біздерге жас ұрпаққа үлгі болуда.
Спорт пен арақ бір-бірінпе қарама-қарсы екенін білеміз. Сүйте тұра көптеген
жасөспірімдер арақ ішіп денсаулықтарына көңіл бөлмейді. «Дені саудың – жаны сау» деп
халқымыз бекер айтпаған. Өкінішке орай жастар арасында арақ ішіп көптеген қылмысқа
баратын жастарымыз көпшілік. Жасөспірімдердің арақ ішуіне әрине қоғам кінәлі, өйткені
олар ересектерге еліктейді. Арақты алғаш ішкеннің өзінде-ақ жүрек айныу, бас айналу,
құсқысы келуі, жүрек соғуының жиілігі, тамақтың, өңештің және қарынның түйілуі,
байқалады. Жүйке жүйесінің ауыр зақымдануына алып келеді, жыныстық қатынас
арқылы жұғатын аурулармен ауыру мүмкіндігі күшейеді. Алкогольдің әсерінен
бауырдың, жүректің жұмысын нашарлатып, бедеулік қаупі пайда болады және
ұрпақтың дене бітімі мен ойлау қабілеті дұрыс жетілмей нәтижесінде дүниеге келген
ұрпақ мүгедек болып туылады. Өйтіп ұрпағымызға қиянат жасамауымыз керек.
Ұрпақтың болашағы мына біз жастарымыздың қолында дер едім. Сондықтан
жастарымыз зиянды әдеттерден аулақ болулары керек. Жастардың тәрбиесіне қоғам,
жанұя және мектебіміз тікелей жауапты болуы тиіс. Дамыған мемлекеттер қатарына
қосылу үшін білімді, дені сау ұрпақ өсіруіміз керек.
Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
Манашы орта мектебі
Биология пәні мұғалімі
Ильясова Анар
Бунақденелілер жайлы қызықты деректер
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы
Манашы орта мектебі
Биология пәні мұғалімі
Ильясова Анар
Жәндіктердің қалай пайда болғандығы жөнінде ортақ көзқарас жоқтың қасы. Олардың
арғы бабалары қырықаяқтар деп саналған, алайда генетикалық ьалдау
шаянтәріздестермен туыстас екендігін дәлелдеп отыр.
Қабыршақ сауыт созылмайды. Сондықтан жәндіктер жетілгенше (дернәсіл сатысында), ескі жабынын тастап, деміл-деміл түлеп отырады. Оның орнына уақыт өткен сайын қатая түсетін жаңа қабат пайда болады.
Жайлы үй
Ауа туннельдерді бойлап таза және салқын болып қалады. Жаңбыр суы құлама қабырғаларды бойлай ағып термит илеуінің ішіне өтпейді.
Термиттер 1-неше миллион жәндік тұратын үлкен және күрделі термит илеуін салады. Термиттер өздерінің үйін сілекейлеп, саздан жапсырады, құрғағаннан соң бұл материал цемент сиякты берік болады.
Термиттердің әртүрлі жер үстіндегі құрылыстары «сәулетімен» және көлемімен дараланады. Кейде олар шағын төбе ретінде көрніс табады биіктігі 15 м-ге дейін барады. Олар түнде ғана шығып илеу тұрғызады. Термиттер –ең ежелгі жәндіктер. Ғалымдар 120 млн жыл бұрын пайда болған деп есептейді. Олар 20-30 жыл тіршілік етеді. Аналық пен аталық көбейгеннен кейін ұшып барып кешікпей 1 жерге қонып қанатын сындырып екеуі жұптасып тіршілік етеді. Аналық денесі ұлғайып өздігінен қорғана алмайтын халге жетеді. Сүйтіп одан1 тәулігіне 3 мың жұмыртқа салады. Сүйтіп үйлерге зиян келтіреді жер сілкінген жағдайда үй қабырғалары ортасына түседі «Сырты бүтін болғанымен іші түтін»
Термиттердің салған сәулеті кейде олар шағын төбе ретінде кқрніс табады
Термиттер мен жарғаққанаттылар (соналар, аралар және құмырсқалар) үлкен отбасымен өмір сүреді. Оларды мынадай күрделі өзара қатынастар байланыстырады, ертеректе адамдар жәндіктер отбасы- ханшайымы, жауынгерлері, құлдары бар нағыз мемлекет деп ұйғарған. Бұл, әрине, олай емес. Бұл құбылыстың мәнін американдық ғалым У. М. Уиллер ұсынған «жоғарғы аұза» термині көрсете алады. Шындығында, ағза жасушалары сияқты, ұйымшыл жәндіктердің де отбасы мүшелері белгілі бір қызметтерді атқарады және жеке-дара тіршілік ете алмайды, оларды жалпы тегі, азық пен ақпарат алмасуы біріктіреді.
Құмырсқалар – дернәсілдері жібек пілләда қуыршаққа айналады. Құмырсқалар қамын ойлап зыр жүгіретін жұмыртқалар ішінде қуыршақтары бар пілләлар осылар
Егіншілер мен малшылар
Жапырақ кескіш- құмырсқалар түбін қопсытатын саңырауқұлақтар тек солардың ғана илеуінде өседі, сондықтан әрбір болашақ ханшайым, туған илеуін тастап бара жатқан кезде саңырауқұлақтың бір қиқымын өзімен бірге алып кетеді. Ол –отбасының болашақ көркеюінің кепілі.
Қоңыздар. Ұшатын – « Фонарлар»
Жарқырыуық қоңыздырдың құрсақтарында жарық шығаратын мүшелері бар. Жарық белгілері арқылы осы қоңыздар бір-бірін қараңғыда тауып алады.Жарқырауық қоңыздаршұғыласының жоғарғы тиімділігі таң қалдырарлық-барлық жұмсалған қуаттың 98%-ы бірден сәулеге айналады, ал энергия сақтаушы шырақта бұл тек 45%-ды ғана құрайды.
Қи қоңыздар қидан шар жасайды, оңаша жерге домалатып апарады. Бір шаралрды өздері жейді, ал басқаларына аналығы жұмыртқа салады.
Қи қоңыздар қидан шар жасайды оңаша жерге домалатып апарады. Бір шарларды өздері жейді, ал басқаларына аналығы жұмыртқа салады.
Қоңыз көлемі күшті түрленіп отырады. Бұл топқа ең бір ұсақ жәндіктер (ұзындығы 0,4 мм түктіқанатты қоңыздар) мен 100 г тартатын голиаф –қоңыз сияқты алыптары да жатады.
Австралиялық қоңыздар өздеріне бейтаныс сиыр мен қой жапаларына жайбарақат қарады, ал бұл жайылымның құлдырауына әкеліп соқтырды. Бұл тығырықтан Африкадан арнайы әкелінген қиқоңыздар құтқарып қалды.
Мүйізді қоңыздардың дернәсілдері ортаңғы аяғының түрпітәріздес ирек мүшесін артқы аяғымен егеп, ызың әуендер шығара алады. Бірақ мұның не үшін қажет екендігін әлі күнге құпия күйінде қалуда. Тесік пайда болып, одан мұртты қоңыздар ытқып шыққан да жағдайлар орын алған.
Мұртты қоңыздар дернәсілдердің төзімділігі таңқаларлық. 40-50 жыл бұрын жасалған ағаш жиһазында кенеттен тесік пайда болып, одан мұртты қоңыздар ытқып шыққан да жағдайлар орын алған.
Жапырақ жегілер. Колорад қоңызының аналығы бір жазда 700 жұмыртқа басады. Оның екінші лектегі ұрпағы 1 тонна боташық сабағын жоюға қабілетті деп саналады.
Ұзынмұрындылар мен қабық жегілер Барлық қабық жегілердің өзіне тән ерекшеліктері бар: денелерінің артқы ұштарын терң тісшелер қаптаған, оны энтомологтар арба деп атайды. Мұның жәрдемімен қоңыздар жаңқаларды жолынан сыпырып тастап отырады.Ескертпе бояудың әсерінен күшейту үшін иелері өздерін жыртқыш көріп, жаттап алсын дегендей қалыпта ұстайды. Олар күндіз белсенді болғанымен, баяу қозғалады.
Бұл қызық
Жәндіктердің ішкі қаңқасы жоқ. Денесіне жеңіл және берік заттан құралатын сыртқы жабын тірек болады.
Аралар
Отбасының негізін салушы аналықпен жұмысшы аралар арасындағы айырмашылық үлкен емес. Егер аналық өліп кетсе, онда оның қызметін қыздарының бірі мойына алады. Сол сәттен бастап ол да жұмыртқа сала бастайды.
Бал араларын адамдар 5 мың жыл бұрын қолға үйреткен. Адамдар олардан бал, балауыз, прополис (ара желімі) және көптеген аурулардың емдеуде қолданылатын ара уын алуды үйренді.
Көк жүзі бұлт құрсауында қалған кезде аралар көрінер-көрінбес күннен бағдар алады, өйткені олардың көздері одан түсіп тұрған ультракүлгін сәулені аңғарады.
Түкті аралар Еуразияны, Африка мен Американы жайлайды, бірақ олар Австралияда ізім-қайым жоқ. Осы құрлыққа түкті аралар арнайы тасып әкелінеді, себебі осы тозаңдатқыштар сыз беделер аз ғана ұрық салған.
Шегірткелер
54 км/сағ дейін үдетеді және әуеде жүздеген шақырым қашықтыққа самғайды.
Саяқ шегірткенің аталығы болмайды тек аналық шегіртке болады. Оның жұмыртқасынан тек аналық шегірткелер пайда болады. Қанатты көкқасқалармен күресу мүмкін емес. Бірақ оның көбеюінің алдын алуға болады, ол үшін жұмыртқа салған жерді назарда ұстап, инсектицидтер көмегімен дернәсілдерді құрту қажет.
Жапония мен Қытайда шырылдауықтар отбасы, ошақ қасының қорғаушысы ретінде үлкен сүйіспеншілік пен құрметке ие. Шырылдауықтарды ежелден әсем «әндері» үшін ұстап, тіпті олардың арасында бәсекелер де ұйымдастырады.
Бұл қызық
Жасыл азық іздеу жолында ұшатын көкқасқа шегіртке жүздеген тіпті мыңдаған километрлер ұшуы мүмкін
Ханқызы
Ханқыздардың зиянкестерімен күресі биология тарихындағы ең жарқын нәтижелері. Мәселен, родолийдің австралиялық түрі әлем бойынша цитрусты өсімдіктер алқабын күзетуі дәлелденген. Ханқызы жұмыртқаны өсімдіктердің жапырақтарына салады.
Тарақандар
Тарақандар 5 төменгі температурада қырыла бастайды
Тарақан аяғында безгек тудыратын құрттар болады. Іш сүзегі, жұқпалы аурулар таратады.
Сона
Соналардың аналығы – жылқы, сиыр, түйе, бұғы сияқты жануарлардың қанымен қоректенеді. Сона түйелерді, бұғыларды, жылқыларды, сиырларды шағып оларда қарасам ауруын тудырады. Көлемі шыбыннан үлкендеу болады. Сона - шыбындардың жақын туысы. Кейбір саяқ соналар алдымен ін қазады, содан кейін осында жансызданған жұлдызқұрттарды, шегірткелерді, көбелектерді тасып әкеледі. Сона олжасын ауамен жеткізеді немесе мұртынан тартып жермен сүйрейді.
Шыбындар
Шыбын жабысқақ таяныштары көмегімен төбеде жүре алады. Шыбындар не жейді
Шыбындар тек сұйық тамақ жей алады. Бөлме шыбыны тамағын сілекейімен мол сулап, сонан соң сұйық ботқаны сорып алады, Жеміс шіркейі-дрозофила шіри бастаған жемістердің шырынын сорады. Бөлме шыбыны таңқаларлықтай тез көбейеді. Оның дамуының барлық сатысы тек екі ғана аптаға созылады, және есептелгендей, бір жазда бір жұп бөлме шыбыны 625 т салмақтағы ұрпақ дүниеге әкеле алады. Шыбын тағамға өлексеге қонып жұмыртқа салып жұмыртқадан ашқарақ құрт жүзеге келеді де тағамды өлексені ыдыратқаннан кейін топыраққа сіңіп кетеді бірнеше күннен кейін шыбындар пйда болады.
Шыбындар мен тарақандар инфекциялық аурулар таратады, дизентерия, іш сүзегі, оба ауруын таратады.
Шыбындар мен көбелектердегі дәм сезу қабілеті жақсы дамыған, олар азығын табаны мен тұмсығы арқылы жейді. Таңдайында тәттіні татып –білу жағынан дәм сезу мүшелері адам тіліндегі дәмдік үрпілерден 2 мың есе сезімтал болып келеді.
Қос қанаттылар
Көптеген жәндіктердің екі жұп қанаты, ал шыбындардың тек бір жұп қанаты бар. Бірақ бұл шыбындардың жылдам ұшуына кедергі жасамайды. Шыбындардың көру қабілеті керемет. Олардың үлкен көздері фасеткалар деп аталатын кіп-кішкентай жай көздердің көп санынан құалған. Күрделі фасеткалық көздер ең ұсақ деген заттарды көруге мүмкіндік береді.
Масалар
Қансорғыш масалардың аталыөтары өсімдік нәрлерімен қоректенсе, аналықтары бұдан бөлек, жылықанды жануарлар мен адамдардың қандарын сорумен күнелтеді. Масалардың ауыз құрылғылары тікенді-сорғыш сипатта. Аналықтар жұмыртқаны жетілдіру үшін ақуыз тағамдарын қажетсінеді, сондықтан олардың нәрлілігі олардың қаншалықты дәм тата алатындығына тәуелді. Аналық ұсақ жұмыртқаларды тоқтаған суқоймаларға жайғастырады, мұнда дернәсілдер мен қуыршақтардың жетілуі жүзеге асады. Қуыршақ одан ересек жәндік шыққаннан кейін ғана су бетіне шығады.
Кейбір жіндіктер үлкен бөлігі дернәсіл кейпінде өтеді. Мәселен, он жеті жылдық шіркейдің құрттары топырақта он жеті жыл жатады, ал ересек жәндіктің өмірі бір маусымнан кейін түгесіледі
Безгек масасы – безгек ауруын таратады.
Жыртқыш қандалалар
Есекқұрттың аналығы өз жұмыртқасын аталығының арқасына салатыны қызықты, олар ұрықты қанатының астына желімдеп, дернәсілдер бүр жарғанша, өздері де сонда қалады.
Торқанаттылар
Түйешелер де торқанаттылар тобына жатады. Олар бастары созылыңқы және алдыңғы жауырындары ұзын біртүрлі кейіптегі жәндіктер. Денесінің алдыңғы бөлігінің кейпі шындығында да түйенің басы мен мойнын еске түсіреді.
Стафилинидтер
Стафилинидтер әрқашан жылы , құрғақ және азық-ауқат, бүрге мен кенелерге кенелеген кеміргіш індерінде тіршілік етеді. Ал олардың Оңтүстік Америкада мекендейтін кейбір түрлері ірі кеміргіштердің жүндес терісінен жайлы орын тапқан.
Су асты аңшылығы
Біздің суқоймамызға бауыр басқан алуан ұсақ жүзгіш түрлер(ескекаяқтылар, балдыршылар, батпақшылар және т.б.) өзіне олжаны көлеміне қарай таңдайды және маса дернәсілдеріне қырғидай тиеді.
Төсек қандалалары мен бүргелер
Төсек қандалалары өте өміршең және ұзақ уақыт ас-ауқатсыз тіршілік ете алады. Олардың тобыры бірнеше ай бойы бос тұрған үйге бас сұққан адамға жабылып кеткен жағжайлар да орын алған.
Бүргелер
Адамзат жадысында обаның бірқатар ауқымды таралуы сақталған. 1347 жылы Еуропада басталған оба қазіргі баға бойынша , бес жылда 34 млн адамның өмірін немесе Еуропа тұрғындарының 1/3 бөлігін қиып кеткен. Бүргелер –оба ауруын тышқандар арқылы адамдарға жұқтырады. Егер бір үйдегі тышқан, құм тышқан, суырда тіршілік ететін бүргелер адамға өтсе оба ауруын таратады.
Бит-сары ауруға ем ретінде халық арасында қолданады.
Дәуіттер
Тарақандарға, дәуіттер мен термиттерге қарап отырып, олардың арасында ортақтық бар дегенге сену қиын. Оның үстіне жүйелі түрде жақын бұл топтар толық түрленбеген жәндіктер санатына жатады.
Инеліктер
Инеліктер-жәндіктердің ішіндегі ең ұшқыры. Олжасының ізіне түскен кезде жылдамдығын 54 км/сағ. Дейін үдетеді және әуеде жүздеген шақырым қашықтыққа самғайды.
Алтыаяқты аңшылар- жәндіктер әлеміндегі күрес үшін емес, өлімге таласпен өрбиді. Бұлғ әрине, адамның көзіне оңай шалына бермейді. Өйткені олардың ішінде өсімдікті талғажау ететін бейбіт жәндіктер де, өткір тісті, епті ашқарақ жыртқыштары да бар. Олар өзінен асып түсетін олжасын алып соғуға қабілетті.
Сөздікше
Антенналар- жәндіктердің “мұртшалары”, оның көмегімен иіс, дыбыс сезіне біледі. Балаңқұрт-жәндіктің бірінші, қанатсыз деңгейі. Балаңқұрт жұмыртқадан пайда болады. Өзінің құрылымы бойынша ересек жәндіктен қатты ерекшеленеді.
Жұлдызқұрт-ұзын жұмсақ денелі, алымды кеміруші жақтары және кәдімгі кішкентай көздері бар көбелектің балаңқұрты
Жыртқыш басқа жануарлар мен қоректенетін жануар
Қуыршақ –жәндіктің қозғалыссыз даму деңгейі, қуыршақтың ішіндегі балаңқұрт ересек жәндікке айналады
Өрмек - жібекке ұқсас өте жіңішке жіп, ол өрмекшінің өрмек бездері шығаратын , ауада қатып қалатын сұйықтықтан қалыптасады
Өсімдік биті – тесуші- сорушы бізтұмсығы бар ұсақ жәндік
Тозаң – гүл аталығында түзілетін ұсақ түйіршіктер
Өсімдіктің тұқымы пайда болуы үшін гүлдің аналық аузына басқа гүлдің тозаңы түсуі керек.
Фасеталық көздер – көп ұсақ кәдімгі көздер фасеткалардан құралған, жәндіктердің күрделі көздері
Шоғыр - бірге тұратын құмырсқа немесе басқа жәндіктердің көп саны
Шырын – гүлдерде түзілетін тәтті сұйықтық
Пайдаланған әдебиеттер: Балалар энциклопедиясы
Мәскеу Росмэн 2012 Жәндіктер
Достарыңызбен бөлісу: |