Гаструляция — гаструлану, ұрықтың іштегі дамуы барысында бластула жасушаларының одан әрі көбеюімен, өсуімен, жетіліп бағытты орын ауыстыруымен және сапалы айырмашылықтар мен өзгерістердің жүруімен сипатталатын күрделі биохимиялық және морфогенетикалық процесс.
Екі жолы қарастырылған : ұрық түйінінің деляменациясы (ыдырауы), екіншісі иммиграциясы(орын ауыстыруы).
Бірінші сатысы 7-тәулікте,ал екіншісі 14-15 –тәуліктерде жүреді
Деляминация сатысындаекі жапырақша пайда болады, сыртқы –біріншілік эктодерма немесе эпибласт.Эпибласт құрамындағы жасушалардан эктодерма, мезодерма және хорда дамиды.
Деляминация сатысында екі жапырақша пайда болады, сыртқы –біріншілік эктодерма немесе эпибласт.Эпибласт құрамындағы жасушалардан эктодерма, мезодерма және хорда дамиды.
Екінші жапырақшасы – гипобласт,құрамына ұрықтық және ұрықтан тыс энтодерма материалдары кіреді.
Ұрықтық дамудың 8-тәулігінде эпибласттан амнион көпіршігінің төменгі қабырғасы, гипобластан сары уыз көпіршігінің жоғарғы бөлігі дамиды.
Иммиграция нәтижесінде жасушалар көшеді.
Иммиграция нәтижесінде жасушалар көшеді.
Ұрықтың бас бөлігіндегі бір топжасушалар тобынан біріншілік түйін п.б , бұл түйіннен хорда бастауы қалыптасады.
Біріншілік жолақтың материалы сыртқы жапырақша мен ішкі жапырақша арасында көшіп, мезодерманың екінші қанатшасын қалыптастырады.
Нәтижесінде ұрвқ үш қабатты жалпақ дискі тәрізді болып , кұрамында экто-мезо-энтодермадан тұратын қалыпқа енеді.
Адамда үш ұрықтық жапырақтың бәрі ерте түзіледі. Ұрық денесі қалыптаса бастағанға дейін амниондық көпіршіктің қабырғасын құраушы ұрықтан тыс эктодерма, сарыуыз қапшығы қабырғасының ұрықтан тыс энтодермасы және төл көпіршігінің қуысында, ұрықтан тыс мезодерма пайда болады. Амниондық және сарыуыз көпіршіктерінің жанасқан жерінде ұрық қалқаншасы пайда болады. Ұрық қалқаншасы ұрықтың денесін құрайтын материал. Амниондық көпіршіктің негізіндегі биік цилиндр тәрізді жасушалар ұрықтың эктодермасын, ал оның астындағы жасушалар оның энтодермасын құрайды.
Адам мен жоғары сатыдағы маймылдардың дамуында аллантоис елеулі рөл атқармайды, шала жетілген күйінде қалады. Жатыр қабырғасына қараған хорионның бөлігіндегі бүрлер күшті дамып тармақталып жатырдың кілегей қабықшасының ұлпаларымен қосылып планцетаны құрауға қатысады.
Сүтқоректілердің жұмыртқа клеткаларында сарыуыз болмайды. Олардың зиготаларының бөлшектенуі толық болса да біркелкі және біріңғай (синхронды) емес. Бөлшектенудің нәтижесінде тығыз морула пайда болады. Моруланың клеткалары көп ұзамай (тышқан ұрығында 16 бластомерлі сатысында) сыртқы ақшыл және ішкі тығыз орналасқан күңгірт клеткалар болып екіге бөлінеді. Сыртқы ақшыл клеткалардан пайда болатын трофобласт жатырдың шырышты қабықшасымен түйісіп сол арқылы ұрықты қоректендіреді. Ішкі ірі күңгірт клеткаларын эмбриобласт немесе ұрық түйіні дейді. Содан ұрықтың өзі пайда болады.