Тақырыбы: «Адамның дүниеге танымдық көзқарасы»



Дата04.01.2022
өлшемі66,49 Kb.
#108972
Байланысты:
1508-29a Жұмаева Н.
ЕСЕП, ЕСЕП, Заманауи психологияның салалары, Документ Microsoft Word, Реклама на каз (1), ИГА 1, 4 praktika




Эссе

Тақырыбы: «Адамның дүниеге танымдық көзқарасы»




Тобы:1508-29a

Орындаған: Жұмаева Н.

Қабылдаған: Бегдаулетова Қ.

Шымкент 2021

Адамның танымдық қызметі. Адамзат жаңа білімдерді иеленуге әрқашан да ұмтылғаны белгілі. Болмыс құпияларын меңгеру жолында адамзат зерденің шығармашылық белсенділігінің жоғары ұмтылыстарын көрсете білді. Өзінің мыңжылдықтар бойғы дамуында ол әртүрлі құбылыстардың мәніне жан-жақты әрі терең үңілудің ұзақ және күрделі жолынан өтті. Табиғаттың, қоғамдық өмір мен адамның өзінің сансыз көп қасиеттері және заңдары ашылды, талай рет дүниенің суреттемесі өзгерді. Қазіргі уақытта адамзат білімі аса бай әрі күрделі жүйені құрайды. Оның осы қазынасының ұрпақтан-ұрпаққа, бір халықтан екінші халыққа таралуы мәдени тұрғыда жүзеге асырылуда.

Философтардың барлығы да таным теориясының мәселелері төңірегінде ой қозғайды.

Гносеология – айнала дүниені тану туралы философиялық пән. Таным теориясы мен гносеология(грек. gnosis – білім, таным), - философиямен бірге оның іргелі бөлімі ретінде пайда болып қалыптасты. Ол адам танымының табиғатын, білімнің формалары мен түрін тереңнен бойлау әдістерін зерттейді.

Таным теориясының негізгі ұғымдары. Гносеологиядағы орталық ұғымдарға “таным субъектісі” мен “таным объектісі”, “білім”, “таным” жатады.

Таным субъектісі деп белгілі бір мақсатқа бағытталған танымдық қызметті атқарушыны айтамыз. Ол – бірдеңені танып білуге тырысушы. Ол адам немесе тұтастай қоғам болуы мүмкін.

Таным объектісі деп танымдық қызмет неге бағытталған болса, соны айтамыз. Демек, ол – танылушы, мысалы: молекула, атом, адам, тұтас табиғат. Таным объектісі материалдық және рухани құбылыстар, сонымен қатар субъектінің өзі де болуы мүмкін.

Білім – реалды дүниенің объективтік заңды байланыстарын өз қызметінде бейнелейтін және идеалды түрде жаңғыртатын адам санасына берілген субъективтік реалдылық.

Таным – адам қызметінің қоршаған дүниені және ондағы өзін-өзі тануға бағытталған арнайы түрі. Адам таным бойынша әрекеттің екі негізгі түрін жүзеге асырады.

-қоршаған дүниені алдыңғы ұрпақтардың танымдық қызметінің нәтижелері арқылы таниды (кітаптар оқиды, білім алады, материалдық және рухани мәдениеттің барлық түрлерімен қауышады);

-қоршаған дүниені тікелек таниды (яғни, әлдебір жаңалық ашады).

Таным – үнемі тереңдетіліп және кеңейтіліп отыратын білім алу және дамыту үдерісі, нәтижесінде жаңа білім алынатын таным объектісі мен субъектісінің әрекеттесуі қалыптасады. Білім әрқашан практикалық бағытталған сипатта болады. Егер белгілі бір идеяға практикалық қажеттілік туа калса, онда олар университет зертханалары мен кафедраларына қарағанда өндірісте, практикада тез жүзеге асырылады.

Дүниенің танымдылығы мәселесіне қатысты негізгі тұрғылар. Ғасырлар бойы адам ойы талмай ізденіп келе жатқан мәселелердің бірі – таным қаншалықты мүмкін, яғни дүниені принципті түрде алғанда, танып білуге бола ма деген мәселе. Расында, әлем шексіз, ал адам шектеулі, ол шектеулілік тәжірибесі шеңберінде шексізді біле ала ма? Осы сұрақтың жауабына қатысты философия тарихында 3 негізгі тұрғы бар, олар: скептицизм, оптимизм (гностицизм) және агностицизм.

Скептицизм (грек. skeptikos – ойланушы, зерттеуші)- баяғыдан бері жалпы қабылданған, тіпті аксиомаға айналған қағидалардың ақиқаттығына күмәндану.

Агностицизм (грек. a – емес, gnostos - білім) – дүниенің танылмайтындығы туралы ілім. 1869 жылы ағылшын биологі Т.Гексли өзінің философиялық ұстанымын осылай атаған. Агностиктердің ұстанымы бойынша, адам әлемді тек шекті түрде ғана таниды немесе мүлдем тани алмайды.

Гностицизмді жақтаушылар танымның қазіргісі мен келешегіне оптимистік тұрғыдан қарайды. Олардың пікірі бойынша, дүниені тануға болады, адамда танымның шексіз мүмкіндіктері бар.

Сезімдік таным және оның формалары. Сезімдік таным – адамды сыртқы дүниемен тікелей байланыстыратын сезім органдары арқылы ақпараттар алумен жүзеге асырылады. Сезімдік таным шындықты бейнелейтін сезімнің берілуіне негізделген. Олар адамның сезім органдарының мүмкіндіктерін кеңейтеді. Сезімдік танымның негізгі формалары түйсінім, қабылданым және елестетім жатады.

Түйсінім - нәрсенің белгілі бір сапалық жағының бейнелі көрінісі болып табылады. Ол сыртқы нәрсенің сезім органдарына әсер етуінің негізінде туындайды. Көру түйсінімі нәрсенің формасы, түсі туралы мағлұматтар береді. Есту түйсінімі қоршаған ортадағы дыбыстық тербелістердің түрлерін адамға жеткізеді. Теріміз арқылы қоршаған ортадағы температураны, денеге түрлі факторлардың әсерін, олардың қысымын және т.б. сезінеміз.

Қабылданым дегеніміз – бірнеше сезім органдарының бірлесіп жұмыс атқаруынан пайда болатын объектінің тұтас бейнесі. Мысалы, көрудің және теріміз арқылы түйсінімнің негізінде нәрсенің формасы мен түр-түсінің тұтасырақ бейнесі пайда болады. Түйсінімдер мен қабылданымдар негізінде елестетімдер қалыптасады.

Елестетім дегеніміз – өткен уақытта сезім органдарына әсер еткен, бірақ қазіргі сәтте қабылданып тұрмаған нәрсенің жалпыланған сезімдік-көрнекі бейнесі. Түйсіну мен қабылдау адамның нәрсемен тікелей жанасуы кезінде жүзеге асырылады, онсыз түйсінім де, қабылданым да жоқ. Елестету нәрсенің сезім органдарына тікелей әсерінсіз пайда болады.

Рационалды таным және оның формалары. Рационалды таным (лат. latio – зерде, ақыл-ой) – бұл заттардың ішкі мәніне үңілудің, олардың болмысын анықтайтын заңдылықтарын танып білудің құралы болып табылатын адамның ойлауы арқылы жүзеге асатын таным.

Рационалды танымның формаларына ұғым, пікір және ой қорытым жатады.

Ұғым дегеніміз – құбылыстардың жалпы заңдылықты байланыстарын, мәнді белгілерін бейнелейтін ойлау формасы. Қазіргі кезде жалпы ғылыми ұғымдар үлкен рөл атқарады. Олар түрлі ғылымдардың өзара әсеі мен интеграциясы нәтижесінде пайда болған. Жалпы ғылыми ұғымдар санатына жүйе, модель, ақпарат, ұйым сияқтылар жатады. Адамның дүниені тану арсеналындағы жалпы ұғымдар бар, олар философиялық категориялар делінеді. Оларға сапа, сан, материя, кеңістік, уақыт, және т.б. жатады.

Пікір – нәрселер арасындағы байланыстар мен қатынастардың бар немесе жоқ екендігін ашатын ойлау формасы. Мысалы, ғылым мен практика темірдің электроөткізгіштігін дәлелдеді. Темір мен оның жеке қасиетінің арасындағы байланыс мынадай пікір тудырады: “темір – электроөткізгіш”. Бұл ойлау формасы, әдетте, хабарлы сөйлеммен беріледі.

Ой қорытым – логикалық ойлаудың жоғары формасы. Ой қорытым – бізге белгілі пікірлерден жаңа пікір тудырып алатын ойлау формасы. Мысалы, таңертең терезеге қарап, көрші үйдің төбесінің суланып тұрғандығын көріп, біз түнде жауын болғандығы туралы ой қорытамыз.

Ғылыми таным. Ғылым деп білімді алу, жүйелеу және оны тексеру бағытындағы адам қызметінің түрін айтамыз. Білімнің бәрі ғылыми білімге жатпайды. Олардың жақсы тексерілгендері мен негізделгендері ғана жатады.

Ғылым дегеніміз – адамның табиғат, қоғам және таным туралы білім алуға бағытталған рухани қызметінің ерекше формасы. Ғылымның басты мақсаты – ақиқатқа және өзі туралы шындықтың, табиғаттың, қоғамның, ойлаудың объективтік заңдылықтарын ашу. Ғылым ежелгі заманда, алдымен Қытайда, Үндістанда, Грекияда пайда болды. Ұзақ уақыт бойы ғылым баяу дамыды. Тек XVI - XVII ғ. бастап Батыс Еуропада ғылым қуатты күшке айналып, индустриалы қоғамның құрылуы мен дамуын жеделдетті.

Ғылым және оның қоғамдағы рөлі. Ғылым жаңа білімдер алуға бағытталғын білімнің жинақтылығы мен адамның шығармашылық қызметі және сол қызметтің нәтижесі. Ғылымның қарапайым тәжірибенің тарихи дамуында ақпарлардың, сілтемелердің, қызмет пен пәнге қатысты нұсқаулардың жиынтығы болып табылатын, стихиялық білімдермен салыстырғанда жүйелігімен ерекшеленеді. Ғылым біртұтас бола тұра жеке ғылымдар деп аталатын бір қатар салаларға жіктеледі. Соған орай табиғат туралы ғылымдар жаратылыстану, қоғам туралы қоғамтану; таным мен ойлау туралы логика, гносеология, диалектика болып бөлінеді. Әр ғылым және ғылыми пән міндетті түрде біртұтастықта көрінетін 4 қажетті элементтен тұрады:

1.Ғылым субъектісі – ғалым. Бұл жеке адам да, ғылыми ұжым да (зерттеуші топ, зертхана, ғылыми-зерттеу институты және т.б.), ақыр соңында, тұтас қоғам да болуы мүмкін.

2.Объект (нәрсе, пән саласы), яғни берілген ғылымның немесе ғылыми пәннің зерттейтіні.

3.Ғылымға тән және оның пәнімен шарттасқан әдістер мен тәсілдер жүйесі.

4.Өзіндік табиғи немесе жасанды, қолданбалы тіл (белгілер, терминдер, символдар, химиялық формулалар және т.б.).

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет