Оқушы: Аруна
Анама хат
Қарағым, айналайын, қамқор анам
Арнап хат жазайын деп алдым қалам.
Сенi онда, менi мұнда аман сақтап,
Көруге жазғай едi хақ тағалам
Бара алмай, өтiрiкшi болып әбден,
Семейдiң түрмесiнде отыр балаң.
Мал ұрлап, кiсi өлтiрген айыбы жоқ,
Өкiмет- өр зорлыққа не бар шараң
«Үмiтсiз шайтан болсын» деген сөз бар,
Жолдар көп жәннетке де тарам-тарам.
Оқ тиiп он ішiмде ой түсiрiп,
Бiтпеген жүрегiмде бар бiр жарам.
Алданып тамағыма, оны ұмытсам,
Болғандай жегенiмнiң бәрi харам.
Оқушы: Ерсұлтан
Адамнан туып, адам iсiн етпей,
Ұялмай не бетiммен көрге барам
Көп айтпай, қысқасынан сездiретiн
Балаңның мiнезi бар сөзге сараң.
Кетер деп «суға құлап, отқа түсiп»
Қайғы жеп, менiң үшiн болма алаң,
1-оқушы: Репрессия құрбаны болған Ахмет Байтұрсынұлының тағдырынан сахналық көрініске кезек берейік.
Сот үрдісінен көрініс
Достарыңызбен бөлісу: |