Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы – кемеңгер қоғам қайраткері Мақсаты



бет2/9
Дата08.04.2022
өлшемі27,88 Kb.
#138446
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Ахмет

1-оқушы: Зерегүл
​Биылғы жыл халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын- аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 145 жыл толған мерейлі жыл. 
2-оқушы: Наркен
Ахмет Байтұрсынұлы- қыры мен сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914- 1915 жылдан 1927- 1928 жылға дейін пайдаланылып келді. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының “Әліпбиімен” ашып, ана тілін Байтұрсынұлының “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді.
3-оқушы:Тоғжан
Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ ән-күй өнеріне де терең ой жіберген ғалым. А.В.Затаевичтің айтуынша, ол шебер домбырашы, әнші болған. Халық әндерін, күйлерін жинаған және олардың шығу тарихын да білген. 
4-оқушы: Арай
Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882- 84 ж. әуелі көзі қарақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886- 1891 ж. Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып, білім алады. 
5-оқушы:Әмина
1895 жылы 1 маусымнан бастап мұғалім болады. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы атырабында бала оқытады, өмір, тіршілік күресіне араласады, әділет үшін күреседі, байларға қарсылық білдіреді, патшаның отаршылық саясатын айыптайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет