Қозы: «Тақсыр-ай, еш жазығым жоқ қой менiң,
Жәбiр қой бiреу үшiн күйдiргенiң»
Қасқыр: «Үндеме! Жетер! Қазiр мұрсатым жоқ
Тұруға ақ-қараңды тергеп сенiң.
Алыпсың жаман әдет қарсыласып,
Сенiмен тұрам ба мен мылжыңдасып.
Айтайын, бiлгiң келсе, Қозым, саған,
Кiнәң сол- жегiм кеп тұр қарным ашып».
Автор:
«Шошиды Қозы байғұс құлқын танып,
Құтылар бiлгенменен онан нағып
Болсын ба Қозы жұмыс Қасекеңе,-
Жөнелдi иығына салып алып.
Орманға Қасқыр кеттi Қозыны алып,
Белгiлi етер iсi алып барып.
Осындай жазықсызды жазғыратын
Әр жерде күштiлер де бар ғой қалып.
Қасқырдың зорлық болды еткен iсi,
Ойлаймын – оны мақтар шықпас кiсi.
Нашарды талай адам талап жеп жүр,
Бөрiден артық деймiз оның несi».
«Өгіз бен бақа» мысалынан көрініс Автор: Бір Өгіз айдын шалқар көлге келді,
Жағалап суаты бар жерге келді.
Шілденің сарша тамыз ыстық кезі,
Бек қатты қаны қашып шөлдеп еді.
Су ішіп, көлдің шықты жағасына,
Мал еді көз тоятын қарасына.
Артықша бір көлбақа күншіл екен
Сол көлдің бақасының арасында.
Өгізді суға тойған Бақа көрді,
Секіріп көршісіне жетіп келді.
Бақа: «Боламын мен де сонау Өгіздей», - деп,
Жел тартып, ісіп-кеуіп, қарнын керді.
Сұрады жолдасынан: «Толдым ба? - деп,
-Өгіздей анау тұрған болдым ба?» - деп.
Өгіз бен екеуіне қарап тұрып,
Жолдасы жауап берді сондай бүй деп:
Бақа-2:_«Өгіздей_болу_саған_қайда,_шырақ,_Араңыз_екеуіңіздің_тым-ақ_жырақ._Онымен_бірдей_болып_толмақ_түгіл,_Қалпыңнан_асқан_жоқсың_артығырақ»._Бақа'>Бақа-2: «Өгіздей болу саған қайда, шырақ,
Араңыз екеуіңіздің тым-ақ жырақ.
Онымен бірдей болып толмақ түгіл,
Қалпыңнан асқан жоқсың артығырақ».
Бақа: «Қарашы, енді қандай болдым?» - деді, -
Міне, мен жаңа әбден толдым», - деді.
Жолдасы тағы қарап денесіне:
Бақа-2: «Қалпында қараң менен формың», - деді.
Автор: Дүниеде мұнан күншіл кем-ді Бақа,
Зорланды қарнын керіп енді Бақа.
Шыдамай жұқа қарын керуіне,
Жарылып сол арада өлді Бақа.
Күнәсі күндегеннің жаман қатты,
Күндеме біреуге Алла берген бақты.
Өгізді күндеп, сондай боламын деп,
Көлбақа онан қанша пайда тапты?!
Әуелде Құдай өлшеп берген дене,
Қаншама зорлағанмен артылмапты.
Нақыл сөз «Әлін білмес әлек» деген
Осындай әуре болған жаннан қапты.