Байланысты: «Алаш» ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздері реферат
3. « Алаш » ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздері . Алаш идеясының негізгі өзегі болып табылатын мемлекеттілік дәстүрін жаңғырту , ұлт тарихын , тілін , мәдениетін сақтау мәсе лелері қазақ зиялыларының ұранына айналды . Сондай - ақ батыс мәдениетіне назар аудара отырып , әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің тәжірибесіндегі ең үздік әлеуметтік - экономикалық және саяси жетістіктерін қабылдауды жақтады . Алаш зиялылары қазақ елін Батыс Еуропа өркениеті деңгейіне жеткізуді мақсат етті . Алаш идеясының негізгі ұстанымдары : біріншіден , Алаш зия лылары « жер жекеменшікке де , қоныстанушыларға да берілмесін .
« Жерсіз Отан жоқ » деді . Екіншіден , елдегі барлық игілік халыққа қызмет етуі керек . Үшіншіден , Қазақстан Ресей империясының қүрамына енуінен бастап қалыптасқан экономиканың шикізаттық сипатынан бас тартып , қазақ елі толықтай экономикалық тоyел сіздікке қол жеткізуге ұмтылуы тиістігі » айтылды . Төртіншіден , қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл , діл , дін үстемдігі болуы керек . Бесіншіден , гылымга , ұлттық салт - дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып , ұлттық демократиялық мемлекет құру еді . Алтыншыдан , қазақ жеріне түрлі жағдайларда келген барлық ұлт өкілдері үшін ортақ Отаны Қазақстанда тұруға барлық кепілдіктер мен құқықтары сақталынады . Мемлекет ғылымга негізделіп дамыған елдердің жетістіктерін үлгі тұтуы қажет . Дін істері мемл болінген , зайырлы біртұтас демократиялық мемлекет құру қажеттігі айтылды . Алаш идеясының өзегі ұлттық мемлекет қүру еді . Алаш идеясының негізгі тұжырым дамаларының олесті тұстарын Қарқара лы петициясынан , « Алаш » партиясы бар- дарламасынан жоне үлттық - демократиялық қозғалыс ірі өкілдерінің еңбектерінен көре аламыз . Олардың ішінде Әлихан Бөкейханның қоғамдық - саяси тұрғыдагы ой пікірінің маңызы зор .
4